Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆

6. «Қаладағы шу»

Мақсаты: психоэмоционалды қысымды түсіру.

Жаттығудың жүргізілуі: балаларға қалада болатын шуды еске түсіруге бір минут уақыт беріледі (өтіп бара жатқан машиналар, ұшқан ұшақтың дыбысы, т.б.). Мұнан соң қатысушылар әрқайсысы өзі таңдаған шуды қайта жаңғыртады. Соңында талдау жүргізіледі.

7. «Бәріміз бірге»

Мақсаты:балаларды бір-бірімен қарым- қатынас жасауға үйрету және ыңғайына бағытталу.

Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды (әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекші белгісіне қарай балалар бір уақытта отыруы, допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау.

8. «Өз көңіл-күйінің» суретін сал.

Мақсаты: балаларды өз көңіл-күйін жеткізе білуге жаттықтыру. Балалар өз қалаулары бойынша көңіл-күйлерін білдіретін бояу түсін таңдау ұсынылады.

9. Психогимнастика. Кейіпкерлерді бейнеле:

а) сиқыршыны; б) дәу тастарды көтерген алыпты; в) жыланды; г) сынық әйнекте жүрген иогты.

10. «Белгілері бойынша іздеу».

Мақсаты: логикалық ойлауға жаттықтыру.

Жаттығу барысы: балаларға екі белгі беріледі. Мысалы, жеңіл және резеңке. Олар осындай белгілері бар заттарды көбірек атауы тиіс. Мысалы, «үрлемелі шар», «доп», «резеңке етіктер», және т.б. кім көп заттарды атаса, сол жеңіске жетеді.

11. «Менің отбасым» ертегілер кейіпкерлерімен бейнелеу.

Балалар өз отбасы мүшелерін ертегілер кейіпкерлеріне теңеп, суретін салады.Салынған суреттерге талдау жүргізіледі.

12. Психогимнастика «Ине мен жіп».

Балалар бірінің артынан бірі тұрып, алдында тұрған адамның белінен ұстайды. Бірінші қатысушы «ине», қалғандары –«жіптер». «Ине» бөлмеде бірде жылдам, бірде жәй қозғала бастайды. «Жіптердің» міндеті «иненің» артынан үзіліп қалмай жүріп отыру. «Инелер» үнемі ауысып отырады.

«Айналмақ».

Балалар бір-бірінің қлдарынан ұстап күлімсірейді.

Сабақты қорытындылау.

Балалар шеңбер жасап тұрады, осы сәтте әр бала өзін қалай сезінгенін, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.

№3 сабақ «Саған сенгім келеді»

р/с

Іс-әрекет түрі

Құралдар

Уақыт

1

Амандасу «Қуаныш шеңбері»

5 мин

2

Психогимнастика «Затты жалғап жібер»

5 мин

3

«Соқыртеке» ойыны

10 мин

4

«Екі қолмен сурет саламыз»

Қағаз, қалам

15 мин

5

«Көршінің суретін аяқта»

Қағаз, қалам

20 мин

6

Ойын «Соқыр адам мен жетелеуші». Талқылау

20 мин

7

Ойын «Белсенді топтар».

10 мин

Үзіліс

20 мин

8

Пазлдармен жұмыс

Пазлдар

10 мин

9

Психогимнастика

5 мин

10

«Мәндес жұптар»талдау

10 мин

11

Жаттығу«Анықтама бер»

15 мин

12

Жаттығу «Білгіш»

10 мин

13

Босаңсу

10 мин

14

«Айналмақ»

5 мин

15

Сабақ нәтижесін жасау, қорытындылау

10 мин

Барлығы: 3 сағат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]