- •Билет – 1
- •Билет - 2
- •Билет – 3
- •Билет – 4
- •Билет – 5
- •Билет – 6
- •Билет – 7
- •Билет – 8
- •18 Ғ қазақ мәдениеті бұқар үмбетей ақтамберді және т.Б шығарм.Ры
- •Билет – 9
- •БИлет – 10
- •Билет – 11
- •Билет – 12
- •Билет – 13
- •Билет – 14
- •Билет – 15
- •Билет – 16
- •Билет – 17
- •Билет – 18
- •Билет – 19
- •1986 Желтоқсандағы Алматы оқиғасы, қазақ жастарының тұңғыш бой көтеруі
- •Билет – 20
- •Билет – 21
- •21,3 Тәуелсіз қр-да жаңа қозғалыстар мен партиялардың пайда болуы: демократияның дамуы және тереңдеуі
- •Билет – 22
- •Билет – 23
- •Билет – 24
- •Билет – 25
- •Билет – 26
- •Билет – 27
- •Билет – 28
- •Билет – 29
Билет – 17
Қарахандар мемлекеті (940, 942 жж)
Негізін салған – Сатух Борахан (915-955 жж). Ордасы Баласағұн, кейіннен Тараз. Территориясы Жетісу, оңт. Қазақстан мен Орта Азия Сатұх Бораханның немерелері Сүлейен Арсыланхан кезінде Қарахан мемлекеті 2-ге бөлінді: батыс және шығыс қарахандықтарға. Хорезм мемлекеті мен Қарақытайлар жиі шапқыншылық жасаған. Хорезм шахы Мұхаммедтің кезінде мемлекет ыдырап жойылып кету қаупі туғанда қарахан билеушісі Арсыланхан қарақытайлардан көмек сұрайды. Олардың көмегі қарахандықтарды жаулап алумен аяқталды. Мемлекеттік діні – Ислам. 942 ж. Сатұх Баласағұн билеушісін құлатып өзін қағанмын деп жариялайды. 992 ж. олар шығыста Хотонды батыста Бұқарды жаулап алды. 999 жылы Саманилер мемлекетін құлатты. 12 ғ. басында құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісуды, Баласағұнды, шығыс Қарахан жерін түгел басып алды. Хандар ақсүйектер салықты қалай да өз пайдасына шешуді ойлады. Мұндай салықты «ихта» деп атады. Оны берушілер ихтадар деп аталды. Моңғолдар 1210 ж Қарахандарды жаулап алып оның табиғи процесін үзіп тастайды. Көшпелі және отырмалы халық идеологиясында ежелгі түріктердің діни түсініктері орын алды. Қағанатта ислам діні дами түсті. Араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы енді әдебиеттер түрік тілінде шыға бастады. Жүсіп Баласағұнның есімімен тығыз байланысты қарахан дәуірі қоғамның барша саласында жаңа кезең болып табылады.
Жүздің пайда болуының уақыты және себептері, олардың географиялық орналасуы. Жүздерге кірген негізгі рулар.
Қаз-н тер-сы Жетісу орталық Қаз-н Бат Қаз-н болып 3 түрлі аймаққа бөлінді.Жетісудың мал өсіруі Шу,Талас,Іле өзені-ң бойында Алтай жайылымына көшіп жүреді. Олар егіншілікпен айналысты. Жетісу тұрғындары өздерін ұлы жүз д.а. Жүз- жақ бағыт,бөлік деген мағынаны білдіреді. Ұлы жүз-ң рулары: үйсін, қаңлы, дулат, албан, жалайыр т7б7 тайпалар болды. Сырдария,Қаратау,Мойынқұм өңіріндегі қыстауларда тұрып Тобыл,Есілқұра,Сарысу өзендерінің бойын жайлайтын ж/е орта-қ қаз-ң аймақтарын мекендейтін тайпалар өздерін орта жүз д.а. Оларға қыпшақ,арғын,найман,керей,қоңырат,уақ т.б. тайпалар кіреді. Б.Қ-н тер-да Сырдария-ң төменгі ағысын Орал,Ырғыз,Торғай өзендерін, Мұғалжар тауларын ата қоныс еткен тайпалар өздерін кіші жүз д.а.Кіші жүзге.Тама жағабайлы.Шөмекей,Қарасақал,Төртқара,Адай. Шекті,Таня,Алшын,т.б. руларда қалыптасты. Үш тілдің тілі ортақ бір тіл қазақ тілі болды. Тұрмыс салты,киімі,үй жабдықтары, әдебиеті,жырлары,шаруашылығы негізінен ұқсас. Үш жүз қазақ жеріне үшжағынан қазақ жеріне келер жауларға қалқан 6 есептелінеді.
Экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуы. Семей полигоны, Арал трагедиясы.
Атом қаруын және қарудың басқа түрлерін сынау үшін Семей ядролық, Орал және баска полигондар жұмыс істеді. 80 жж. Полигондар, әртүрлі әскери объектілер 18 млн га – дай Қазақстан жерін алып жатты. Тек Семей ядролық полигоны ғана 8372 шаршы шақырым жерді жайлады. Жер бұл объектілерге республикалық органдардың ешкандай келісімсіз және оларға алдын – ала ескертусіз – ақ орталық органдардың шешімі бойынша алып берілді. Мұндай жағдайды республиканың жоғары лауазымды адамдары жүйенің үнсіз – түнсіз құлы болы қала берді. Олардың бірде біреуі халыққа қырғын, қайғы – қасірет әкелген ядролық сынақтарға қарсы дауыс көтере алған жоқ. Семей және басқа полигондарды барлығы 500 ден астам ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген әсері туралы ондаған жылдар бойы үндемей келді. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радияцияның тұрақты сәулесіне ұшырады. Ядролық қаруларды жер астында сынау облыстың суландыру құрылыстарының жағдайына зардапты әсерін тигізді. Жер асты суларының ағысын бүлдірді, су алатын скважиналардың өнімділігін төмендетті. Полигонға жақын аудандарда одан алыстағы аудандарға қарағанда жем – шөпте және мал шаруашылық өнімдерінде йодтың, цезийдің, стронцидің құрамы 30 – 100 есе жоғары болды. Қоғаныс және Женсаулық сақтау министрліктері атом қаруын сынаудың адам денсаулығына зиянды әсері туралы шынайы мәліметтерді 1990 ж. дейін жасырып келді. 1975 – 1985 жж бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе өсті. Бала тууы азайды, жынданып ауыру және өзін - өзі өлтіру көбейгені байқалды. Семей полигонынан басқа әр жылдарда республика территориясында 27 жерде қуатты әр түрлі 38 ядролық жарылыс жасалған. Бұл мақсатта әсіресе Атырау облысы көбірек пайдаланылған, мұнда жаппай қырып жоятын қарудың 17 – і сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары Ақтөбе, Ақмола, Оңт. Қазақстан облыстарында жарылған. Бактериологиялық қаруларды сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған. Кеңес басшылығы Шығыс және Батыстың арасындағы текетірес тұйықтан шығудың нақты қадамдарын жасады. КСРО 1985 ж. озінің ядролық сынақтарын бір жақты түрде тоқтатты. Полигондар бір жыл үнсіз жатты, бірақ 1987 жылы сынақ қайта басталды. Республика жұртшылығының 1989 жылғы ақпандағы митингісінде тұңғыш кеңестік “Невада – Семей ” қозғалысының бастамасы салынды. Бұл қозғалыстың Семей облысы Қарауыл ауылының жанында 1989 жылы 6 тамызда өткен митингісінде КСРО мен АКШтың халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауларға бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылданды. Онда былай делінді: “Біздің даламыз ядролық жарылыстардан дүр сілкінуде, сондықтан енді біз үндемей отыра алмаймыз. 40 жылға созылған бұл сынау мың – мыңдаған Херосималарды өз жалынымен шарпыды. Біз су ішуге, тамақ жеуге, бала тууыға қорқамыз. Біз Қазақстанда ядролық қаруды тоқтату, өз үлесімізде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату жолындағы өзіміздің ізгі құқығымызды қорғау жолында күресу үшін “Невада - Семей” қозғалысын ұйымдастырдық”. “Невада - Семей” қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырында Алматыда әлемдегі барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державада қаруды сынауды толық тоқтату жолындағы күш – жігерін біріктіру мақсатымен “Дүниежүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықаралық конгресс өткізілді. Қазақстан президенті Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы үкімге қол қойды. Сөйтіп қазақстан халқы өзінің батыл қимылымен бірінші болып елдегі ең ірі атом полигонын жапты және осы арқылы жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне елеулі үлес қосты. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, Американың, Францияның полигондарында мораторийлар жарияланды. 1969 – 70 жылдары Маңғыстау облысында да халықтан жасырып үш бірдей жерасты ядролық сынақ өткізді. Арал теңізі атырабына өндіруші күштер орналастыруда жіберілген қателіктер су қоын есепсіз пайдалану мақта- күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейін құрғап кетті. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Құрғап қалған теңіз түбінен шаңның көтерілуі күшейе түсіп Арал аймағының климаты өзгерді. Дүлей күшіне енген экологиялық апат ұлы өсіп - өну мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселені көтеруге мәжбүр етті, өйткені Арал қазақтар мекендейтін аудан. Бұған Балқаш көлінің бір бөлігінің іске жарамсыз қалғанын көптеген өнеркәсіптік қалаларда Өскемен, Жамбыл, Шымкенттегі экологиялық жағдайдың ауырлығын қосқанда КСРОға социалистік құрылыстың артықшылықтары тайға таңба басқандай болып көрінді.
