Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.

Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.Мемлекеттік басқарудың қағидаттары — басқару, басқару аппараты сүйенетін, белгілі бір ереже түрінде қалыптасуы мүмкін, негізгі басшылық бастамасы. Мемлекеттік басқарудың қағидалары зандарда және басқа да зандық күші бар нормативтік актілерде бекітіледі.Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.

 №7билеті 1. ҚР кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық негіздері Кәсіпкерлік - азаматтардың, жеке табыс пен пайда игеру мақсатында өз мүлкін қоя отырып, өз атынан немесе заңдық жауапкершіліктегі заңдық тұлға ретінде іске асыратын белсенді қызметі. Кәсіпкер – заңмен тиым салынбаған кез келген шаруашылық қызметпен айналысады: саудалы-сатып алушылық, кеңестік, коммерциялық делдалдықты енгізе отырып, құнды қағаздармен операциялар және т.б. Кәсіпкер өз қызметінде пайда алу мақсатында қоғамдық игі істерді атқара отырып, жеке даралық табыстылықты қамтамасыз ету комбинациясын іске асырады. Кәсіпорын – ол өзіндік өндіріске қабілеті бар және де шаруашылықтық-өндірістік міндеттерді шешу үшін бағдарланған мүліктік оқшауланған шаруашылықтық бірлік.Кәсіпкерлік феномені ерте кезден бері әлеуметтік – экономикалық ғылымның назарын аударуда. Негізінен, кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық қызметті айыра білу керек. Біріншісі, адам әлеуметтік – экономикалық тұрпат ретінде сипатталады, ал өсімдік теру, аң аулау, мал шаруашылығы т.б. экономикалық қызмет түріне тиесілі.Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бекуіне себеп болған шешуші шарттар мен факторлардың бірнеше түрін қарастыруға болады:- Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы; - Жеке тұлғалық идеялардың қалыптасуы; - Ерікті түрде экономикалық таңдау мен бостандықпен байланысты меншіктік қызметпен шұғылдануға құқықтың қалыптасуы; - Меншіктің мемлекеттік биліктен сәйкесінше экономикалық биліктің саяси биліктен бөлінуі; - Өмірдің экономикалық, әлеуметтік және саяси аспектілерінің бір-бірінен бөлінуі; - Нарықтық экономиканың қалыптасуы және т.б.

2.Қр сайлау жүйесі

Сайлау құқығы конституциялық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР сайлау құқығының қайнар көздеріне ҚР конституңциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» конституциялық заңы (28.09.1995.қаб. 21.06..2007ж. өзгертіген, толықтырылған) және ҚР «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы» (10.12.1993 ж.) заңы жатады. Қазақстан Республикасының президентін, парламент төменгі палатасы мәжіліс депутаттарын, сенат депутаттарын және жергілікті өкілдік органдар маслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.Сайлау жүйесі дегеніміз өкілетті органдарға және басқарудың әртүрлі сатыларына елде қалыптасқан заңға сәйкес азаматтардың өзі қалаған өкілдеріне дауыс беруін ұйымдастыру және өткізу жүйесі. Сайлау құқығы екі мағынада қолданылады. Объективті және субъективті Объективті сайлау құқығы – мемлекеттік органдардың сайлауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін реттейтін құқық саласы. Субъективті сайлау құқығы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығы.Субъективті сайлау құқығының 2 екі түрге бөлінеді:

1) белсенді сайлау құқығы-азаматтардың сайлау құқығын білдіреді;

2) бәсең сайлау құқығы азаматтардың сайлану құқығын білдіреді;

Сайлау президенттік, парламенттік, жергілікті басқару органдарына сайлау болып жіктеледі. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі принциптері: 1) сайлаудың жалпыға бірдейлік принципі сайлау мен сайлану құқығына қойылатын талаптар мен шектеулер ҚР конституциясымен анықталады; 2)Сайлауға қатысуға теңдік принципі ; әрбір сайлаушы бір дауысқа ие бола алады; 3) Тікелей сайлау құқығын жүзеге асыру принципі;4) жасырын дауыс беру принципі; бұл принцип ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі.Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады. 5) сайлау бостандығы принципі сайлау құқығын еркін жүзеге асыруға негізделген. Сайлау органдары: Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар- сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының жүйесі: 1)орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округтік сайлау комиссиясы; 4)учаскелік сайлау комиссияларынан тұрады. Орталық сайлау комиссиясының қызметі:

1)сайлау туралы заңның орындалуын бақылайды, бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;

2)өз құзіреті шеңберінде Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды

3) парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға сайлау округтерін құрады, оларды нөмірлерін бекітеді, оны ақпарат құралдарында жариялайды;

4)сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың сметасын жасап, оны ҚР үкіметіне ұсынады;

5)сайлау комиссияларына басшылық жасап, олардың шешімдерін жояды немесе тоұтата тұрады;

6)республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлген қаражатын сайлау комиссияларына бөледі;

7)аумақтық және округтік комиссиялардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты түскен шағымдар мен арыздарды қарайды;

8)саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізеді;

9)сайлау жүйелері саласанда халқаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

10) республика бойынша Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, оларды тіркейді, бұл туралы ақпарат құралдарында жариялайды;

11)Президент және Парламент депутататрын сайлау кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткізілуін ұйымдастырады;

12)Сайлау туралы конституциялық заңның бұзылуына байланысты тиісті сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтінішпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінеді;

Аумақтық сайлау комиссияларына- облыстық ( республикалық маңызы бар қалалар мен респулбика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Қызметі:

1)Президент, Парламент және маслихаттар депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді жүзеге асырады;

2)төменгі тұрған округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады;

3)сенат депудаттарнын сайлауда кандидаттарды тіркейді, тиісті куәліктер береді;

4)мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады, олардың тізімдерін жариялайды;

5)мәслихаттар депудаттарын сайлаудың қорытындысын шығарады, оларды тіркейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]