Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

1. Айналым ведомості – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы

Айналым ведомостісі дегеніміз – бухгалтерлік шоттарда көрсетілген ақпаратты  бір жерде  жинақтап көрсететін әдіс. Яғни шоттардың қалдықтарын және айналымдарын айналым ведомостісі қорытынды баланс жасау үшін өте қажет.

Айналым ведомостісін толтыру арқылы бухгалтерлік шоттардағы есептің дұрыстығы бақыланып, кеткен қаталер түзетіліп, балансқа  толтыруға дайын мәліметтер жинақталады. Сондықтан да айналым ведомостісін Батыс елдерінде дайындық балансы деп атайды.

Айналым ведомостісі синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша жасалады.

Синтетикалық айналым ведомостісінде үш пар теңдік болады.

1 пар теңдік – ай басындағы қалдық дебеті мен кредиті тең болуы қажет

2 пар теңдік – ай ішіндегі айналымның дебеті мен кредиті тең болуы қажет

3 пар – ай аяғындағы айналымның дебеті мен кредиті тең болуы қажет.

Бұл теңдіктің жазуды бақылауда маңызы зор.Бұл теңдік  орындалмаса қате болады.

Тәжрибеде синтетикалық шоттардың шахматтық айналым ведомостісі кең қолданылады. Оған қазіргі қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп формасы әсер етеді.

Аналитикалық шоттардың айналым ведомостісі материалдық бұйымдарға, есеп айырысу шотына жасалады (кредиторлық және дебиторлық бережақ бойынша).

Есеп айырысу шоттары бойынша ашылған аналитикалық шоттардың айналым ведомостісінің үлгісі синтетикалық шоттарға жасалған айналым ведомостісінің үлгісімен бірдей. Тек синтетикалық шоттардағы айналым ведомостісінің синтетикалық шоттарының атының орнына аналитикалық шоттардың аттары жазылады. Екінші жағынан мұнда үш пар теңдік болмайды.

2. Төленбеген капитал есебі

Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы «Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5110 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарын- да болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталды тіркейді (акцияларды, обли- гацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-шы «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» (акционерлік қоғамдарда) және 5030-шы «Қосқан үлестер және жарналар» (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110-шы «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады, ал салым шоттары дебеттеледі:

  • материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2730 шоты;

  • жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жар- ғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2410 шоты;

  • материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу ке- зінде – 1310,1320,1330;

  • ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде – 1010,1030 шоттары дебеттеледі.

Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.

5110-шы шот бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]