Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

1. Бухгалтерлік есептегі этика

Бухгалтерлердің мамандық мінез-құлқының этикасы жұмыс этикасына тең, бұлар серіктерінің, мінез-құлықтарының ережелері мен нормаларына негізделеді, соңында қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызады. Бұл ережелер мен нормалардың маңыздылығы – өзара сенімділікті бекіту, серіктерін бағыттан адастырмау, өзінің ойы мен қызметі туралы серіктерін әрқашан хабардар етіп отыру.

Бухгалтер мамандығының негізгі айрықша ерекшелігі қоғамның, сәйкесінше, ажырамас түрде басшы мен әріптестері алдында өзінің жауапкершілігін сезіну. Осыдан, бухгалтерлік мамандықтың негізгі міндеті – ақпартты қолданушылардың талаптарын барынша қанағаттандыру үшін жоғары маманданды түрде жұмыс жасау.

Этикалық жағынан Кодекстің мамандық білімі мен жарнамаға арналған жері маңызды болып табылады. Мұнда бухгалтердің өз-өзіне жарнама жасамауы керектігі айтылады, бірақ барлық жұмысты шеберлікпен және жоғары сапамен орындауы тиіс. Дегенмен, соңғы жылдары бухгалтер мамандығына жарнама жасауға шек қою алынып тасталынды. Сондықтан да, қоғамның өзгеруімен бухгалтерлердің де этикалық кодексі өзгертіліп, дамып отырады.

2. Тәуелді және қауымдасқан компаниялардың дебиторлық борыштарының есебі

1220 - «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді берешек қарыздары» бас шоты мына бөлімше шоттарынан тұрады:

1230 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді берешек қарыздары».

Жалпылама аталмыш шоттарда барлық еншілес және тәуелді сериктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады

1232 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді берешек қарыздары» шотын сипаттай келе, ХБЕС № 15 «Бірлескен қызмет бойынша қаржылық есеп беруде үлестік қатысудың көрсетілуі» стандартына «Бірлесіп-бақыланатын заңды түлға» сөзіне түсініктеме берілген. Айтылып өткендей «бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есептемесінде және біріктірілген (консолидациялық)қаржылық есептемесінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол пропорционалды біріктіру үшін есеп беретін форматтардың біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.

Біріктірілген есептеме жайлы айта отырып, № 13 Бухгалтерлік есеп стандартында «Біріктірілген қаржылық есеп беру мен еншілес серіктестіктердегі инвестициялардың есебіне» сәйкес оны құрудың әдістері ұсынылған. Біріктірілген есептеме құрамына кіретін негізгі серіктестікпен оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептемесі әдетте жалпыға бір есеп саясатын қолдану арқылы дайындалады. Егер топ мүшесі біріктірілген қаржылық есептемеде қыбылданған есеп саясатынан бөлек (басқа) есеп саясатын қолданатын болса,онда біріктіру (консолидациялау) барысында оның қаржылық есептемесіне сәйкес өзгертулер енгізіледі. Мүлік серіктістіктің активі болып, ал барлық қатысушылар иемденушілер болып қалады

3. ҚР-нда аудиторлық қызметті жүргізуді нормативтік реттеу жүйесі

Нормативтік-кұқықтық реттеу дегеніміз - бүл аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік кұжаттарда, ере-желерде (ішкі тэртіп, міндетгерді бөлу жөне т.б.) карастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу . 250 "Каржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде зандар мен нормативтік актілерді карастыру" деп. аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: "Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға жэне нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмэнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал етуі субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рүқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады" .

"Аудиторлық қызмет туралы" заң Қазақстан Республикасында ауди-торлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, занды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады (тіркемені қараңыз).

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).

2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және ауди-торлық қызметті лицензиялау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).

5тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кұқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).

6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және, жауапкершіліктері (21-25 баптар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]