Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
228 Кб
Скачать
☆

3. Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері

Аудиторлық дәлелдеулер дегеніміз- аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде, пайдалануға алатын ақпараттары. . Аудиторлық дәлелдеулерге қаржылық қорытынды есепті құруға негіз болған жэне басқа көздерден алынған ақпараттарды растайтын бастапқы қүжаттар мен есеп регистрлері жатқызылады.

Дәлелдеулер алу процессін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

-Мақсаттың таңдалуы

- Дәлелдеулер жинау жэне оларды өңдеу

- Дәлелдеулерді бағалау

Аудитор сенімді дәлелдеулер алу үшін әртүрлі әдістерді немесе процедураларды пайдаланады:

-Бақылау - өздерінің міндетті қызметін орындаушы клиент жұмыскерлерінің жұмыстарын көзбен шолып зерттеу немесе мақсатты қабылдау болып табылады.

-Растау - сұратылған ақпараттың дұрыстығын растайтын жазбаша жауап алу.

-Сұрақ беру – нәтижесінде клиент аудитор берген сұрақтарға жауап, ретінде жазбаша немесе ауызша ақпарат береді. Сұрақ беру нәтижесінде клиенттер дәлелдеулер алу мүмкін болғанымен, оларды ақырғы деп есептеуге болмайды. Себебі ол ақпараттар клиенттің пайдасына бұрмаланған болуы мүмкін.

-Түгендеу - аудитордың материалдық активтерді тексеруі және санауы. Бүл әдіс бойынша алынған дәлелдеулер көбінесе тауарлы-материлдық босалқылармен байланысты.

-Қүжаттарды тексеру - оқу, іріктеу жэне күжаттармен танысу,-салыстыру жэне дэлелдеулер жатады.

-Қайта есептеу деп - клиент пайдаланған процедураларды толық немесе жартылай қайталауды, атап айтқанда есептеулердің математикалық дәлділігін есептеу процедураларын айтады.

-Сканерлеу - ерекше бір нәрсені табу мақсатында әрбір элемент бойынша (мысалы, бастапқы қүжаттарды ) үздіксіз қарап отыру.

-Арнайы тексеру - тексеру жүргізуге тар мамандықтын иесін тарту.

№ 22 емтихан билеті

1. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және шоттарының жіктелуі

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

     Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

     Шот — бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік есепшоттарында қалдықтарды белгілеу үшін "Сальдо (қалдық)" (шот қалдығы) ұғымы қолданылады.

     Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

     Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.

     Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.

   

Активтік шот

Дебит

Кредит

Операция  басындағы қалдық (сальдо)

 

Шаруашылық  қорларын кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық  қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық  операцияларының сомасы кредит бойынша  айналымды құрайды

Шаруашылық  операцияларының сомасы дебит бойынша айналымды құрайды

Операция  соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебит бойынша  айналым – кредит бойынша айналым)

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]