Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆
  1. Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»

Бір – бірінің қолдарынан ұстап қолының жылуын үнсіз береді. . Бір – бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл – күйді тілейді. Кейін шеңбер құрып отырып,осы сәттегі сезімдермен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгені туралы айтады.

  1. Ән «Мяу. Гав. Му»

Нұсқау: Бұл өлеңді орындау барысында балалар сөздеріне сәйкес, бірақ өз қалауы бойынша іс - әрекеттер жасайды.

«Мяу. Гав. Му» - дейді біздің аулада,

«Мяу. Гав. Му» күнде естиміз далада.

«Мяу. Гав. Му» олар біздің досымыз,

Бұл өлеңді біздер бірге айтамыз.

  1. Жаттығу «Қызықты арифметика»

Мақсаты: Алдын ала берілген алгоритм бойынша қарапайым операцияларды ойша орындай алуды дамыту.

Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Қатысушылардың бірі жетекші ролін орындайды. Оның қолында доп болады. Ол тапсырманы беріп, соның дұрыс орындалғанын тексереді. Тапсырма әртүрлі болуы мүмкін.

  1. Нұсқа. Жетекші үш саннан тұратын қатарды айтады, мысалы, 7,4,1 деп

ойыншылардың дапты тастайды. Допты ұстаған бала сандарды кері қатарда айтады (1,4,7). Мұнан кейін допты жетекшіге қайтарады. Егер ойыншы шатасса, ол ойыннан шығады. Жетекшімен бірде – бірге қалған ойыншы жеңімпаз аталады.

  1. 1 нұсқаға ұқсайды, бірақ ойыншы санды кері ретімен айтады, мысалы, жетекші – 2,7,1,4 деп айтса, ойыншы – 1,2,4,7 деп жауап беруі тиіс.

4. Пуантилизм – саусақ өнері.

Мақсаты: Бейнені өздігімен құруға үйрету.

Балаларға түрлі – түсті дақтарды бір немесе бірнеше саусақтарымен жапсыру арқылы зат салу ұсынылады.

  1. «Белгілерді белгіле»

Мақсаты: Зейіннің ауысуы мен ақыл – ойдың жұмысқа қабілеттілігін дамыту.

Ойынның жүргізілуі: Ойынды екі нұсқада жүргізуге болады.

Олардың біріңе бала мұқият қарап алып тез арада үш әртүрлі белгімен * - дөңгелекпен, «!» - бір сызықпен, « = » шаршы мен белгілейді. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт жұмсалады.

Екінші нұсқадағы ойынға келесі кестеде кездескен барлық жұп белгілерді «- » және «+» - бір сызықпен, «<» және «:» екі сызықпен белгілейді.

Біршама уақыт өткеннен кейін қанша сызылуы қажет белгілерді тастап кеткенін, немесе қанша белгіні дұрыс емес сызғанын тексеру ұсынылады.

  1. «Барлаушылар»

Мақсаты: Моторлы – есту есін дамыту, тежелу қозғалысын түсіру.

Барысы: Бөлмеде орындықтар ретпен орналастырылған. Бір бала (барлаушы) бөлмеде орындықтарды кез – келген жағымен өтеді. Келесі бала барлаушының жүрген жолын есте сақтап, жасақты сол жолмен алып өтеді. Мұнан кейін барлаушы мен жасақ басқа балалармен ауысады.

  1. «Айналғыштар»

Мақсаты: Балада шығармашылық қабілетті дамыту.

Барысы: Ойын басында балалардан уақытша қандай жануарға айналғысы келетіні сұралады. Қазір сендер сиқырлы таяқшаны алып, өздеріңді қалаған тірі жан иесіне айналуларың қажет. Мұнан кейін әркім көз алдына елестетеді: қайда тұратынын, не жейтінін, оның мінезі қандай болатыны, бос уақытында немен айналысар еді, оған өзінің қожайыны қалай қарар еді, оған қожайынының қай қасиеті ұнар еді немесе ұнамаған болар еді. Ойыншыларға осы рольге кіруге 5 – 7 минут уақыт өткеннен кейін таңдалған жануар атынан өз өмірлерін әңгімелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]