Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆

Билет – 19

Наймандар мен керейлердің этносаяси тарихы.

Батыс моңғолияны екен еткен наймандар Шыңғыс ханның тегеуіріне шыдамай ығысып Жетісуға келді. Ондағы қарақытайлықтарды жеңіп билікті өз қолына алды. Хрестьян дініндегі наймандар қарақытайлардың саясатын ары қарай жалғастырып, Жетісу халқын шоқындыра бастайды. Найман-8тайпа. Бұған қарсы мұсылмандар қозғалысы күшейді. Олар Шыңғыс ханның шапқыншылығынан ыдырайды. Шаруашылығы көшпелі шаруашылық аң, балық аулауды кәсіп еткен. Олар киіз үйде тұрған. Сауда айырбас түрінде жүрген. Найман жері ондық, жүздік, мыңдық деп бөлінді. Іс қағаздар ұйғыр жазуымен жүоргізілді. Керейлер деректеріне қарағанда избу тайпаларына байланысты ол түркі және моңғол тілді жұртын құрды. Олардың батысында найман, солт. меркктер, шығ. татарлар, оңт. тұңғыттар тұрды. Олардың көсемдерінде орда болды.1. Орхон өзенінің бойындағы қатынбалық. 2. оңт орда хунхе өзенінің теріскені. 1007ж керейлер наймандармен бірге хрестьян дінін қабылдады. Олар ұйғыр мәдениетінің ықпалында болды. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметшілеріне ақсүйектер өкілін жинаған. 12ғ аяғында Тимучин татарлар талқандаған соң 1203ж керейлерді, 1206ж наймандарды өзіне бағындырды.

Тұнғыш қазақ ғалымы Ш.Уалиханов және Қаз-ның және орталық Азияның тарихын этнографиясы мен географиясын зерттеудегі үлесі.

Шоқан(Мұхаммедқанафия) 1835ж қараша айында Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уалиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Кейін туған елі-Көкшетауға көшіп келді. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен. Ол бес жасында хат таныған. Қазақ мектебінде арабша жазуды және сурет салуды үйренеді. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін үйренеді. 1847-53ж. ол Омбыдағы Кадет корпусында оқиды. 1853ж. Кадет корпусын бітіріп, атты әскер корист деген атақ алып шығады. Ол Қырғызстанның батыры «Манас» туралы жырды ел аузынан алғаш рет жазып алды. Ол ғылыми зерттеу жұмыстарын жасауға кіріседі. Алдына мақсат қояды. Мақсаттарының орындалуында оған атақты географ П.П.Семенов, Тянь-Шанский ықпалы зор болады. Ол 22 жасында орыс география қоғамының толық мүшесі б., Семенов, Тянь-Шанский ғылым үшін жұмбақ болып келген Қашқар өлкесіне экспедиция ұйымдастырды. Оған Ш.Уалиханов басшылық жасайды. Бұл ұсынысты генерал-губернатор (Сібір) Гасфорт қолдайды. Шоқан осы ұсынысты қолдап экспедицияны бастап 1858ж. қазанында Қашқарияға саяхат жасайды. Ол саяхат Шоқанның даңқын бүкіл елге жаяды. Бұл саяхаттарда жинаған материалдары арқылы «Алтыншаһар» және Қытайдың Наи-Лу провинциясының шығысындағы алты қаланың жайы атты еңбегі Германияда содан соң Лондонда басылып шықты. Бұл оның тұңғыш еңбегі болды. Осыған байланысты патша өкіметі 1860ж. оған Штаб родмейстер әскери атағын төрт дәрежелі ізгі Владимир ордені және 500 сом күміс ақша берді. 1861ж. ол өкпе ауруымен аурып, өз еліне қайтарылды. 1865ж. сәуірде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен тоғаны деген жерде Тезек сұлтанның ауылында қайтыс болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]