Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆

Жеке психокоррекция жұмысының кезеңдері

Негізгі кезең

Кезең мазмұны

1) келісім-шартқа отыру

Индивидке келесі ақпараттарды жеткізу

    1. түзету мақсаты туралы;

    2. мамандану деңгейі

    3. төлем ақы туралы

    4. түзетудің шамамен ұзақтағы

    5. психокоррекциялық процесте уақытша нашарлау қауіпінің болуы

    6. құпия сақтау білуі.

2) индивид мәселесін зерттеу

әдістерді қолдануы: әңгіме, интервью, бақылау, психологиялық тесттер.

3) мәселені шешу тәсілдерін іздеу

Мәселенің туындауына әкелетін оқиға құрылымын көрсету: сезім, уайым-қайғы мақсаты, қажеттілігі – қылығы - өзгелердің реакциясы – себептері.

4) психокоррек-циялық бағдарламаны қалыптастыру

Психокоррекциялық бағдарламаны құрастыру мен жүзеге асыруда индивидтің жауапкершілігін түсіндіру.

5) бағдарламаны жүзеге асыру

Келісім-шартқа сәйкес жүргізіледі

6) нәтижені бақылау

Шынайы жеткен көрсеткіш пен бағдарламада белгіленген мақсатты салыстыру негізінде жүзеге асырылады.

Коррекциялық жұмыстардың әдістері мен техникалары, бағалау өлшемдерін анықтау және тиімділігі соңында оның мақсатына орай анықталады.

Психологиялық коррекцияның міндеті индивидтің психологиялық іс- әрекетін сақтау, өзіне тиімді дағдыларды меңгеру болып табылады.

Психокоррекция тиімділігін бағалау ерекшелігі.

Коррекция тиімділігін анықтайтын факторлар

Тиімділікті бағалаудың талаптары

  1. Клиент не күтеді.

  2. Клиент үшін маңыздылық «Бар мәселеден арылу»

  3. Клиент мәселесінің сипаттамасы

  4. Клиент серіктес болуға дайындығы.

  5. Коррекция жүргізуші психологтың күтетіні.Психологтың кәсіби және тұлғалық тәжрибесі.

  6. Психокоррекцияның түрлі әдістерінің ерекше әсері.

  • әдістерді нақты анықтау

  • мамандар

дың бірдей біліктілік деңгейі

  • жұмыс бағасын тәуелсіз сарапшылар, мамандар беру керек

  • психолог тұлғасының құрылымын, әсер ету тиімділігін алдын-ала болжау үшін, оның сапаларының көріну деңгейін есепке алу;

  • тікелей және жанама нәтижені салыстыру,

  • кәсіби мақсат –міндеттер

ге әсер ететін теориялық алғы шарттарды ескеру;

  • топтық түзету жұмыстарында психологтың кәсіби мүмкіндіктерін ескеру қажет

Психологтың – «клиентке» қатынасы

Коррекция жұмысы барысында субъектіге психологиялық әсер етуде психолог жетекші роль атқарады. Кәсіби құндылығының ең бастысы – тұлғаның бірегейлігіне бағыт ала отырып, психолог коррекциялық бағдарламаның мазмұнын анықтауда, оны жүзеге асыру уақытын, әсер ету әдістерін, ең маңыздысы, оның нәтижесіне жауапкершілік алады.

Әсіресе, онтогенезде бастапқы кезеңдегі дамуды коррекциялауда жауапкершілік жоғары. Бұл үш себептермен шартталады:

  1. Балалық шақтағы жеке және жас ерекшеліктері даму қалыпты шамамен сипатталады. Қалыпты шама-нақты бір баланың психикалық мүмкіндіктерін бағалау деңгейін көрсетеді, әрі бағыттаушы (ауытқу), коррекциялық жұмысқа негіз етіп алынады.

  2. Психологиялық диагноз қоюдың күрделілігі, түсініктігі, дәйекті, дәлелді, сенімді әдістемелер қолданылуымен анықталады. Зерттеуге қатысудан бас тартуы, қызығушылықтың жоғарылауы немесе зейінінің басқа нәрсеге ауысып кетпеу үшін тесттік тапсырманы орындауда баланың психологқа сенімділігін арттыру қажет.

  3. Коррекциялық жұмыста үлкендермен қарым-қатынаста бала өз құқықтарын қорғап, мақсатына берік болуы қиынға соғатынын ескеру керек.

Психокоррекциялық жұмыста психолог клиент арасындағы қарым-қатынастың үш нұсқасы бар /Г.С.Абрамова бойынша/:

  1. «Мен сияқты жаса» /психолог клиентпен жауапкершілікті бөліседі/

  2. «Кел, бірге жасайық» /психолог клиентпен жауапкершілікті бөліседі/

  3. «Мына тәсілдерден өзің таңдау жаса» /клиент өзіне жауапкершілік алу ұсынылады/

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]