Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

3. Аудиттің пайда болуы және дамуы

Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дүрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (ауди-торлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Аудиттің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру .

№ 3 емтихан билеті

1. Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау

Бухгалтерлік  ақпарат жүйесі (БАЖ) дегеніміз – экономикалық объектіні басқаруға қажетті  ақпараттарды жинақтау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығару.

     Қазіргі   кезде   әр   түрлі   міндеттегі   көптеген   ақпарат жүйелері жұмыс істейді. Олардың бір-бірінен айырмашылығы келесі   факторлармен    анықталады: басқару объектісінің сипаты; жинақталған тәжірибе бойынша БАЖ-ды құру және қолданудың жұмысы; деректерді жинақтау, табыстау және өңдеу құралдарының   қолданылуы;   БАЖ-ды   басқару   объектілері тапшылығының ұстанымы (позициясы) және тағы басқалар.

     БАЖ-ды жобалау процесіне жүйелік тәсіл  принцапі жатады, ол басқару жүйесіне талдау жүргізуді, сонымен қатар автоматтандыру барысында объектінің жалпы мақсаттары мен жұмыс істеу критерийлерін жасауды жорамалдайы. Берілген принцип жүйеге ақпараттарды бір рет енгізіп, онда көп қайтара пайдаланылуды, ақпарат базасының бірлігі программалық кешенді қамтамасыз етеді.

Бухгалтерлік ақпарат жүйесі екі бөлімнен тұрады:

-БАЖ-дың атқарымдық бөлімі - бұл жеке және кешендік мәселелерден тұратын қосалқы жүйелердің жиынтығы және бухгалтерлік есептің нақты мәселелері.

- Жабдықтау бөлімі - бұл жүйенің автоматтандырылған тәртіптемесіндегі жұмыс істеуіне қажетті шарттардың жиынтығы.

2. Дебиторлық борыштарды тану және жіктеу

Дебиторлық қарыз болып жеке тұлғалардың, ұйымдардың және басқада дебиторлардың кәсiпорын алдындағы ақшалай нысанындағы мiндеттемелерi табылады. Дебиторлық қарыздар әртүрлi операцияларды жүзеге асыру кезiнде, соның iшiнде жие өнiмдi, тауарларды және қызметтердi өткiзу кезiнде пайда болады.

Дебиторлық қарыздар алынуға тиiстi шоттардың өтелу немесе қарыздардың өтелу мерзiмiне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзiмдi және ағымдағы болып жiктеледi. Дебиторлық қарыздар шот-фактура құжатымен расталады.

Негiзiнен дебиторлық қарыздар кәсiпорынның негiзгi қызмет нәтижесiнде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша сатып алушылардың мiнедеттемелер және басқада қызмет нәтижесiнде пайда болған дебиторлық қарыздар соммасы болып жiктеледi.

Кәсiпорынның дебиторлық қарыздары қатарына алынуға тиiстi проценттер бойынша төлемдер персоналдарға және еншiлес компанияларына берiлген ссудалар жатқызылады.

Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:

1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».

1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».

1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».

1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».

1620 «Алдағы кезең шығындары».

1630 «Берілген аванстар».

Сатылған тауарлардың өзіндік құнына:

Дт: 7010 Сатылған өнімдердіңөзіндік құны

Кт: 1320 Дайын өнімдер

Сатылған тауарлардан алынатын сомаға:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Кт: 6010 Дайын өнімдерді сатудан алынатын табыс шоты

Сатылған тауарлар үшін есептелеген ҚҚС сомасына:

Дт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Кт: 3130 Қосылған құн салығы сомасы

Сатылған тауарлар үшін алынатын сома келіп түскенде:

Дт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар шоты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]