Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆

4 Сабақ «Достығымыз жарасқан»

Мақсаты – топты біріктіру. Ырықты есте сақтауды, зейінді дамыту.

1 жаттығу: «Көңіл-күй өлшегіші»

2 жаттығу: «Бұл мен, мені таны»

Мақсаты – эмоционалды қысымды, агрессияны түсіру, эмпатияны, тактильді қабылдауды дамыту, топқа жағымды эмоционалды жағдай жасау.

Топқа арқасымен тұратын бір жүргізуші таңдалады. Балалар кезекпен арқасынан алақанымен сипап былай дейді.: «Бұл мен. Кім екенімді тапшы». Жүргізуші кім екенін табу қажет. Жүргізушінің орнында балалардың барлығы болғаны орынды.

3 жаттығу: «Шатасу»

Мақсаты – ерікті есте сақтауды дамыту, топқа жағымды эмоционалды жағдай тудыру.

Бір жүргізуші таңдалады, қалғандары шеңбер бойынша немесе бір қатарға орналасады. Жүргізуші 15 секунд ішінде балалардың ретін қарап есінде сақтайды. Содан кейін ол теріс қарайды, ал балалардың кейбіреулері орындарын ауыстырады немесе жасырынып қалады. Жүргізуші өзгерісті табуы керек.

4 жаттығу «Мейірімді піл»

Мақсаты – қысымды, агрессияны түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.

Балалар шеңбер бойынша орналасады. Психолог олардың барлығы тұтас мейірімді піл екендерін айтады. Әрбір бала алдындағы баланың белінен құшақтайды. Нұсқау бойынша көршісінің иығын, басын, арқасын, қолдарынан сипалайды. Содан кейін бөлме ішімен жүру және орындарына отыру ұсынылады.

5 жаттығу «Көңіл-күй өлшегіші»

5 Сабақ Кім, қайдан, қай жерден?

1 жаттығу «Көңіл-күй өлшегіші»

2 жаттығу «Артықты тап»

Мақсаты – түрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды орнату қабілетін, бір байланыстан екіншіге өту, бір мезгілде ой өрісіне бірнеше заттарды ұстау және оларды салыстыру іскерліктерін дамыту.

Кез-келген үш сөз алынады (ит, қызанақ, күн). Қандайда бір ұқсас белгілері бар заттарды қалдырып, артық сөздерді табу керек.

3 жаттығу «Айырмашылықтарын тап»

Мақсаты – ерікті есте сақтау, көркем - бейнелі ойлауды, өзін-өзі бақылауды дамыту.

Балаларға белгілі бір ерекшеліктер санын табуға арналған суреттер беріледі.

4 жаттығу «Айна» (3 сабақ, 5 жаттығу)

5 жаттығу «Әңгімелесу»

Мақсаты – балалар зейінін, есте сақтауын, дамыту.

Балаларға таныс жануарлар бейнеленген суреттер таратылып беріледі. Әр бала ол жануар немен қоректенетінін, тіршілік етуін, пайдасын жалпы сипаттарын, ерекшеліктерін әңгімелейді.

6 жаттығу «Ұлу» (1 сабақ, 7 жаттығу)

7 жаттығу «Көңіл-күй өлшегіші»

6 Сабақ. Кел, бірге ойнайық

Мақсаты-зейін, ойлау, қиялды дамыту, топты біріктіру.

1 жаттығу «Бетперделер» (1 сабақ 3 жаттығу)

2 жаттығу «Шимақтасқан сызықтар»

Мақсаты – балаларда зейіннің шоғырлануын дамыту.

Ол үшін 12х7 пішініндегі жолақтар қажет, онда бір түстегі шимақтасқан сызықтар бейнеленеді. Тапсырманы орындау үшін 3-5 минут уақыт беріледі.

Нұсқау: «Жолақтарға мұқият қараңдар. Жолақтың екі шетінде шкала көрсетілген тіке сызықтар сызылған. Әр сызықтың жанында сандар жазылған. Ол сызықтар шимақтасқан сызықтармен байланысқан. Бірнеше минут ішінде қолдың көмегінсіз көзбен бір саннан екінші санға дейін жолды табу қажет: бірден-бірге, екіден-екіге т.с.с. Сізге кез-келген үш жолмен жүру қажет».

3 жаттығу «Жанды сурет»

Мақсаты – балалардың қабылдау, қиял, ойлауын, заттың маңыздылығын ерекшелеу іскерліктерін дамыту.

Балаларға жануарлар бейнеленген жолақтар таратылып беріледі. Әрбір бала өз суреттеріне қарап, қандай да бір қимыл көрсете отырып оны жандандырады. Қалған балалар не екенін табады.

4 жаттығу «Ұқсастық және айырмашылық»

Мақсаты – логикалық ойлауды дамыту.

Балаларға өзара екі затты салыстыру ұсынылады. Мысалы, стол және орындық, шам және ай т.б. Соңында тапсырманы күрделендіріп және логикалық байланысты орнату қиын сөздерді ұсынуға болады.

5 жаттығу «Тасбақалар»

Мақсаты – балаларды өз әрекеттерін бақылауға, үлкеннің нұсқауын түсіну және тыңдауға үйрету.

Балалар бөлменің бір жағына қатармен орналасады. Жүргізуші оларға қарама-қарсы бөлменің екінші жағында тұрады. Оның белгісі бойынша балалар оған қарай қозғалуы керек. Олардың міндеті – неғұрлым жай жүру. Соңынан келген қатысушы жеңімпаз. Бір орында тұруға болмайды.

6 жаттығу «Бетперделер» (1 сабақ, 3 жаттығу).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]