Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

1. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері

Жалпы бухгалтерлiк есепте баланс баптарының сомасына әсер ететiн шаруашылық операцияларын төрт түрге бөлiп қарастырады.

Бiрiншi түрiне жатқызылатын шаруашылық оепрациялары бухгалтерлiк баланстың тек актив бөлiмiне әсер етедi. Бұл жағдайда актив бөлiмiндегi бiр бап қандай да бiр сомаға азайса, екiншi бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтiң жалпы сомасы мен баланс сомасы ешқандай өзгермейдi. Мысалы, кәсiпорынның банктегi есеп айырысу шотынан кассаға 100 мың теңге алынды.Бұл жағдайда есеп айрысу шоты бабындағы сома 100 мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың 100 мың теңгеге артады. Баланстың активi мен пассивi арасындағы теңдiк өзгермейдi.

Екiншi түрiне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлiк баланстың тек қана пассив бөлiмiне әсер етедi. Актив бөлiмiнде өзгерiс болмайды, бұл жағдайда пассив бөлiмiндегi бiр бап қандай да бiр сомаға азайып, екiншi бап тура сомаға артады. Ал пассивтiң жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейдi.Мысалы, ұйым өзiнiң жабдықтаушы мердiгерлерiнiң алдындағы 500 мың теңге қарызын банк мекесiнен алынған несие арқылы қайтарды делiк. Бұл уақытта кәсiпорынның бухгалтерлiк балансындағы жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 500 мың теңгеге азайып, ал банк несиесi бабындағы сома 500 мың теңгеге артады. Ал баланстың активi мен пассивi арасындағы теңдiк өзгермейдi.

Үшiншi түрiне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екi түрiнен айырмашылығы бұл операциялар барысында баланстың активi мен пассивi бiрдей сомаға артады. Яғни ьұл жағдайда операция әсерiнен баланстың актив бөлiмiндегi бiр баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөлiмiндегi сомасы осындай сомаға артады. Мысалы, жабдықаушы-мердiгерлерден кәсiпорынға 200 мың теңгенiң материалдары келiп түстi. Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлiк баланстағы жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу деп аталытын бабындағы және материалдар деп аталатын бабындағы сома бiр уақытта 200 мың теңгеге көбейедi. Яғни кәсiпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейедi. Сонымен қатар 200 мың теңгеге баланстың сомасы да өстi.

Баланс баптарының сомасына әсер ететiн шаруашылық операцияларының төртiншi түрi үшiншi түрiне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келедi. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бiр уақытта бiрдей сомаға өзгередi. Айырмашылығы -үшiншi түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлiмдерi) белгiлi бiр сомаға көбейсе, төртiншi түрге жататын операциялар әсерiнен актив пен пассив, сондай- ақ баланстың сомасы қандай да бiр сомаға кемидi. Мысалы, кәсiпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшiн 50 мың теңге борышы төлендi.Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалары және бюджетпен есеп айырысу (қосылған құнға салынатын салық үшiн қарыз) деп аталатын баптарының сомалары бiр уақытта 50 мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар баланыстың сомасы да 50 мың теңгеге кемидi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]