- •Билет – 1
- •Билет - 2
- •Билет – 3
- •Билет – 4
- •Билет – 5
- •Билет – 6
- •Билет – 7
- •Билет – 8
- •18 Ғ қазақ мәдениеті бұқар үмбетей ақтамберді және т.Б шығарм.Ры
- •Билет – 9
- •БИлет – 10
- •Билет – 11
- •Билет – 12
- •Билет – 13
- •Билет – 14
- •Билет – 15
- •Билет – 16
- •Билет – 17
- •Билет – 18
- •Билет – 19
- •1986 Желтоқсандағы Алматы оқиғасы, қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •Билет – 20
- •Билет – 21
- •21,3 Тәуелсіз қр-да жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •Билет – 22
- •Билет – 23
- •Билет – 24
- •Билет – 25
- •Билет – 26
- •Билет – 27
- •Билет – 28
- •Билет – 29
Билет – 22
1916ж. Қазақстандағы Ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.1916ж. Ұлт-азаттық қозғалыс болды. Оған сылтау патша жарлығы. 1916ж. 25 маусымда патша 19-43 жас аралығындағы қазақтың ер азаматтарын жұмысқа алу үшін жарлық шығарды. Қозғаушы күші қазақ шаруалары, жұмысшылар, қолөнершілер. 1916ж. көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Куропаткин генерал-губернатор болып тағайындалды. Ол қалай болса да көтерілісті басып тастауға тырысты. Көтерілістің басшылары: Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ұзақ Саурықов патша үкіметі 14 батальон, 83 жүздік, 12 зеңбірек пайдаланды. Тағы бір орталығы Торғай облысы болды. Көтерілістің сардабегі Амангелді Иманов, ал саяси жетекшісі Жангелдин болды. Жауынгерлердің саны бір мезгілде 20 мыңға жетті. Амангелді жауынгерлері сарбаздар д.а. Оның әскеріне қарсы жазалаушы экспедиция жіберді. Соғыстар татыр, шошқалы қора, т.б. жерлерде болды. Доғалы үрпек түбіндегі соғыс қайғылы болды. 40 сарбазды жазалаушы отряд қоршап алды. Көтеріліске шыққан халықты басып жан ұшты. Көтерілістің сипаты –Ұлт-азаттық империализмге, отаршылдыққа қарсы көтерілістің жеңілу себептері: 1.Ұйымдаспаған.2.Патша Үкіметі әскермен көтерілісті тез арада басып тастап отырды. 3. Қоныстандыру жеделдетті. 4. Байлардың сатып кетуі. 5. Ру аралық қарама қайшылықтар 6. Демократиялық зиялылардың екі түрлі көз-қараста болуы. Біреуі әскерге баруға, екіншісі бас тартуға шақырды. Себебі ұлттық езгі патша үкіметінің зорлық-зомбылығы, жер жайылымдарын тартып алуы (42млн г. Десятина 20млн 1900 жылдан бастап). Салықтардың көбөйуі.
Ақ Орданың құрылуы және көтерілуі. Орыс хан және Тоқтамыс.
Алтын Орда бірнеше дербес мемлекеттерге бөлінді. Ақ Орда пайда болды. Территориясы Сырдария алқабы., Аралдың солтүстік шығыс Есіл Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер кіреді. Астанасы-Сығанақ. Халқы-өзбек-қазақ деп аталды. Алғашқы ханы Сасы Бұға өлген соң баласы Ерзен хан б. Сауда дамып, ислам діні қанат жаяды. Ол шекараларын белгілеп басқаруға өз руынан шыққан сұлтандарды қояды. Ерзеннің баласы Мүбәрак Қожа хан б. Ақ Орданы Алтын Ордадан бөлінуге әрекет жасады, одан түк шықпады. 1354-....ж. феодалдық қақтығыстың 8 ханы қаза тапты. Ақ Орда бірігіп күшейді. Орыс ханы тұсында Ақ Орда тәуелсіздігін жариялады. Ол енді Алтын Ордаға қарсы жорықтар жасалды. 14ғ. 70ж. Орыс хан Астраханды, 1374-75ж. Сарай Беркені жаулап алды. Осы кезде Мауренахр билігі Темір күшейіп алған еді. Орыс ханның қол астында қаза тапқан феодалдықтардың баласы Тоқтамыс қашып Самарқанға барады. Осыны пайдаланған Темір Тоқтамысқа әскер беріп Ақ Ордаға аттандырады. Соғыста Орыс хан өліп, Ақ Орда тағына Тоқтамыс отырады. 14ғ. 80жылдарында Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтан Орданы түгел дерлік жаулап алып, Темірге өздерін тәуелсізбіз деп жариялайды. Екеуінің арасында соғыс жүрді. 1391ж. 200 мың әскерімен шабуыл бастаған Темір 1395ж. Тоқтамыс әскерін жеңіп, Тоқтамыс қашып кетеді. Ол Алтын Ордадағы билікті Едігеге береді.
Қазақстан республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Конституциялық заң. Қазақстан халықтары тарихындағы жаңа кезең.КСРО-ның ыдырауын тездеткен 1991 жылдағы тамыз бүлігі осы жылдың қазанына қарай көптеген республиканың өз тәуелсіздігін жариялауда септігін тигізді. 1991 жылы желтоқсанның 16-да ҚР-ның тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заң қабылданды. 1991 ж. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Құжаттын бір бабында ҚР тәуелсіз демократиялық және құқылы мемлекет деп қарастырылған. Ол ішкі және сыртқы саясатын өз бетімен жүргізді. Шекарасы біртұтас бөлінбеді және оған қол сұғуға болмайды. 2-ші тарауында ұлтына, дініне, шыққан тегіне қарамастан адамның міндеттері бірдей. Егеменнің иесі республика азаматтары. Адамдар өздері тұратын елдің заңдарына қайшы келмесе Қазақстан азаматтығын қоса алуға болады. Шет елдерде тұратын азаматтарға елге оралуға қолайлы жағдай туғызды. Аса маңызды міндетіміз, мәдениетіміз, тіліміз, дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. 38-ші тарауында өкімет органдары анықталды. ҚР басшысы президент 4-ші тарауында оның тәуелсіз мемлекет статусына татитындығын көрсетті. Жер, су, табиғат, жануар, табиға байлықтар ҚР меншігі болып табылды. ҚР әлем қоғамдастығының тең мүшесі болып саналды.
