Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

3. Ішкі бақылау жүйесі және оның құрамы (ібж)

Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:- Заң талаптарының орындалуы;- Мүлікті ысыраптан қорғау;- Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;

- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;

- Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;

- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;

- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

- Кэсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

- Шаруашылықгы жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін' енгізу...

Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты — оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бүл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей,' аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. ¥сынылған үсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің қажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бүрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтимаддылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бүл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба. алмайтындығын хабарлауы керек.

№ 31 емтихан билеті

1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің етіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары "күмәнді қарыздар" деп аталады. Күмәнді қарыздарға — уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күмәнді қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар. Біріншісі — тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танығаннан кейін ғана тікелейесептен шығарылады. Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындар алдын ала қарастырылған тәсілмен есептеледі.

Кәсiпорындар күдiктi (күмәндi) қарызды бағалаудың төмендегi екi тәсiлiмен анықталады:

      1. Сатылған өнiмнiң, орындалған жұмыстың, көрсетiлген қызметтiң пайыздық деңгейi бойынша;

      2. Төлемнiң мерзiмi бойынша.

Кәсiпорындар өзiнiң жылдық нәтижесiнде пайда болған күмәндi қарыздарын, төленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесiн шартты түрде төрт кезеңге бөлiп, әрбiр кезенде сатылған өнiмнiң көлемiн және соларға тиесiлi қарыздарын анықтайды.

Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».

1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».

1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».

1620 «Алдағы кезең шығындары».

1630 «Берілген аванстар».

Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:

Дт: 7010 Сатылған өнімдердіңөзіндік құны

Кт: 1320 Дайын өнімдер

Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты

Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы

Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]