- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
Мемлекет – қоғамды басқаруды жүзеге асыра отрырып оның өмір сүруін қамтамасыз ететін адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша формасы болып табылады. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі белгілері:
1. Аумағының болуы. Мемлекет сол территорияда үстемдік етіп,заң шығарушы, атқарушы және сот билігін жүзеге асырады.
2.Саяси билігінің болуы. Мемлекет арнайы ұйымдар армия, сот,құқық қорғау органдары арқылы саяси билікті жүзеге асырып қоғамның тұрақтылықғы мен дамуын қамтамасыз етеді.
3. Тәуелсіздігі және егемендігі; Мемлекет өз билігін ішкі және сыртқы жағдайлардан тәуелсіз жүргізеді.
4. Мемлекттік биліктің жариялық сипаты; Биліктің жариялылығы дегеніміз сол билікті мемлекет азаматтарының қолдап, мойындауы, биліктің заң негізінде жүзеге асырылуы
5. Заң шығару, оған бағындыруды жүзеге асыруы. Мемлекет қоғамды заңдар шығару соның негізінде қоғамдық қатнастарды реттеу арқылы басқарады.Ол үшін арнайы органдар құрады.
( сот, прокуратура құқық қорғау органдары,т.б.)
6.Халықтан салық жинау. Салық жинау арқылы мемлекет өзінің өмір сүруіне қажетті қаражатты қамтамасыз етеді. Осы мақсатта арнайы органдар құрады. Салық жинауға тек мемлекеттің ғана құқығы бар.
7.Мемлекеттік рәміздері мен мемлекеттік тілінің болуы. Мемлекеттік рәміздерге мемлекеттің жалауы, гимні,гербі жатады. Ең алғаш жалау ертедегі гректерде болған. Ал римдіктер найзаға байланған төртбұрышты матадан жасалған жалауды пайдаланды.
Мемлекеттің нысанының түрлері:
1. Басқару нысаны
2. Мемлекеттік құрылымы
3. Саяси режимі.
Мемлекттің пайда болуы туралы теориялар:
1. Теологиялық теория мемлекет құдай әмірімен жаралды деп түсіндірді (Ф. Аквинский, А. Аврелли)
2.Патриархалдық теория мемлекеттің пайда болуын отбасының өсуімен байланыстырды, және мемлекетте болып жатқан процесстердің реттелуін отбасымен сабақтастырды (Аристотель, Платон Фильмер)
3.Органикалық теория мемлекетті тірі организмге ұқсастырады (Г. Спенсер)
4.Қоғамдық келісім теориясы. Бұл теория бойынша мемлекет адамдар арасындағы ерікті келісім нәтижесінде пайда болды. Адамдар өзінің күнделікті тіршілігінде тәртіпті сақтау үшін, әртүрлі қолсұғушылықтардан қорғану үшін мемлекетке бірігуге келіседі, және сол мемлекетке қажетті билікті береді.(Г. Гротций, Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс,П. Гольбах, Ж.Ж. Руссо Ш.Монтескье)
5.Күштеу теориясы. Бұл теория бойынша мемлекет бір тайпаның екінші тайпаны жаулап алып, бағындырылған тайпаны басқару үшін құрылған. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский)
6.Психологиялық теорияның түсіндеруі бойынша мемлекет адамдардың бірігіп өмір сүруге психологиялық қажеттілігінен туындайды.(Петражицкий
6.Материалистік (таптық) теория. Мемлекет таптардың арасындағы қайшылықтар нәтижесінде туындайды, мемлекет бір таптың екіншіні қанау құралы деп түсіндірді. (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин)
3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан оған шек қоюға болмайды. Шек тек азамат қылмыс істеген және сол үшін жаза алған жағдайда ғана қойылуы мүмкін.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз әрікеттері мен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру. Өзі үшін міндеттер туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Сондай-ақ заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады.Әрекет қабілеттілігі екі түрлі жағдайда шектеледі: біріншіден, табиғи түрде шектеу, екіншіден, сот органдарының шешімі негізінде шектеу. Сондай-ақ 6- жастан 14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жартылай әрекет қабілеттілігі болады. Ал 14-жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі болады.Азаматтық құқықтық қатнастардың пайда болу негіздері-заңды фактілердің туындауы: 1)Келісімдер мен мәмлелердің жасалуы; 2)Әкімшілік актілердің шығуы; 3)Сот шешімі бойынша; 4)Мүліктік құқықтардың пайда болуы мен өзгеруі 5)Әдеби және ғылыми шығармалар, өндірістік үлгілер т.б. шығару; 6)Басқа да жеке және заңды тұлғаларға мүліктік шығын келтіру; 7)Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылу; Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз – онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы.Азаматтық құқық қатынастарын реттеу төмендегідей тәсілдерге сүйенеді: 1) азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңдық теңдігі;2) жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы; 3) азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі
№6 билеті Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары.
Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы - парламент,атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген қалалық) болып бөлінеді.
2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.
3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген қалалық) соттар және әскери соттар құайды
Мемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Мемлекет басшысы – президент лауазымы ең алғаш рет АҚШ –та пайда болған. Қазақстан Республикасының президенті конституцияның 41- бабына сәйкес жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, респулбикада кемінде 15 жыл тұрған республика азаматы ғана сайлана алады. Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген)қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі–атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды..Қазақстан Республикасының соттар жүйесіреспубликада сот төрелігін жүзеге асырады. Соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соған теңестірілген соттар, аудандық (калалық) соттар және әскери соттардан құралады. кодексімен реттеледі.
