Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психокоррекциялық жаттығулар,.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
556 Кб
Скачать
☆

2. Отбасынан тыс жерде қарым-қатынасқа түсу қиындығын түзетудегі коррекция.

-ұжымдық ойындар (рөлдерді және қатынасты шынайы бөле білу);

-мінез-құлықты түзету ойындары (агрессияны шығару);

-психотерапиялық бедел (жас ерекшелігіне қарай, өзіндік баға);

әлеуметтік терапия (топта балаға деген қатынастың өзгеруі);

3. Өзіндік баға, қобалжу және эмоционалды қысымды күшейту, енжарлық:

психогимнастика; холдинг-терапия;

арттерапия; психодрамма және т.б

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған түзету - дамыту бағдарламасы

Баланың мектепке бейімделудегі қиындықтың бірі оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтіретін танымдық процестердің төмен деңгейде болуынан туындайды. Бала мектепке келгеннен психолог танымдық процестердің даму деңгейін анықтайды. Анықтау нәтижелері бойынша қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау, зейін процестерін түзетуге бағытталатын арнайы топ қалыптасады. Бағдарлама құрамында: психогимнастика жаттығулары, босаңсу, аутотренинг тәсілдері бар. Арт-терапия техникасы (сурет, сазбен жұмыс жасау т.б.), денелік – басқару терапиясы, әлеуметтік психологиялық тренингтер және т.б.

Мақсаты:балаларды мектепке оқуға бейімдеу және танымдық процестерді дамыту.

Міндеттері:оқуға бейімдеу, есте сақтауды дамыту; зейінді дамыту; ойлауды дамыту; балаларда ұнамды эмоция қалыптастыру; коммуникативті дағдыларды қалыптастыру.

Коррекция пәні: балалардың танымдық сферасы.

Сабақты жүргізу формасы: аптасына екі рет 30-40 минуттан 10 сабақ. Топта 10-13 болуы тиіс. Жұмыс барысында ата-аналар және мұғалімдерге жеке кеңес беру жұмыстары да қарастырылады.

Жүргізу құралы: топтың бірлігін көтеруге, танымдық процестерді дамытуға бағытталған ойындар, психогимнастика элементтері, әңгіме, изотерапия.

Сабақ кезеңдері: І-бағдарлы (2 сабақ); ІІ-қайта қалыптастыру (7 сабақ); ІІІ- бекіту сабағы (1 сабақ).

Сабақтың түрі: әрбір сабақ үш бөлімнен тұрады: серіктіру (2-3 жаттығу), негізгі бөлім (2-4 жаттығу). және қорытынды бөлім (2-3 жаттығу).

Серіктіру бөлімнің мақсаты: топқа жағымды бағыт қалыптастыру; күш алу; қысымды жою.

Негізгі бөлім: бүкіл сабақ барысында жетекші іс-әрекет ойын. Бағдарлама мақсат-міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді қолданады.

Қорытынды бөлім мақсаты: топқа қатысты сезімін тудыру; жағымды эмоцияларды бекіту.

Сәлемдесу және қоштасу.

Бағдарлама мазмұны

р/с

Сабақтың тақырыбы

Жаттығулар түрлері

1

Кіріспе

«Танысу», «Бетперделер», «Жұмбақтар», «Ұлу» «Үзіліс уақытында не істеуге болады?».

2

Мен және өзгелер

«Мейірімді есім», «Атомдар және молекулалар», «Мен ... ұнатамын», «Тыныштықты тыңдау», «Көңіл-күй өлшегіші»

3

Ойлан, тап!

«Көңіл-күй өлшегіші»,Әңгіме, «Лабиринттер»,

«Айна», «Байқа және есте сақта», «Маған ... ұнайды».

4

Достығымыз жарасқан

«Бұл мен, мені таны», «Шатасу», «Мейірімді піл», «Көңіл-күй өлшегіші»

5

Кім, қайдан, қай жерден?

«Артықты тап», «Әңгімелесу», «Айырмашылықтарын тап»,

«Айна», «Ұлу».

6

Кел, бірге ойнайық!

«Шимақтасқан сызықтар», «Жанды сурет», «Ұқсастық және айырмашылық», «Тасбақалар», «Бетперделер»

7

Жүзден жүйрік

«Мұрныңды көрсет», «Аяқталмаған фигуралар», «Жұмбақтар»

8

Саған сенім артамын

«Егер де ..., не болар еді», «Заттардың қолданылу тәсілдері», «Тасбақалар»

9

Ойлануға кез келді

«Кім көбірек», «Айна», «Тыныштықты тыңдаймыз», «Атомдар және молекулалар».

10

Қарым – қатынас менің өмірім

«Медаль», «Бетперделер»

1-ші сабақ. Кіріспе

Мақсаты-балаларға бір-бірімен және ересектермен өзара қарым-қатынас жасауға көмектесу, жағымды хал-ахуал қалыптастыру.

1 жаттығу «Танысу»

Балалар психологпен бірге шеңбер бойымен орындықтарға отырады. Психолог өзін таныстырады. (балалардан олардың психолог туралы ойын сұрауына болады). Балаларға өз есімін және тегін атау ұсынылады, екінші бала өз есімін және бірінші бала есімін қайталайды т.с.с.

2 жаттығу «Бетперделер»

Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін үш бетперде дайындалады. Онда үш келбет бейнеленген: көңілді, мұңды және ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл - күйіңізді таңдаңыз және «не үшін» екенін түсіндіріңіз.

3 жаттығу «Жұмбақтар»

Мақсаты – бейнелі және логикалық ойлауды, маңызды белгілерді ерекшелеу және салыстыру іскерліктерін дамыту; ойлау қабілетінің жылдамдығын және икемділігін жаттықтыру.

4 жаттығу «Үзіліс уақытында не істеуге болады?»

Мақсаты – бейнелі және логикалық ойлауды, өз ойларын жеткізе білу іскерліктерін дамыту.

Балаларға «Үзіліс уақытында не істеп үлгеруге болады?» деген сауалға ойланып жауап беру ұсынылады. Балалар өз ойларын білдіріп болғаннан кейін, мектепте қандай істер жасауға тиым салынатынын және не үшін екендігін атау ұсынылады.

5 жаттығу «Ұлу»

Мақсаты – эмоционалды қысымды, агрессияны шығару. Балалардың шапшаңдығын төмендету.

Балаларға келесі сұрақ қойылады: «Қалай ойлайсыздар, ұлу не үшін құрбақадан қорқады? Қауіп төнгенде ұлу не істейді?». Содан кейін балалар «паравоздың» артынан бір-бірлерінің белдерін ұстайды. Енді біз сізбен бір үлкен ұлумыз. «Құрбақа» деп белгі берілгенде ұлу спираль түрінде оралады және қатып қалады, қозғалмайды және қимылдамайды. «Құрбақа секіріп кетті» белгісі бойынша балалар қолдарын босатып жан-жаққа тарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]