- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан , парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық. Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды.Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамдық қағаздар, жұмыс, көрсетілген қызмет, шығармашылық, жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар жатады.Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке тұлғалар заңды тұлғалар, мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлілестіктер. Принциптер, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Принциптердің мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
