Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆
  1. Танысу « Қуаныш шеңбері»

Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын атайды. Мұнан соң көршісінің қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір-бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл-күй тілейді.

  1. «Сүйікті пән» (қар үйіндісі).

Балалар шеңбер бойына тұрып өз есімдерімен сүйікті пәнін атап келесі ойыншыға жіп орамын жібереді. Ол бірінші баланың есімімен сүйікті пәнін атап одан кейін өз есімін атайды. Осылай жалғаса береді. Шатасқан жіп нәтижесінде топқа бірлік пен ұйымшылдық орнағандай сезіледі.

  1. «Кішкентай қоңыз»

Мақсаты: алғашқы сақтықпен, үрейді түсіру, топтың дербес белсенділік деңгейін анықтау.

Ойынның жүргізілуі: балалар жүргізушінің артына сапқа тұрады. Жүргізуші топқа арқасымен қарап, қолтығының астынан алақанын ашық күйінде қалдырады. Жүргізуші балалардың қайсысының оның қолына тигенін табу керек (бет келбеті, қозғалысы). Жүргізуші дұрыс тапқанша жүргізеді.

  1. «Сіріңкемен бас қатырғыш»

Мақсаты: бейнелі ойлауды жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізу жолы: тапсырма әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі сіріңке санынан берілген тапсырманы, сөзді немесе санды құрастыру. Ойын ережесі бойынша сіріңкелер шешімі дайын болғанда ғана жайып көрсетіледі. Шешім шығару барысында мұны жасап көруге болмайды. Шешімді тек ойша іздеу қажет.

а) екі сіріңкені сындырмай қалай 10 санын жасауға болады;

б) үстелде көлденең жатқан 5 сіріңкеге тағы 4 сіріңке қосып 3 шығарыңыз;

в) үш сіріңкені сындырмай, 6 шығаруға бола ма?

  1. Психогимнастика «Нәзік мысық»

Балалар қайырымды содан кейін ашулы мысықты бейнелейді.

  1. «Менің отбасым» суреті.

  2. «Сөздер жұбы». Мақсаты: есті дамыту.

Жаттығудың жүргізілуі: жұп сөздердің екіншісін есте сақтау: мысық-сүт, бөлке-май, бала-машина, қыс-сырғанақ, үстел-пирог, тіс-щетке, өзен-көпір т.б.

  1. «Шатастырғыш»

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануын жаттықтыру.

Жаттығудың жүргізілуі: екі ойыншыдан тұратын екі топ құрылады, әрбір топта кімнің бірінші нөмірлі, кімнің екінші нөмірлі екені анықталады. Бірінші ойыншылар екінші ойыншыға қарап дауыстап санай бастайды: бірі 100-ге дейінгі жұп сандарды атаса, екіншісі 99-ға дейінгі тақ санды атайды. Әрқайсысы соңғы санға қарсыласынан бұрын жетуге ұмтылады. Әрбір топтың екінші ойыншылары өз қарсыластарын мұқият тыңдап, қателессе, жетекшіге хабарлайды. Мұнан кейін екі топ бір-бірімен ауысады.

9. Психогимнастика

1.тотықұс, 2. аққу, 3.күнге қыздырылып жатқан итбалық, 4.судағы итбалық, 5.маймыл, 6.жылан.

  1. «Бірдей заттарды тап»

Мақсаты: логикалық ойлауды және обьектілерді салыстыра білуді дамыту,

Жаттығудың жүргізілуі: Екі түрлі суретке мұқият қарап алып, ондағы бірдей заттарды табу. 12 бірдей заттарды табу ұсынылады. Мұнда баланың назары ұқсас заттардың көлемінің әртүрлі болуына аударылады. Бірдей заттар: қабырғадағы сурет, құс, бантик, кесе, шам, кітап, шахмат фигурасы, сызғыш, құм сағат, алма, гүл, үстел т.б.

  1. «Шатастырмақ» ойыны.

Мақсаты: Топпен бірігіп ойнауды дамыту.

Ойынның жүргізілуі: Санамақ арқылы жүргізуші таңдалады. Ол бөлмеден шығады, басқа балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрады. Қолдарын жіберместен олар қалауынша шатасады. Шатасу пайда болғанда , жүргізуші бөлмеге кіріп, балалардың қолын ажыратпай шешеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]