Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆

Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған сабақтар

Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының негізгі ерекшеліктерін ажыратып қарастыруға болады.

Сана дамуының маңызды критерийі баланың ойлану дәрежесі, заттармен жүргізетін өз іс-әрекеттерін, түрлі қасиеттегі заттарды және «өзін», «өзінің», «менің» түсінуі болып табылады. Өзіндік «менді» түсіну баланың жеке басы дамуының негізгі механизмі.

Сонымен бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады.

1. Оқыту процесінде білім мен іс- әрекет тәсілдерінің дамуы;

2. Игерілген тәсілдерді қолданудың психологиялық механизмдерінің дамуы;

3. Жеке адамның жалпы қызметтерінің (бағыттылығы, іс- әрекеті, сана және танымдық әрекеттері мен психологиялық құрылымдары) дамуы;

Дамудың бұл бағыттарының әрқайсысы өзіне тән өзгешеліктерімен сипатталып, барлығы да өзара байланысты болады да, барлығы қосылып психикалық даму деп аталатын жеке адамның процесін құрайды.

Баланың жеке басының белсенділігі- психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үрдісінде, мысалы тәсіл үстінде сырттан берілсе де іс- әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.

Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, таным және іс-әрекет ерекшеліктері бар және адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игеру механизмдерінің өзгерісін туғызады, бұлар оқыту әдістерінде көрінеді.Мысалы, белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші бағыттылық ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет. Мектепке дейінгі шақта көптеген аса маңызды жаңа құрылымдардың ойын әрекеті негізінде дамиды. Сондықтан бұл кезде сабақтар дидактикалық ойын түрінде өтеді; мұнда баланың жаңа білімдер мен тәсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі жоғарғы дәрежеде көрінеді.

Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әрекетінің маңыздылығымен, сондай-ақ танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс. Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы, қоғамдық, өзінің жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т.б.) дами бастайды. Озат педагогтар мен психологтар тәжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-типологиялық топқа тән бағыттылық пен мотивтену типі ескерілетіндігін дәлелдеген.

Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, таным әрекеттері мен іс- әрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындайтын негізгі аспектілерін құрайды.

Оқу аспектілері пәнаралық болып табылады; соған сәйкес бірнеше позициялардан тұрады. Олар биологиялық, психологиялық, әлеуметтану, аксиологиялық, кибернетикалық, философиялық және педагогикалық позициялар.

Оқыту процесінде психология тұрғысынан оқу субъектінің белсенділігі, әрекеті, психикалық дамудың факторы ретінде қарастырылады. Бұл позицияда таңбалық – символикалық құрылымдардың ақпараттық функцияларына, мағына құрудың, танымдық және мотивациялық құрылымдардағы өзгерістерге ерекше маңыз беріледі.

Баланың танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психологиялық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты аталынады. Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестер де өзгерістер болады. Олар сапалық жағынан, мысалы, еріксіз есте сақтаудан ерікті есте сақтауға, ойлаудың көрнекі- әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі логикалық және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.

Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллекті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап- баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) Ж. Пиаже зерттеген. Ол ойлау әрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың логикалық ойлауын дамыту жақтарын да қарастырды. «Оның зерттеуінің ең басты міндеті – логикалық операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллектің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу». Бала логикасының онтогенетикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында мына ерекшеліктерді ескереді.

  • интеллектуалдық даму тепе- тендікке бағытталады, ол бөлшектер мен тұтастық құрылымының теңестірілуі;

  • интеллектуалдық дамудың әрбір деңгейі жинақталған тәжірибе ретінде әрекеттер схемасында көрініс береді;

  • жаңа ойлау құрылымдары әрекеттер негізінде қалыптасады;

Ойлау логикасын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту,«бұл ішкі ой - әрекеттері, олар жүйелі түрде біртұтастық заңдарға бағынатын әрекеттер», мұнда қарама- қарсы әрекетке ауысу ретіндегі негізін қалаушы категория болып табылады.

Интеллектуалдық құрылымның жас ерекшелігіне қарай даму барысында өзіндік ерекшелігі болады. Оқытудың пәндік- коммуникативтік әрекетінің әсерінен оның танымдық процестерінің дамуы, жасы өскен сайын оның ақыл-ой әрекетінің біртіндеп күрделенуі, Б.Г. Ананьев мектебінің зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп дамып отыратындығын көрсетті.

** Балалардың мектепке алғашқы баруында психикалық даму деңгейі бойынша олардың жеке ерекшеліктері өсе бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен баллардың бойын,дағы интеллектуалы, моральды тұлғааралық дамуы бойынша ажыратуға болмайды. Балалар бір нұсқауға және бір психодиагностикалық жағдайға әртүрлі жауап береді. Кейбір мектепке баратын балалар ересектерді пситходиагностикалауға арнайы тесттерге жауап бере алса кейбіреулерге 4-6 жастағыларға яғни мектепке дейінгі балаларға арналған әдістерге қиындықпен жауап береді. Сол үшін кіші мектеп жасындағы балаларға әдістеме жүргізбес бұрын ол әдістерінің баланың даму деңгейіне жеткілікті сай екеніне көз жеткізу керек. Эмпирикалық мәліметтер 6-7 жастағы балалардың 50-80 пайызы мектепте оқуға және басқа да сол сияқты бағдарламаны меңгеруге дайын емес.

Олардың физикалық дамуына талап ететін психикалық тест берсе бала оны игере алмайды. Бұл интеллектуальдық қабілет деңгейінің жоқтығынан емес, жеткілікті деңгейде тұлғалық психикалық дамудың болмауынан жүзеге асады. Егер осы балаға ойын түріндегі қызықты, тартымды тест берсе онда тесттердің нәтижесі жоғары болады.Кіші мектеп жасындағы балаларда көрнекі-бейнелі ойлау байқалады.

Кіші мектеп жасындағы балаларға әдістеме жүргізе отырып, біз олардың мектепке қандай дәрежеде дайындықпен келгенін және сабақ кезіндегі балалардың психикалық дамуын анықтай аламыз. Осы жастағы балаларда негізінен мына қасиеттеріне әдістемелер жүргізіледі:

1. Қоршаған әлемді жалпы бағдарлау

2. Мектепте оқыған оның қатынасы.

3. Зейіні

4. Есі

5. Ойлауы

6. Көркем – бейнелі қабілет.

7. Еңбектік білік және дағдысы

8.Жетістікке жету мотивациясы

9. Тұлғалық сапа

10.Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеулер.

11.Сөйлеуі

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогика-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды.

Оқушылардың бастауыш мектеп кезеніңе тән физиологиялық , психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдалану жүзеге асырылады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы өтілетін оқу процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу үрдісінде оқу әрекеттен шығармашылық әрекет балаға қызығырақ. болады. Бұл жұмыстар баланы өз-өзін қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруына бағыттайды. Бала жаңа әдіс-тәсілдерді іздей алатын әрекетке жетеді. Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

Жаңа технологиялар- педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Мұндай қызығушылықтар түрлі тапсырманың нәтижесінде жүзеге асады. Атап айтсақ бастауыш сыныптағы сабақтарда төменде көрсетілгендей тапсырмаларды орындауды ұсынамын.

1. Есте сақтауы бойынша заттың қасиеттерiн және сырт пішінінін кабылдау

Тапсырма 1.1

Үшбұрышты сызыңыз. Көк түспен бояңыз. Екі рет көшіріңіз және шырша құрастырыңыз.Сегіз шыршадан орман құрастырыңыз және оны екі қатарға орналастырыңыз. Неше рет сіз көшірдіңіз?

Тапсырма 1.2

Төртбұрыш және үшбұрышты сызыңыз. Олардан үй құрастырыңыз. Сіз неше рет көшірдіңіз? Үйлерді екі түрлі түспен бояңыз үйлер әртүрлі болсын.

Тапсырма 1.3

Доғал бұрыш, сүйір бұрыш және тік бұрыш сызындар. Оларды ұшбұрыштарға дейін толықтырыныз, бояңыз.

Тапсырма 1.4

Ракетаның суретін сызыңыз. Төрт төртбұрыш болатындай ракетаны екі сызықпен бөліңіз. Төртбұрыштарды әртүрлі түспен бояңыз.

Тапсырма 1.5

Шаршы сызыңыз. Шаршыны төрт сызықпен тоғыз шаршыға бөліңіз. Пайда болған шаршыларды бояңыз және әр қатарда әртүрлі болсын.

2. Қасиеттері және белгiлердiң сөздiк сипаттамасы бойынша затты табу.

Тапсырма 2.1

Алгоритм бойынша келесі сурет салыңыз?

- Үлкен шеңбер сызыңыз

- Астынғы бөлігін өшіріңіз

- Кішкене шеңбер сызыңыз

- Үш рет көшірініз

- Кішкентай шеңбердің астыңғы бөліктерін өшіріңіз

- Қолға ұстайтын бөлігін сызыңыз

Не болды? Өз ойыңша бояңыз.

Тапсырма 2.2

Фигуралардың алмасу заңдылығы сақталатындай етiп бос шаршыларды толтырыңыз.

Тапсырма 2.3

«Шабындықтағы сиыр»

Суретте сиырдың көрiңiсі : бас, дене, мүйiз, аяқ, құйрығы бар. Суреттегi сиыр солға қарап түр . Оңы оңға қарайтындай етiп екi сiрiңкенi ауыстырып сал.

3. Заттың бет-бейнесiн түрлі бөлiктер негiзінде жасау.

Тапсырма 3.1

Суреттің жартысын тентек-өшіргіш өшіріп тастаған. Роботтың оң жағын толықтырыңыз және бояңыз.

Тапсырма 3.4

Суретте неше ұшбұрыш бар. Санап, түрлі түспен бояп бер.

Ел болашағы сауатты ұстаздың қолында десек қателеспейміз. Болашақты жасайтын бүгінгі жастар, олай болса оқушы қиялын дамыту ізденімпаз ұстаздың қолында. Ол үшін мұғалімге өзінің білімін үздіксіз жетілдіру, оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, ғылыми әдістемелік басылымдарды көбірек оқу, ізденістерін тәжірибеде қолданып отыруы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларына дене шынықтыру сабағы қандай қажет болса, сурет салу да сондай қасиет. Бейнелеу өнерінде баланың қоршаған ортадағы кездесетін әр түрлі табиғат құбылыстарына байқағыштығы қалыптасады. Ол туралы К.В. Ушинский былай деген: “байқағыштық адамның бойындағы жалғыз есік, сол есіктен адам санасына өтеді. Психологияда адамның байқағыштық қасиеті екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті байқағыштық . Бастауыш сынып оқушыларында еріксіз көбірек басым болады сондықтан балалар түстің өте ашық түріне, әдеміге, ғажайып бір ерекше затқа және қозғалысқа жақын болады. Балалардың мұндай ерекшеліктерін сурет салу кезінде пән мұғалімі тиімді ұйымдастыра білу керек, мысалы баланың сабаққа қызығушылын және есте сақтауын қалыптастыру үшін, баланың ерікті байқағыштығын дамыту керек. Сабақ барысында кездесетін еріксіз байқағыштық, балалардың ерікті түрде тапсырмалар орындауда кедергі болады. Бастауыш сынып оқушыларының дүниесінде ерте дамиды.Сондықтан бұл жастағы балалар заттан қарап отырып салғанда, заттың бетіндегі әрбір детальдық бөлшегіне дейін қалдырмай бейнелеуге көп қиналып, шыдамы жетпейді, тіпті кейде берілген үлгіге (затқа) қарамауы да мүмкін.Сондықтан бірінші және екінші сынып оқушыларына арналған тапсырмалар көбіне еркін тақырыпқа байланысты болуы тиіс. Бейнелеу өнерінің тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты композиция салу тапсырмасын бастауыш сынып оқушыларының ішінде әсіресе бірінші, екінші, сынып оқушылары ерекше орындайды, орындау жағын толық меңгере алмаса да қағаз бетін алуан түрлі кейіпкерлерге толтырады: Ал үшінші,төртінші сынып оқушыарының орындаған композициялары мағынасын ашуға талпынғанын көрсеткенімен, онша қызықты болмайды. Бұл жағдайда ойлау ерекшелігіне байланысты қарасақ адам ми қызметінің екі түрлі күшіне қарай әрекет етеді, ол күштер біріншісі – қоздырғыш, екіншісі –тежегіш. Бастауыш сыныпта тежегіштен гөрі қоздырғыш күшінің басым болуын салған суреттерінен көруге болады. Ал үшінші сыныпта балалар композициясында салған бейнелерін ойлап, терең ізденістер нәтижесінде салғандығы және артық образдарды бейнелеуге тырысады.Бірінші сынып оқушыларының салған суреттерінде заттардың жалпы пішіндері бейнеленгенмен, сол заттардың өзіндік ерешеліктері ажырата бейнелейді. Сонда бейнелеу сабағында балалар қабылдауының байқағыштығы екі түрлі формада байқалады:

  1. Ойлау барысында (байқау, салыстыру, анализ және синтез арқылы );

  2. Қозғалыс барысында байқау

Бастауыш сатыда қабылдау процесінде еріксіз қабылдаудан мақсатқа бағытталған ерікті бақылауға ауысады.

105

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]