Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

7 Емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есептің негізін құраушы қағидалар: есептеу қағидасы, үздіксіздік қағидасы

Бухгалтерлік есептің келесі негізгі қағидалары бар:

-есептеу қағидасы. Бұл қағида бойынша тауарлар және көрсетілген қызметтер , орныдалған жұмыстар үшін алынған табыстар немесе қойылған талапты айтады. Қойылған талап дегеніміз ақша қаражаты алынуға тиісті берілген шот;

-дербестік принцип. Меншік иелігіне қарамастан әрбір немесе кез-келген ұйым бухгалтерлік есеп шоттарын қолданып, есепті жүргізуге міндетті;

-үздіксіз іс-әрекет қағидасы. Өз қызметін атқарып келе жатқан ұйым жақын арада жойылмай белгісіз уақытқа дейін іс-әрекетін жалғастыра бермек;

2. Қызметкерлердің, жал бойынша, алынуға тиісті сыйақылар бойынша, басқа да дебиторлық борыштарды

Дебиторлық қарыздардың ең басты қолданатын баптарының бiрi «Сатып алушылар және тапсырыс берушiлермен есеп айырысу» табылады.

1210 "Алынуға тиiстi қарыздар" шотында жөнелтiлген өнiм (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады.

Алынуға тиiстi дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзiмдегi) дебиторлық қарыздар, яғни бiр есептiк кезеңнiң iшiндегi болып және ұзақ мерзiмдегi дебиторлық қарыздар, яғни бiрнеше есептiк кезендi қамтитын болып екiге бөлiнедi.

Шаруашылық субъектісіне басқадай опреациялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептелінеді:

1420 – «Қосымша құн салығы»;

1270 - «Алынатын қысқа мерзімді сыйақылар»;

1250 – «Еңбеккерлердің қысқа мерзімді берешек қарыздары»;

1280 – «Қысқа мерзімді басқалай берешектер қарызы».

1270 - «Алынатын қысқа мерзімді сыйақылар» - шотында субъектінің шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз (процент) түрінде алатын сомасы сондай-ақ салынған инвенстициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Осыған байланысты 1270 «Алынатын қысқа мерзімді сыйақылар» шотына сәйкес негізгі бухгалтерлік жазулар мына түрде жазылады.

3. ҚР-нда аудиторлық қызметті жүргізуді анықтайтын құқықтар мен нормативтерге шолу

Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады. Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б.) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. 250 “Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарастыру” деп аталатын Халықаралық аудит стандартында былай делінген: “Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы, ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсат қағаздарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады”. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.

№ 8 емтихан билеті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]