Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

1. Алғашқы құжаттар, олардың реквизиттері және толтыру тәртібі

  Бастапқы құжаттар деп-заңды мағынасы бар шаруашылық фактілерінің мазнұнын арнайы үлгідегі қағаздарға рәсімдеп жазу мен куәландыруды айтамыз.

Қандай да болмасын құжаттардың өзіне тән заң актілерімен және арнайы ережелермен белгіленгендеректері (реквизиттері) болады. Реквизит латын сөзі. Бұл сөз «қажетті»деген ұғым береді. Реквизиттер барлық құжаттарға түсірілуі керек. Құжаттардың деректері мен мәліметтері арнайы мақсаттарға қарай толтырылады. Құжаттар үлгісін пайдаланып,мұның деректерін толтырушы адамдар заң алдында, осы ұйымның қабылдаған өз ережесін және құжат айналысын бұзбау үшін жауапты болады.

Құжаттардың деректеріне (реквизит) мыналар жатады:

—      құжаттардың аталуы және құжат үлгісінің коды;

—      құжаттарды рәсімдеген күн;

—      шаруашылық фактісінің мазмұны;

—      шаруашылық фактісін сандық және сапалық бақалаудағы өлшеу бірлігі;

—      орындалған фактіге жауап берушілердің аты-жөні,бұлардың қойған қолы,ұйымның аталуы.

2. Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал; салымдар мен пайлар

Жарғылық капитал -кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шжс іс-қызметінің өрісі мен жағдайына ұйымдастыру құқықтық түріне байланыстырады.

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша акциялардың сандары, бір акциянынң номиналдық құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамнаң жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздауына, өндірістің өркендеуіне, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты шаруашылық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақыттарда резервтік капиталда оған сәйкес артып отыруға тиіс.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010 «Жарияланған капитал» деген шотта 5000 «Шығарылған капитал» шоттар бөлімшесіне енгізілетін шотта жүргізіледі.

3. Кейбір аудиторлық әдістемелер түрлеріне жеке сипаттама

Аудит мақсатынаң консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешіп алу қажет. Олардың ішінен ерекшелеп мыналарды бөліп көрсету керек:

  1. Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;

  2. Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;

  3. Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметьін жүйелі талдау;

  4. Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру;

  5. Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;

  6. Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;

  7. Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

Аудиттің нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады,

Аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.

№ 26 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]