Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

2. Негізгі құралдардың кейінгі есебі: тарихи құны бойынша есепке алу, негізгі құралдарды қайта бағалау

Негізгі қүралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады).

Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі кұралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға бола-тындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Корреспонденциялар:

Дт 3310

Кт 1010, 1030

Негізгі құралдардың обьектісі есебінен шығарылған шоттар бойынша төлем жүргізілді.

Дт 2410

Кт 3310

ҚҚС-сыз негізігі құралдар кірістелді.

Дт 1420

Кт 3310

ҚҚС сомасында проводка жасалуда.

Дт 3130

Кт 1420

ҚҚС бойынша сома.

Негізгі құралдарды шығару кезінде олардың баланстық құны жазылып, мынадай проводкалар жасалады.

  Дт 7410

    Кт 2410

негізгі құралдардың шығарылуы

Жиналған тозу сомасына проводка

  Дт 2420

   Кт 2410

Жиналған тозуға

3. Теріс пікір

Теріс аудиторлық қорытынды

Аудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша теріс аудиторлық қорытынды жасауға мөжбүр болған кезде, қорытынды бөлімде төмендегілер кдрастырылуға тиісті:

"Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсер етуінен қаржылық қорытынды есеп 200 жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл керінісін бере алмайды (немесе дәл көрсете алмайды)"

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]