- •1 Дәріс. Басқарудың технологиялар негіздері.
- •Басқару процесіндегі тура және кері байланыс функциялары.
- •Ақпараттық жүйе туралы түсінік
- •3, 4 Дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
- •Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
- •Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері
- •Ақпараттық технологияларын жіктелуі
- •Басқару процесін автоматтандыру құралдары
- •Программалық жабдықтау типі бойынша
- •Қолданушылық интерфейс типі бойынша.
- •Программалық өнімдер жіктелуінің элементтері
- •Ішінара өзара әрекеттесу әдісі бойынша.
- •Ақпараттық технологияны таңдау критерилері
- •Ақпараттық технологияларды құрудың методикалық негіздері
- •5 Дәріс. Экономикалық жүйедегі ақпараттың сипаттамасы Экономикалық ақпараттың ерекшеліктері.
- •Ақпаратты кодтаудың (таңбалаудың) жүйесі.
- •Таптастыру жүйелері
- •Ақпараттық өнімдердің күрделендіруі
- •Сыйысушылық қамтамасыз етуі
- •Аралық буындардың жоюы
- •Жандантыру (Глобализация)
- •Конвергенция
- •Мәліметтерді өңдеудің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Басқарудың ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Кеңсені автоматтандыру
- •Негізгі компоненттер:
- •Компьютерлік конференция және телеконференция
- •Шешім қабылдауды қолдау ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •Эксперттік жүйенің ақпараттық технологиясы
- •Негізгі компоненттер
- •10 Дәріс. Ақпараттық жүйенің және ақпараттық технологияның сапасы мен стандарты Ақпаратты технологияны стандарттау жүйесі.
- •11 Дәріс. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі
- •Ақпараттық заңнама.
- •Ақпараттық қауіпсіздік.
- •Ақпараттық жүйелерді қарақшылықтан қорғау.
- •Кіру рұхсаты шектеулі ақпараттарды сақтау.
- •Компьютерлік технологиялардағы вирустар мәселелері.
- •Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.
- •12 Дәріс. Желілі технологиялардың сипаттамасы және тағайындау Компьютерлік желілердің мүмкіншіліктері
- •13 Дәріс. Желілік технологияның сипаттамасы және тағайындалуы
- •14,15 Дәрістер. Жергілікті есептеуіш желінің жалпы сипаттамасы Жергілікті есептеуіш желі
11 Дәріс. Ақпаратық технологияның құқықтық қамтамасыз етілуі
Жаңа ақпараттық және Телекоммуникациялық технологиялардың енгізілуі экономика, саясат, мемлекет, қоғам мен азаматтың белсенді әрі әсерлі дамуына бірегей мүмкіндіктер туғызды. Мұнымен қоса, бұл үрдістердің өңделуі кезінде жеке адамдардың, ұйымдар мен мемлекеттік органдардың міндеттемелерімен байланысты бірнеше заңбұзушылық пен қылмыстық істер кездеседі. Осыған орай заңнамада «Ақпараттық құқық» атты бөлімше құрылып, дамып келеді. Ақпараттық құқық актілеріндегі ақпараттық технологияларды құрушы мен пайдаланушы арақатынасы, субъектілердің құқықтары мен бостандықтары, ақпаратты сақтап, тарату сынды үдістер заңдар мен нормативтік құқықтық актілер көмегімен іске асырылады. Ақпараттық құқық бөлімшесінің бақылау объектілеріне ақпарат, программалық және компьютерлік құрал-жабдықтар мен мәліметтер қоры жатады.
Субъектілер арасында екі категорияны бөліп қарастыруға болады: жүйені эксплуатациялайтын өңдеушілер мен мамандар.
Ақпараттық құқықты бұзу компьютерлік қылмыспен және ақпараттық заңнама нормаларын бұзумен байланысты.
Ақпараттық технологияларды құру және пайдалану кезінде тңмендегілермен байланысты заңдық қатысулар пайда болады:
ақпараттық ресурстарды құру және тарату құқығымен;
ақпараттық өнімдерді пайдалану құқығымен;
жиналынған ақпараттарды іріктеудің әдістері мен тәсілдері және ақпаратты орналастыруға қатысты интеллектуалдық меншік құқығымен:
машиналық тасушыға заттық меншік құқығымен:
ақпараттық ресурстардың анықтығы, сапасы, толықтығы және ресурстардың маңыздылығы үшін субъект-тұтынушының жауапкершілігімен;
қауіп-қатердің барлық түрінен ресурстарды қорғау жауапкершілігімен.
Осы жағдайларға орай заң шығару сферасында құқықтық қатысуды реттеу қажеттілігі туындады.
Ақпараттық заңнама.
Қауіпсіздікті әсерлі жүйесінің халықаралық стандарты ISO 17799 2000 жылы өңделді. Ол халықаралық стандарттау ұйымы (International Organization for Standartization , ISO) және халықаралық электротехникалық комиссия (International Electrotechnical Commission , IEC) арқасында құрылды. Бұл стандарт ресми құжат болып табылады. Құжат ақпараттық қауіпсіздік, басқарма элементтеріндегі техникалық , ұйыми-әкімшілік шаралар мен ақпараттың конфеденциалдығы, толықтығы, анықтылығы жөніндегі барлық сұрақтарға жауап береді.
Ақпараттық қауіпсіздік.
Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз- ақпараттық сферадағы жеке тұлғаға, қоғам мен мемлекетке қатысты маңызды ақпараттың қорғалу жай-күйі. Ақпараттық сферада қауіптің 3 түрлі категориясын қарастыруға болады:
жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің бостандығына, ақпараттық құқығына төнетін қауіп;
сапасыз, жалған, дезинформациялардың әсер ету қаупі;
бөгде адамдардың ақпаратқа санкциаланбаған, құқықсыз әсер ету қаупі.
Бірінші категориялы қауіп жеке тұлғаның, қоғм мен мемлекеттің құқығы мен бостандығына қатысты. Сондықтан, өндіріс құқығы,тарату, іздеу, алу, ақпаратты пайдалану мен жіберу, интеллектуалдық және заттық меншіктік құқық қорғауға алынады.
Ақпараттың, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың барлық түрлері дезинформация мен жалған информациялар әсерінен сақталуы керек.
Үшінші категориялы қауіп, әсіресе кіру мүмкіндігі шектеулі ақпараттарға қатысты. Ақпараттық сфераның барлық салаларында жеке тұлғаның құпиясы сақталатындай етіп қорғау құралдары іске асырылуы керек.
