Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

Билет – 16

9-13 ғ. ғылым мен мәдениеттің дамуы. Белгілі ғалымдар Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи және т.б.

Жүсіп Баласағұн 11 ғ-да атақты тарихи әдеби шығармашылардың бірі. Ж.Баласағұнның Құтадғу Білік деген шығармасы орта Азия, Қазақстандағы түрік тілдес халықтың алдыңғы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші. Онда 11 ғ. түркі әдебиетінің жазу үлгілері көрініс тапқан. Дастанда мемлекеттік қолөнершілер – саудагерлер, медицина, астрономия, тіл білімдерінің маңызы туралы айтылады. Шығармаға қарағанда ақын Әл-Фараби ибн Сина Беруни философиясымен, дүние таным шешімімен жақсы таныс болды. Махмұд Қашғари Ыстықкөл жағасын Барысхан қаласынан шыққан М.Қашғари ұзақ саяхаттан кейін 1074 ж «Диуани лұат ат түрік» шығармасын жасады. Бұл шығармада тіл тану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма түркі тілдес халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдеп-ғұрпына және тіл туралы тіршіліктану ғылым туралы ұғым беретін теңдесі жоқ тарихи ескерткіш болып табылады.

Ахмет Яссауи 12 ғ-да Яссы (Түркестан) қаласында туған. Қожа Ахмет Яссауи атақты ойшыл әрі ақын болған. Ол мұсылман дінін таратуда ат салысқан. 14 ғ.Ақсақ Темір оның басына зәулім кесене тұрғызған. Ол түрік тілінде «Диурия Хикмет» (даналық кітап) өлеңдер жинағын шығарған. Соның бірі Сүлеймен Бақырғани болған. Оның артынан өнеге насихатқа толы өлеңдер қалдырған. Ахмет Яссауи жайлы айтқанда оның ұстазы Арыстан баба есімі қатар айтамыз. Халық арасында «Арыстан бабаға түне. Қожа Ахметтен тин» деген сөз бар. Дертіне дауя іздеген адамдар Арыстан баба мазарына түнеп, содан кейін Қожа Ахмет мазарына зиянат етеді.

19ғ 2-жарт. Қаз-да капиталистік қатынастың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табы-ң ұлттық отрядының қалыптаса бастауы.

19ғ. 2-жарт. Ресейдің капиталистік өнеркәсіптері қазақстандағы ауылшаруашылық өндіріс арасында қатынас күшейді. Сауда өсуін шапшаңдатты Ресейдің Қаз-ға ақшадай салық салуы олардың өнімдерінің бір бөлігін рынок арқылы саудаға салу мәжбүр болды.Мал астық тауарға айналды. 70-80ж. Ресейде фабрикалық тоқма өндірісі шапшаң өсуімен байланысты. Қаз-н рыноктарына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен тұрмыста

қолданылатын бұйымдар қаз-да көтеріңкі сатылды (самаурын,ошақ,қазан, балта т.б. ) қазақтар малға айырбас жасады. Олар қандай шарт болса да келісуге мәжбүр болды. Жәрмеңке саудасы енгізілді тұңғыш жәрмеңке 1832ж. Бөкей ордасында ашылды.1848ж. Қарқаралы уезінде Қоянды жәрменкесі ашылды. Жәрмеңке қазақтар Ресейдің арасындағы капиталистік байланысты нығайтты. Қаз-да дүкендер, көтерме сауда қоймалары көбейді. Осы кезде қаз-да 30-астам қала 400 қазақ –орыс поселкілері пайда болды. Қалаларда әскери адамдар. Құрамындағы азаматтар саудалар. Қазақ ұлықтары тұрды.кен өндіру маңызды сала б.т.1896ж. Қарқаралы уезінде шойын,мыс.170 күміс қорғасын ,8 темір т.б. жұмыс істеді.19ғ. 70ж.Ішкі Ресейден Қаз-ға теміржол тартылды. 1874-96ж Орынбор теміржол салынды Торғай мен Орынбор облысын Ресеймен жалғастырды.1880-90ж.Каспий теңізінің Шығысын Ташкентке дейін теміржол салу қолға алынды. Ғасырдың аяғына қарай почта-телеграф қатынастары Мәскеу ,Петербург,Алтай және Орта Азияның басқа қалаларын байланыстырды. Жұмысшы саны көбейе бастады. Олтап бірнеше ұлттық құрамындағы жалақысы өте аз болған еді.

Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан ның мә дениеті (1946-1970)

50 жылдың ортасында колхозшыорта есеппен 16,4 сом жұмысшы қызметкерлердің алатын жалақысынан 4 есе кем алды. Үкімет жүргізген азық –түлік саясаты да ауыл еңбекшілерінің әл – ауқатын көтеруге қызмет етпеді. Себебі ауылшаруашылық өнімдерін өте арзан бағамен сатып алды. Алтын ғасырдың шындығы осы Кеңес тарихшылары 1946 ж. КСРО – ң көптеген аудандарын аштық жайлағанын жасырып келді. Нан, ет, сүт жетпеді. Халық арасында аштықтан өлу фактілері орын алды.Мемелекеттік мектептерде білім алуды жетілдіру үшін қаражат бөлуді арттырды.1946 ж. 35,6 млн жұмсалса,1950 ж. 186,5 млн сом жұмсалды.Интернаттар қаланды. 1953 ж. оларда 40 мыңға жуық балалар оқыды. 50 ж. мемлекет республика үкіметі міндетті түрде білім алуга көшті, облыстарда,қалаларда 10 жылдық білім алу жүзеге асырылды. Кешкі және сырттай оқитын мектептер ашылып жатты. Осыған қарамастан оқу орындары мектеп және оқитын бөлме оқулықтар жетіспеді. Оқушылар саны да аз болды. 1947 ж. М. Әуезовтың “Абай” роман эпопеясының І томы аяқталды.1949 ж. “Абай” кітабы үшін М. Әуезовке КСРО-ң І дәрежелі мемлекеттік сыйлығы берілді.Замандастарының қиыншылығы қуаншылығы туралы С. Мұқанов“Сырдария” , Ғ. Мұстафин “Миллионер” романдары да көркемдік бейнелерін тапты.Қазақ КСР Ғылым академиясынын ғылыми зерттеу институтында Қазақ мемлекеттік университетін жалпы зиялы қауым арасында күдік үрей орын алып, ішкі жауларды іздей бастады. Турасын айтканда 1937 – 1938жж. орын алған хал – ахуал орын алды. Ауылмен салыстырғанда қала адамдар саны тез өсті. Қала тұрғындарының бұлай өсуі өнеркәсіптің, ғылым мен мәдениеттің тез дамуы себеп болды. 1959 ж қала тұрғындарының үлес салмағы 44% ға жетті. 1970 ж. басында республика бойынша жалпыға білім беруде 10154 мектеп жұмыс истеп, онда 3 млн 226 мың оқушы білім алды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]