- •3. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар
- •2. Диагностика мен коррекция ұстанымы
- •4. Психокоррекциялық бағдарламаларды құрастыру алгоритмі
- •Коррекция бағдарламалары түрлері
- •Дамудағы қиындық себептерін түсіндірудің түрлі моделдері
- •Психокоррекция міндеттері
- •Психокоррекция кешенінің негізгі бөлімдері
- •Психологтың – «клиентке» қатынасы
- •Жеке психокоррекция жұмысының кезеңдері
- •Психокоррекция тиімділігін бағалау ерекшелігі.
- •Мектеп жасындағы оқушылармен психологиялық қызметтің жүргізілу ерекшелігі
- •2. Отбасынан тыс жерде қарым-қатынасқа түсу қиындығын түзетудегі коррекция.
- •Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруға бағытталған түзету - дамыту бағдарламасы
- •2 Сабақ « Мен және өзгелер»
- •3 Сабақ «Ойлан, тап!»
- •4 Сабақ «Достығымыз жарасқан»
- •5 Сабақ Кім, қайдан, қай жерден?
- •6 Сабақ. Кел, бірге ойнайық
- •7 Сабақ. Жүзден жүйрік
- •8 Сабақ. Саған сенім артамын
- •9 Сабақ. Ойлануға кез келді
- •10 Сабақ. Қарым – қатынас менің өмірім
- •Бастауыш сынып жасындағы балалардың танымдық процесіне арналған түзету - дамыту бағдарламасы
- •Танысу « Қуаныш шеңбері»
- •«Кішкентай қоңыз»
- •«Сіріңкемен бас қатырғыш»
- •Психогимнастика «Нәзік мысық»
- •«Менің отбасым» суреті.
- •«Сөздер жұбы». Мақсаты: есті дамыту.
- •«Шатастырғыш»
- •«Бірдей заттарды тап»
- •«Шатастырмақ» ойыны.
- •Босаңсу.
- •«Айналмақ».
- •Сабақтың қорытындысын шығару.
- •6. «Қаладағы шу»
- •Танысу Қуаныш шеңбері.
- •2. Психогимнастика «Затты жалғап жібер»
- •4. «Екі қолмен сурет саламыз»
- •5. «Көршінің суретін аяқта»
- •6. «Соқыр мен жетелеуші»
- •7. Ойын «Тірі топтар»
- •10. «Мәндес жұптар»
- •11. Жаттығу «Анықтама бер»
- •12. Жаттығу «Білгіш»
- •6. «Сөз ойлап тап»
- •8. Ширату «Үлпілдектер».
- •9. «Баханай айтты»
- •10. Морзе әліпбиі.
- •11. Жаттығу «Затты аяғына дейін сал»
- •Танысу Қуаныш шеңбері.
- •3.«Айна»
- •4. «Сіріңкелермен бас қатырғыш»
- •5. Ойын « Төрт апат»
- •6.«Бақылағыштарға арналған пантомима»
- •«Мүмкін емес жағдайлар»
- •Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»
- •Жаттығу «Қызықты арифметика»
- •4. Пуантилизм – саусақ өнері.
- •«Белгілерді белгіле»
- •«Барлаушылар»
- •«Айналғыштар»
- •Психогимнастика «Теңіз жағасында»
- •«Қылыш пен қалқан»
- •«Айналмақ».
- •1.Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»
- •«Ребустер»
- •Сурет «Кім болғым келеді?»
- •12.«Айналмақ»
- •1.Сәлемдесу «Қуаныш шеңбері»
- •2. Ойын «Қоян»
- •3. «Сіріңкелермен бас қатырғыш»
- •4. Ойын «Болады - болмайды»
- •5. Ойын «Тыңда және орында»
- •2. «Үрлегіш пен доп»
- •«Жұдырығымда не бар?»
- •Бос уақыт. Пазылдармен жұмыс.
- •Коллаж «Мен өз болашағымды қалай елестетемін?»
- •Танысу «Қуаныш ортасы»
- •Ширату «Жел соғады»
- •8. Үстел ойыны «Қу сайқымазақ»
- •9. Коллаждарды көрсету.
- •10. Ортақ сурет (анамызбен бірге сурет саламыз).
- •Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған сабақтар
6. «Сөз ойлап тап»
Мақсаты: ойша әрекет ету қабілетін дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: 6-7 әріптен тұратын негізгі сөз ойлап табылады (мысалы: ойыншық). Келесі ойыншы осы әріптерден қандайда бір сөз ойлап табады. Ол сөз кез-келген әріптер санынан тұрады, бірақ бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Егер ойыншы мұны айта алса ұпай жинайды, айта алмаса кезегін жібереді.
7. Балшықпен жұмыс. «Көзімізді жұмып илейміз» (еркін тақырып).
8. Ширату «Үлпілдектер».
Мақсаты: қозғалыс белсенділігін дамыту, өз әрекетін бақылауға үйрету.
Жаттығудың жүргізілуі: Жетекші әрбір балаға кішкентай мақтадан таратады, олар мақтаны көпсітіп, жеңіл әрі үлпілдек етіп жасайды. Жетекші белгісінен кейін балалар өздерінің «үлпілдіктерін» ауада құлап кетпейтіндей ұзақ үрлеп жүреді бірақ қолдың көмегін пайдаланбайды.
Егер кімнің «үлпілдегі» ауада ұзақ ұсталса сол бала жеңіске жетеді
9. «Баханай айтты»
Жаттығудың жүргізілуі: Егер жетекші Баханай сөзін қосып айтса,
балалар жетекшінің тапсырмасын орындайды (қолыңды көтер, секір).Егер Баханай сөзін айтпаса, бұйрықты орындамаулары қажет. Қателескен ойыншы ойыннан шығады. Ең соңында ең зейінді ойыншы қалды.
10. Морзе әліпбиі.
Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жетілдіру.
Ойынның жүргізілуі: Америка суретшісі және өнертапқышы ойлап тапқан әліппе осылай аталатындығы балаларға әңгімеленеді. Морзе әліпбиі – хабарламаны жеткізетін және қабылдайтын арнайы код. Бұл код қысқа және ұзақ дыбыстардан тұрады. Қағазда олар нүкте (қысқа сигналдар) және сызықша (ұзақ сигналдар) болып белгіленеді. Бұл сигналдар арнайы тасымалдағыштар мен қабылдағыштар көмегі арқылы беріледі. Балаға бірнеше жасырылған сөздерді Морзе әліпбиі арқылы оқу ұсынылады. Суретте осы әліпбиді бейнелейтін бірнеше әріптер беріледі, содан кейін жасырылған сөздер. Әрбір жолақта – бір әріп жазылған.
Тапсырманың жауаптары: 1 – ск, 2 – нан, 3 – бал, 4 – кірпі, 5 – Морзе, 6 – сақал, 7 – төсек.
11. Жаттығу «Затты аяғына дейін сал»
Мақсаты: Шығармашылық ойлауды дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Іс – қағазда екі қатарда салынған бірдей сызық кескіндері бар парақ беріледі.кескіндер дөңгелекті, иректі, шаршыны еске түсіруі мүмкін. Баланың міндеті – салынған кескіндерді пайдаланып көптеген әртүрлі заттарды салу.
12. Психогимнастика «Аспанға қалай жетуге болады?»
Достар, не істеуге болады ,(иығымызды түзетіп, қолымызды жазамыз)
Аспанға жету үшін? (қолымызды көлегейлеп, жоғарыға қараймыз)
Алдымен тамаққа отырып (үстелге отырамыз)
Дәмді ботқаны жейміз (тамақ ішуді бейнелейміз)
Жасыл орманға барып (тұрып, адымдаймыз)
Биік ағаш табамыз (қолымызды жоғары көтереміз)
Бұтақтары арқылы ақ бұлттарға барамыз ( қолымызбен жоғары шығып бара жатқанымызды бейнелейміз)
Бізге ешкім жете алмас! (қолымызды екі жаққа созамыз)
Күнді ұстап аламыз (қолымызбен күннің формасын ұстап аламыз)
Енді міне - кері жол... (сағатқа қараймыз)
Қолымызды күнге қарап бұлғаймыз (алақанымызбен бұлғаймыз)
Үйге қарай ұшамыз (ұшып бара жатқанды бейнелеп, орнымызға отырамыз)
13. Босаңсу.
14. «Айналмақ». Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
15. Сабақтың қорытындысын шығару. Қоштасу. Әрбір бала шеңбер бойынша осы сәтте өзін қалай сезініп тұрғанын, бүгінгі сабақта не ұнағанын, ненің ұнамағанын, келесі сабақта нені қалайтынын айтады.
№5 сабақ «Қане, бірге қозғалайық»
р/с |
Іс-әрекет түрі |
Материалдар |
Уақыт |
1 |
Амандасу «Қуаныш шеңбері» |
|
5 мин |
2 |
«Жүру керек.. Отыру керек... Қабағын шыту..» |
|
10 мин |
3 |
«Айна» |
|
15 мин |
4 |
«Сіріңкелермен бас қатырғыш» |
Сіреңке қорабы |
10 мин |
5 |
Ойын «Төрт апат» |
|
10 мин |
6 |
«Бақылампаздарға арналған пантомима» |
|
15 мин |
7 |
«Ойламаған оқиғалар» |
|
20 мин |
|
Үзіліс |
|
20 мин |
8 |
Жаттығу «Айдаһар өзінің құйрығын тістейді» |
|
10 мин |
9 |
Пазлдармен жұмыс |
Пазлдар |
10 мин |
10 |
«Сиқырлы орман»пластилиннен аңдар жасап, ертегі құрастыру |
Пластилин |
10 мин |
11 |
Психогимнастика «Теңіз толқиды бір...» |
|
15 мин |
12 |
Босаңсу |
|
5 мин |
13 |
«Айналмақ» |
|
10 мин |
14 |
Сабақтың нәтижесін шығару. Қоштасу |
|
5 мин |
Барлығы: 3 сағат
