Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

2. Қаржылық есептіліктің мақсаты. Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:-Бухгалтерлік баланс -Пайда мен зияндар туралы есеп -Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп -Капиталдағы өзгерістер туралы есеп -Түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі мен оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы, бас бухгалтері және жеке кәсіпкер қол қояды.

3. Бақылау ортасы (бо) туралы түсінік және оның құрамы, көптүрлілігі

Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Бақылау ортасы келесідей компоненттерден түрады:- экономикалық субъектіні баскару стилі;- экономикалық субъекгінің ұйымдық кұрылымы; — қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;— бақылаушы қызмет және ішкі аудит;— кадрлық саясат.

Бақылау күралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар (әдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау күралдарының ең көп тараған түрлеріне жатады:

мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес' шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;

— басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;

— бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;

— есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;

— құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжаттарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, кұжаттарды. кітапша ету, сақтау және архивке қою;

№ 32 емтихан билеті

1. Дебиторлық борыштың есебі

Дебиторлық қарыз болып жеке тұлғалардың, ұйымдардың және басқада дебиторлардың кәсiпорын алдындағы ақшалай нысанындағы мiндеттемелерi табылады. Дебиторлық қарыздар әртүрлi операцияларды жүзеге асыру кезiнде, соның iшiнде жие өнiмдi, тауарларды және қызметтердi өткiзу кезiнде пайда болады.

Дебиторлық қарыздар алынуға тиiстi шоттардың өтелу немесе қарыздардың өтелу мерзiмiне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзiмдi және ағымдағы болып жiктеледi. Дебиторлық қарыздар шот-фактура құжатымен расталады.

Негiзiнен дебиторлық қарыздар кәсiпорынның негiзгi қызмет нәтижесiнде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша сатып алушылардың мiнедеттемелер және басқада қызмет нәтижесiнде пайда болған дебиторлық қарыздар соммасы болып жiктеледi.

Өнiмдердi, тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) өткiзу кезiнде анықталған шоттар және алынған вексельдер тауарлы мiндеттемелер деп аталады.

Кәсiпорынның дебиторлық қарыздары қатарына алынуға тиiстi проценттер бойынша төлемдер персоналдарға және еншiлес компанияларына берiлген ссудалар жатқызылады.

Егерде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша ақша қаражаттары толық түрде өтелмесе, сатып алушылар бойынша талаптардiң қалған бөлiгi өтемсiз болып табылады. Мұндай жағдай кәспорындардың қызмет бабында жие кездеседi.

Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».

1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».

1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».

1620 «Алдағы кезең шығындары».

1630 «Берілген аванстар».

Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:

Дт: 7010 Сатылған өнімдердіңөзіндік құны

Кт: 1320 Дайын өнімдер

Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты

Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы

Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]