Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆
  1. Психогимнастика «Теңіз жағасында»

Барысы: Балалар теңіз жағасында ойнайды. Олар тастарды суға тастайды, бір – бірлеріне су шашып ойнайды, шомылады. Әбден ойнап болғаннан кейін жылы құмның үстінде жатады. Көздерін жарқыраған күннен жауып дем алады.

  1. Сазбен жұмыс.

Өзіміздің жасаған жаттығудағы айналған жануарды илейміз.

  1. «Қылыш пен қалқан»

Мақсаты: Эмоционалды қысымды түсіру, агрессияны шығару.

Барысы: Қалқан бейнесіндегі затты (тақта, аударылған үстел) қолданылады. Қалқанға доппен немесе жұмсақ ойыншықпен ұрады.

  1. Босаңсу.

  2. «Айналмақ».

Балалар бір – бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрып отырады және бір – біріне күлімсірейді

  1. Сабақтың қорытындысын шығару және қоштасу.

Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.

№7 сабақ «Жүйрік жеңіске жетеді»

р/с

Іс-әрекет түрі

Материалдар

Уақыт

1

Амандасу «Қуаныш шеңбері»

5 мин

2

Ойын

Ырғақты әуен

10 мин

3

«Ребустар»

Ребустер

20 мин

4

Мен кім болғым келеді?

Қаламдар,парақтар

25 мин

5

«Белгілерді белгіле» жаттығуын тексеру

Бланкілер

10мин

6

«Жел соғады оған»

10 мин

7

Коррекатуралы үлгі «Сиырлар»

Сиыр бейнесі бар парақтар

15 мин

Үзіліс

20 мин

8

Психогимнастика

10 мин

9

Сазбен жұмыс Еркін тақырып

Саз

20 мин

10

«Соқыртеке»

10 мин

11

Босаңсу

10 мин

12

«Айналмақ»

5 мин

13

Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу

10 мин

Барлығы: 3 сағат

1.Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»

Бір – бірінің қолдарынан ұстап қолының жылуын үнсіз береді. . Бір – бірінің көздеріне қарап, күлімсіреп, ойша жақсы көңіл – күйді тілейді. Кейін шеңбер құрып отырып,осы сәттегі сезімдермен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгені туралы айтады.

  1. Ойын.

  1. «Ребустер»

Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру және ойша әрекет жасауға қабілеттендіру.

Балаларға ребусті ұсынбас бұрын оны өз бетімен шешу үшін негізгі ережелермен таныстырған жөн. Алғашында үш әріптен құралған жеңіл ребустерді шешуден бастағаны дұрыс. Бұдан кейін бірте – бірте тапсырманы күрделендіру жолымен әріптер саны ұлғайтылады.

  1. Сурет «Кім болғым келеді?»

Балаларға өскенде болашақта кім болғысы келетіндерін қиялдап көз алдарына елестету ұсынылады.

Қысқаша талқылап, өздерін қалайша елестеткендерін сурет салу арқылы көрсетеді.

  1. «Белгілерді белгіле» жаттығуын тексеру.

Өткен сабақта орындаған «Белгілерді белгіле» жаттығуын тексеру ұсынылады. Соңында жалпы бағасы есептеледі.

  1. Ширату «Жел соғады оған»

Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін дамыту.

Барысы: балалар шеңбер бойында үстелдерге отырады, ал жетекшінің орындығы жоқ ол тұрып тұрады. Жетекші белгі бергенде, яғни, «Жел таңертең тіс тазалаған адамға соғады», сонда ойыншылар орындарынан тұрып басқа бос орындықтарға отырулары тиіс. Өз орындықтарына отыруға болмайды. Егер ойыншы үлгермей қалса жетекші болады.

  1. Коррекатуралы үлгі «Сиырлар»

Әр қатарда сегіз сиыр бейнесі орналасқан қағаз ұсынылады.

Тапсырма нұсқалары:

А) Бір мүйізді сиырдың астын сыз;

Б) Бір құлақты сиырлардың астын сыз;

В) Бір мүйізді екі құлақты сиырлардың астын сыз.

8. Психогимнастика (Мұздар. Жылғалар. Жаңбыр. Ыстық. Күн )

9. Сазбен жұмыс Еркін тақырып

10. «Соқыртеке»

Мақсаты: Жағымды эмоционалдық әсерді жасау, қорқынышты болдырмау, өзіне сенімділігін жоғарлату.

Барысы: Бір ойыншының көзін байлап, есік жаққа апарып, босағаға тұрғызып, қолынан ұстауға бұйырады да бірге келесі өлеңді айтады:

Мысық, мысық, ананас,

Үш жыл бойы бізді қу,

Үш жыл бойы бізді ұста,

Көздеріңді шешпестен.

Бұдан кейін балалар әр жаққа тарап кетеді. Мысық ойыншыларды ұстап алады.

11.Босаңсу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]