Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

2. Үмітсіз дебиторлық борыштарды есептен шығару. Күмәнді дебиторлық борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері

Сатып-алушылардың келісім-шартта белгіленген мерзімде төленбеген шоттары күмәнді борыштар деп аталады.

Күмәнді борыштар бойынша резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 ”Табыс” деп аталатын қазақстандық стандартымен және оған әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.

Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.

Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:

қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын-ала қарастыратын резервтеу әдісі;

нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын тікелей есептен шығару әдісі.

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді емес, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде қайтарылмайтын қарыздарға жатқызылса, сол есепті мерзімде ол шығынға апрарылуы тиіс деп есептелінеді.

Алайда Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер салық есептеулерінде тек тікелей есептен шығару әдісін пайдалануға тиісті.

Күмәнді борыштар есебін жүргізгенде бухгалтерлік есептің сәйкестік принципі басшылыққа алынуы қажет.

Күмәнді борыштар бойынша резервтеу әдісі - борыш бойынша кәсіпорын болашақта алуға тиісті сомаға дейін шоттардың көлемін азайтуды және ағымдағы мерзімде күтілетін мұндай шығындарды бөліп көрсетуді қамтамасыз етеді.

3. Аудиттің түрлері және аудитке ілеспе қызметтер

Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жүмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жүмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орыңдары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын рөлі' өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Жалпы аудит туралы, оның ішіңде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі.

№ 6 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]