- •3. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар
- •2. Диагностика мен коррекция ұстанымы
- •4. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі
- •Коррекция бағдарламалары түрлері
- •Дамудағы қиындық себептерін түсіндірудің түрлі моделдері
- •Психокоррекция міндеттері
- •Психокоррекция кешенінің негізгі бөлімдері
- •Психологтың – «клиентке» қатынасы
- •Жеке психокоррекция жұмысының кезеңдері
- •Психокоррекция тиімділігін бағалау ерекшелігі.
- •Мектеп жасындағы оқушылармен психологиялық қызметтің жүргізілу ерекшелігі
- •2. Отбасынан тыс жерде қарым-қатынасқа түсу қиындығын түзетудегі коррекция.
- •Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған түзету - дамыту бағдарламасы
- •2 Сабақ « Мен және өзгелер»
- •3 Сабақ «Ойлан, тап!»
- •4 Сабақ «Достығымыз жарасқан»
- •5 Сабақ Кім, қайдан, қай жерден?
- •6 Сабақ. Кел, бірге ойнайық
- •7 Сабақ. Жүзден жүйрік
- •8 Сабақ. Саған сенім артамын
- •9 Сабақ. Ойлануға кез келді
- •10 Сабақ. Қарым – қатынас менің өмірім
- •Бастауыш сынып жасындағы балалардың танымдық процесіне арналған түзету - дамыту бағдарламасы
- •Танысу « Қуаныш шеңбері»
- •«Кішкентай қоңыз»
- •«Сіріңкемен бас қатырғыш»
- •Психогимнастика «Нәзік мысық»
- •«Менің отбасым» суреті.
- •«Сөздер жұбы». Мақсаты: есті дамыту.
- •«Шатастырғыш»
- •«Бірдей заттарды тап»
- •«Шатастырмақ» ойыны.
- •Босаңсу.
- •«Айналмақ».
- •Сабақтың қорытындысын шығару.
- •6. «Қаладағы шу»
- •Танысу Қуаныш шеңбері.
- •2. Психогимнастика «Затты жалғап жібер»
- •4. «Екі қолмен сурет саламыз»
- •5. «Көршінің суретін аяқта»
- •6. «Соқыр мен жетелеуші»
- •7. Ойын «Тірі топтар»
- •10. «Мәндес жұптар»
- •11. Жаттығу «Анықтама бер»
- •12. Жаттығу «Білгіш»
- •6. «Сөз ойлап тап»
- •8. Ширату «Үлпілдектер».
- •9. «Баханай айтты»
- •10. Морзе әліпбиі.
- •11. Жаттығу «Затты аяғына дейін сал»
- •Танысу Қуаныш шеңбері.
- •3.«Айна»
- •4. «Сіріңкелермен бас қатырғыш»
- •5. Ойын « Төрт апат»
- •6.«Бақылағыштарға арналған пантомима»
- •«Мүмкін емес жағдайлар»
- •Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»
- •Жаттығу «Қызықты арифметика»
- •4. Пуантилизм – саусақ өнері.
- •«Белгілерді белгіле»
- •«Барлаушылар»
- •«Айналғыштар»
- •Психогимнастика «Теңіз жағасында»
- •«Қылыш пен қалқан»
- •«Айналмақ».
- •1.Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»
- •«Ребустер»
- •Сурет «Кім болғым келеді?»
- •12.«Айналмақ»
- •1.Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»
- •2. Ойын «Қоян»
- •3. «Сіріңкелермен бас қатырғыш»
- •4. Ойын «Болады - болмайды»
- •5. Ойын «Тыңда және орында»
- •2. «Үрлегіш пен доп»
- •«Жұдырығымда не бар?»
- •Бос уақыт. Пазылдармен жұмыс.
- •Коллаж «Мен өз болашағымды қалай елестетемін?»
- •Танысу «Қуаныш ортасы»
- •Ширату «Жел соғады»
- •8. Үстел ойыны «Қу сайқымазақ»
- •9. Коллаждарды көрсету.
- •10. Ортақ сурет (анамызбен бірге сурет саламыз).
- •Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған сабақтар
Танысу Қуаныш шеңбері.
Қатысушылар шеңбер бойына отырып өз есімдері мен сүйікті ойынын айтады. Бұдан кейін көршісінің қолын қысып,үнсіз қол жылуын жібереді. Бір – бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл – күйді тілейді.
Бұдан кейін барлығы шеңбер бойына отырып, қазіргі сәттегі сезімдермен алмасып, кешегі күнді қалай өткізгендерін әңгімелейді.
2. «Қалай жүру.. Қалай отыру керек.. Қабақты қалай шыту керек..»
Балалардан ашулы арыстан сияқты жүруді, қояндар сияқты секіруді, қу түлкі сияқты жүруді, күшті аю сияқты қабағын түюді, жұмыртқа үстінде отырған тауықтың отырысын бейнелеу ұсынылады.
3.«Айна»
Мақсаты: енжар балаларға белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру.
Ойынның жүргізілуі: Жүргізуші таңдалады, қалғандары – айна болады. Жүргізуші айнаға қарайды, қалғандары оның әрбір қимылын бейнелейді.
4. «Сіріңкелермен бас қатырғыш»
Мақсаты: бейнелі ойлауды жаттықтыру.
Барысы: Тапсырмалар әртүрлі болуы мүмкін: белгілі мөлшердегі сіріңкелерден берілген фигураны сөз немесе санды құрау; берілген фигураны бір немесе бір неше түрге ауыстыру. Ойын шартын ауыстыруға болады. Тапсырманы шешу барысында оны жасауға болмайды. Шешімін іздеуді ойша орындау керек.
А) Үстелде 4 сіріңке бар, оған 5 сіріңке қосқанда 100 болу керек.
Б) Үстелде 3 сіріңке вертикальды түрде орналасқан. Ортасындағы сіріңкені қимылдатпай, қалай алып тастауға болады.
В) 24 сіріңкеден 8 сіріңкені алып тастағанда алтау қалуы қажет.
5. Ойын « Төрт апат»
Мақсаты: Қимыл және есту анализаторларымен байланысты зейінді дамыту.
Барысы: Ортада ( шеңберде) ойыншылар отырады. Оларға жүргізуші келесіні айтады: егерде ол «жер» деген сөзді айтса, барлығы қолдарын төмен қарай жібереді, егер «су» деген сөз болса – қолдарын алға қарай созады, «ауа» сөзі болса – қолдарын жоғары көтереді, «от» деген сөз болса – қолдарын айналдырады. Кімде – кім қателессе, ұтылды деп есептеледі.
6.«Бақылағыштарға арналған пантомима»
Мақсаты: бақылағыштықты және дене тілін «оқи алу» іскерлігін дамыту.
Барысы: қатысушының біреуі пантомима көрсетеді, ал қалғандары осы
әрекеттің не білдіретінін табу керек. Алдымен қарапайым әрекеттерді көрсету ұсынылады, яғни шаш тарау, жуыну, тіс жуу, жеміс – жидек жеу, футбол ойнау. Кейін күрделірек әрекеттер көрсетіледі, мысалы, дастархан жасау, саябақта қыдыру, үй жинау, біреуге ренжу немесе мақтау. Балалар әрдайым рөлдермен ауысып отырады.
«Мүмкін емес жағдайлар»
Мақсаты: шығармашылық қабілетті жаттықтыру.
Барысы: мүмкін емес жағдай жайлы балаларға сұрақ қойылады.
Мысалы: егер төмендегі жағдайлар болса не болар еді:
Ұйқыны және тамақты қажет етпесе;
Мектепке балалардың баруын тоқтатса;
Жерге жарық түспесе және күн жылу беруді тоқтатса;
Тоқтамай жаңбыр жауса;
Сағаттың тілі кері бағытпен жүрсе;
Адам 500 жыл өмір сүрсе.
Егер осындай жағдай болса қандай сезімде болатынын, қалай елестететіні жайлы ойларын айту керек.
14. Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
№6 сабақ «Сегіз қырлы, бір сырлы»
р/с |
Іс-әрекет түрі |
Материалдар |
Уақыт |
1 |
Амандасу «Қуаныш шеңбері» |
|
5 мин |
2 |
Қысқаша өлеңдету «Мяу. Гав. Му.» |
|
10 мин |
3 |
«Қызықты арифметика» |
Доп |
15 мин |
4 |
Пуантализм – саусақты сурет өнері |
Альбом парақтары. Гуашь |
10 мин |
5 |
«белгілерді белгіле» |
Бланкілер |
10 мин |
6 |
«Барлаушылар» |
|
15 мин |
7 |
«Айналулар» |
|
20 мин |
|
Үзіліс |
|
20 мин |
8 |
Психогимнастика «теңіз жағасында» |
|
10 мин |
9 |
Сазбен жұмыс Жануарларды илеу |
Саз |
10 мин |
10 |
«Қалқан және қылыш» |
Мамық ойыншықтар, қолдан жасалған қалқан |
10 мин |
11 |
Босаңсу |
|
15 мин |
12 |
«Айналмақ» |
|
5 мин |
13 |
Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу |
|
10 мин |
Барлығы: 3 сағат
