- •Билет – 1
- •Билет - 2
- •Билет – 3
- •Билет – 4
- •Билет – 5
- •Билет – 6
- •Билет – 7
- •Билет – 8
- •18 Ғ қазақ мәдениеті бұқар үмбетей ақтамберді және т.Б шығарм.Ры
- •Билет – 9
- •БИлет – 10
- •Билет – 11
- •Билет – 12
- •Билет – 13
- •Билет – 14
- •Билет – 15
- •Билет – 16
- •Билет – 17
- •Билет – 18
- •Билет – 19
- •1986 Желтоқсандағы Алматы оқиғасы, қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •Билет – 20
- •Билет – 21
- •21,3 Тәуелсіз қр-да жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •Билет – 22
- •Билет – 23
- •Билет – 24
- •Билет – 25
- •Билет – 26
- •Билет – 27
- •Билет – 28
- •Билет – 29
Билет – 23
Көшпелі өзбек мемлекеті, Әбілхайыр ханАқ Орда мем-ті екіге бөлінді: Ноғай ордасы, Әбілхайыр хандығы н/е көшпелі өзбек мем-ті. Ордасы-Сығанақ. 1428 ж. Ақ орданың соңғы ханы Барақты өлтіріп билікке Шайбани ұрпағынан Әбілхайыр келді. Әбілхайыр хандығы н/е көшпелі өзбек хандығы д.а. 1428ж. Әбілхайыр Батыс Сібір территориясын өзіне қосып алды. 1456-1457ж. Сығанақ түбінде Әбілхайыр Үз-темір патша бастаған ойраттардан жеңілді. Әбілхайыр хан Сыр бойындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Есен Бұғамен соғысады. Әбілхайыр қол аясындағы Керей мен Жәнібек әкелері Барақты өлтірген. Әбілхайырмен келіспей Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып Моғолстан ханы Есен Бұғаға барады. Есен Бұға оларға ең шұрайлы жерлері Талас-Шу өзенінің бойынан жер береді. Міне осы жерде 150 мың адамды құрайтын рулармен келеді. Бұл мем-т бір орталыққа бағынатын мем-т болмай, бірнеше иеліктерге бөлінеді. Олардың басында Шыңғыс тұқымдары тұрады. 50ж.ж. Әбілхайыр Мәуренахрдағы Темір ұрпақтарының талас-тартысына килігіп Самарқант Бұқараға тонаушылық жасайды. 1457ж. Әбілхайыр оңт. Шығыс және оңт. Қазақстан жеріне басыт кірген ойраттарға Сығанақ түбінде қатты соққы берді. Әбілхайыр 1468 ж. Керей мен Жәнібекке қарсы соғысқа шығады. Бірақ жолай қайтыс болады. Әбілхайырмен бірге мем-те құлайды.
Россиядағы Ақпан революциясы. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы саясаты.Рев-ң себебі: І-ші дүниежүзілік соғыстың салдарынан туған. Еңбекшілердің ауыр күйі экономикалық күйзеліс саяси правасыздығы яғни патша самодержавасының сақталуы. Рев-ң міндеті. Патша өкіметін құлату. Россияда демократиялық республика орнату, коммунистік жер иеленуді жойып барлық жерді шаруалардың патшасына беру. 8 сағ-қ жұмыс күнін енгізу, ұлттық езгіні жою. Рев-ның қозғаушы күші: жұмысшы табы мен шаруалар. 1917ж. 9 қаңтар 200 стачка, қантар-ақпан 700 стачка. Рев-ң барысы: 1917ж. 18 ақпан Петроградтағы Путилов заводы. 23 ақпан полиция мен алғашқы қақтығыстың басталуы. 21 ақпан «нан» деген ұранның самодержава жойылсын, соғыс жойылсын деген ұранға айналуы. 27 ақпан Петроград соғыс лагеріне айналды. 27 ақпан Петроградта қарулы көтеріліс болып, солдаттар халық жағына шыға бастады, патша режимі құлатылды. Рев-ға қатысқан большевиктер Сараходов, Гордиенко, Колянин ж/е т.б. Ақпан рев-ның басты өзгешілігі сол елде екі өкіметтілік Буржуазиялық уақытша өкімет пен жұмысшы солдат депутаттарының кеңестері п. б. Қазақстанда қазақ интелегенциясын басқарған қазақтың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырылды. Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғұрлым негізді де батыл революциялық бағдарламаларын әрекет жасағаны Әулие ата уезінде Тұрар Рұсқұлов ұйымдастырған қазақ жастарының революцияшыл одағы болды.
ҚР Конституциясы, мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеттіліктер туралы.1991-ші жылдың 16-шы желтоқсанында ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Ал 1993 ж. 28 қаңтарында 1-ші конституциясы қабылданды. Бірақ ол заң жаңа мемлекеттегі барлық проблемаларды шеше алмады, басқару мәселесі шешілген жоқ болатын. Ал бұның өзі оны президенттің үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Көптеген ескертулер айтылды. Соның нәтижесінде 1995 жылдың 30-шы тамызында ҚР жоғарғы кеңесі жазда конституцияны қабылдады. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретінде конститутция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылды. Ол 9 бөлімнен 98 баптан тұрады: 1. Жалпы ережелер, 2. Адамзат және азамат, 3. Президент, 4. Парламент, 5. Үкімет, 6. Конституциялық кеңес, 7. Соттар және сот тірлігі, 8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, 9. Қорытынды және өтпелі ережелер. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады. Конституцияны қабылдау бүкіл халықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Конституцияның ерекшелігі ол бір жағынан екінші жағынан қоғамның негізгі заңы. ҚР конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияда оның ережелері, нормалары тікелей қолданылады деген нұсқау бар. Мұның мәнісін әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдарға әсіресе сотқа өтініш білдіре алады. Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады. Конституция Назарбаев басшылығымен әзірленген.
Қазақ халқының құрылуы, «Қазақ» терминінің этимологиясы: әлеуметтік және этникалық мәні.
Халық деп тілі, тұрмысы, рухани мәдениеті ортақ өзін туыстық тұрғыда ұсынған белгілі бір жерде құрылған қауым. Қазақстанның басынан өткен тарихы бізге белгілі, бірақ халық арасындағы тіл – көне түркі тілі, жазуы түркі жазуы болған. Зерттей келе қазақ халқының қалыптасуы б.з.б. 7-4ғ. Олар қазақ жерін мекендеген тайпалардың өзара араласуы бойынша бірте-бірте халық болып қалыптасты. Бұрынғы өзбек халқына жақын жататын аудандардың халқын қазақтар деп атады. Қазақ халқының құрамына кіргендер: үйсіндер, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, дулат, қоңырат, керей т.б. Нәсілдік билігі жағынан моңғолоидтік типке жатады. Қазақ атауы қайдан шықты? Ол туралы ғалымдар арасында сан алуан пікірлер бар. Батыс шығыстық жазба деректеріне қарағанда, «қазақ» атауы көне түркі тілінде «өз елінен бөлініп шыққан еркін жүрушілер» «еркін адамдар» деген ұғымды білдіреді. Енді бір ерте заманда қазақ даласын мекендеген қазақ халқының құрамына кірген тайпалардың есімімен байланысты: Сақ, Каспий, Қазар, Аз. Онда «қазақ» атауы әр алуан түрде – Аса, Хасақ, Қайсақ, Қасақ, т.б. болып жазылады.
Қазақстанда қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың құрылуы («Алаш», «Үш жүш» т.б) 1917ж. «Алаш» партиясы құрылды. Қазақ газетінің төңіріне топтасқан қазақ интеллегенциясы Мұстафа Шоқай, Дулатов т.б. қазақ жерінде әр түрлі партиялардың қажет екендігін айтты. Бөкейханов, Байтұрсынов басқа да қазақ буржуазиялық инт/я Алаш партиясының жетекшісі болды. Партия мақсаты-қазақ халқын отарлық ізгіден азат ету. 1917ж. Қазақстанда тағы да бір ұлттық саяси ұйым п.б. Ол өзін Қырғыздың «Қазақ» соң партиясы делінді н/е үш жүздің партиясы д.а. бұлпартия большевиктік бағыт ұстады. 1917ж. 17-20 қыркүйекте «Итифок-Ис-Мұсылманин» партиясы құрылды. Шурами-Ислами партиясы оның мақсаты мұсылман халқын біріктіру болды. Әулиеата мен Меркеде қазақ жастарының рев/лық одағы құрылды. Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы құрылды. 1917ж. төңкерілістен кейін Семей, Петербургте, Өскемен, Қостанайда «кадеттер» ұйымы жұмыс істеді. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді конституциялық монархияны қоныстандыру саясатын жақтады. «Эсерлер» ұйымы патшаға қарсы шықты. Жер халық меншігі деп жариялап, бедел жинап алды. Сөйтіп Қазақстанда көп партиялы жүйе қалыптасты.
ҚР мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы ҚР тарихындағы ерекше мәртебелі күні болып есептеледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – туы, елтаңбасы, әнұраны дүниеге келген күні ретінде мәңгі есте қалады. Егеменді Қазақстанның жаңа елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханов. Олар бәйгеге түскен елтаңбаның 245 жобасымен, 64 суреттемесімен жеңіп шыққан. Елтаңбаның жалпы пішіні толық шеңбер кескінін береді. Шеңбер ішіндегі нышан белгі – елтаңба идеясының басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Қазақта «шаңырағың шайқалмасын» дейді. Елтаңбадағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесіне қарап тұрғанда бірден еске түсер ойда осы. Елімізідің туына айналған ұлы идея еркіндік идеясы, жұрт-жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршендік идеясын туғызған қасиетті белгі, барша халқымыздың бойтұмарына айналған. Шеңбер ішіндегі киіз үй шыңайы шеберлікпен шеңдестірілген түндігі – аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Әр бөлшектегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды, қатар тіршілік кешкен басқада ұлт өкілдері бар бірлесіп кереге – уықтай кірігіп, күш жігер жұмсап, аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыздың, тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады. Киіз үй көшпелілер мәденитетінің ғажайып туындысы. Елтаңба композицисын құрап тұрған келесі бір маңызды бөлік – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгізідің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбей шапшаңдылығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай болғанда да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Көшпенділер ұғымында жылқы – түлік біткеннің төресі. Көне түсініктер бойынша киелі көк пырағы адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырады. Ал басқа түліктердің барлығы адамға қызмет етуге жаратылған, бар тіршілігі жер-анамен ғана байланысты деп есептелінеді. Ат болса – адамның қанаты. Елтаңбадағы енді бір назар аударарлық белгілер – маңдайдағы бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс – бітімімізді сақтай отырып, ілеспек ниетіміз бар дегенге меңзейтін бес бұрышты жұлдыз бізге бұрыннан таныс бес бұрыш формасы Күлтегін ескерткішінде де қолданылған. Ол аспан денелерін, әсіресе күн мен айды одан кейін жұлдыздарды қос тұтатын халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұр. Ал елдің аты – Қазақстан – қазақ елі болып өрлеуі көркемдіктігі жағынан да мағыналы жағынан да айтарлықтай ұтып тұр. Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зергер көк нұрдың қосылуы мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіре түскен. 1992 ж. 6-шы маусымда Абай атындағы опера және балет театырының зәулім ғимаратында президент Назарбаев салтанатты түрде ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін» деген еді. Еліміздің туы – қасиетті көк байрақ. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың негізгі ерекшелігі оның түсі. Зеңбір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың еңбір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені адамзаттың бойына біткен өнер өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген. Ерекше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөлеуі әбден заңды. Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғын – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі – қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған адал бүркіті мен рухани болмысымыздағы жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол астарлы айшықтар. Сондай-ақ Геральдикада заңы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып саналады. Табиғаттың төл баласына айналған көпелілер ұрпағы үшін тудағы қанатты қыран – дала бүркітінің де орны бөлек. Бүркіт бейнесі өкімет билігін паш етіп көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі – оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақи өрнек қойылған. өрнек халқымыздың қолдаңбалы өнер мен жеткен ең ұлы табыстарының бірі.
Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа ән-ұраны 2006 жылы қабылданды
