Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

2. Пайда және зиян жөніндегі есеп

Пайда мен залал туралы есеп беру кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық нәтижелері, шығындары мен табыстары туралы ақпараттан тұрады. Пайда мен залал туралы есеп берудің негізгі элементтері табыс және шығын, пайда мен залал.

Шаруашылык субъектісінің табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 "Табыс" - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жар-наларынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз. Кірістер – есепті кезең ішінде активтерді көбейту немесе олардың құнын арттыру түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын міндеттемелерді азайту.

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты

Дебет 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары» шоты

Кредет 6010 «Тауарларды (қызметтерді) өткізуден түскен табыс»

3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты

Дебет 1030 «Ағымдағы есеп шоттағы теңгемен ақша қаражаттары» шоты

Кредет 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты

Қызмет көрсетуден түскен табыс есепті кезеңнің қаржылық нәтижелеріне қызмет көрсету нақты орындалғанда қосылады:

Дебет 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шоты

Кредет 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқы мерзімдік берешегі» шоты

Дебет 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімдік берешегі» шоты

Кредет 6010 «Дайын өнімді (тауарды, қызмет көрсетуді) өткізуден түскен табыс» шоты

Компания өзінің қаржылық есептілігіндегі «Пайда мен залалдар» есептілігін есептік әдіске сәйкес дайындауы қажет. Есептік әдіс бойынша операциялар мен оқиғалар іске асқан кезінен бастап (ақша қаражаттары мен эквиваленттері түскен, төленген кезінен емес) расталады және есептік регистрларда тіркелінеді

3. Дәлелдер алудағы аудиторлық әдістемелер (тәсілдер)

Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз- аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде, пайдалануға алатын ақпараттары. . Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған жэне басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы қүжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Аудитор сенімді дәлелдеулер алу үшін әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады:

-Бақылау - өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады.

-Растау - сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.

-Сұрақ беру – нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап, ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттер дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.

-Түгендеу - аудитордың материалдық активтерді тексеруі және санауы. Бүл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы-материлдық босалқылармен байланысты.

-Құжаттарды тексеру - оқу, іріктеу жэне күжаттармен танысу,-салыстыру жэне дэлелдеулер жатады.

-Қайта есептеу деп - клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлділігін есептеу процедураларын айтады.

-Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы, бастапқы қүжаттарды ) үздіксіз қарап отыру.

-Арнайы тексеру - тексеру жүргізуге тар мамандықтын иесін тарту.

№ 25 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]