Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

41 Емтихан билеті

1.Құқық туралы ұғым, құқықтың белгілері және қызметі. Құқық туралы ұғым,Құқық белгілері,қызметі.Құқық дегеніміз мемлекет шығарған, бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етілетін, жалпыға бірдей міндетті, нормаларының жиынтығы. Ең алғашқы жазбаша құқықтық нормаларға ежелгі Вавилондағы (1901жылы француз археологиялық экспедициясы Сузы қаласынан тапқан) 282 баптан тұратын Хамурппи патшаның заңдарын жатқызуға болады. Құқықтың қоғам өмірінде қызметі: 1.Реттеушілік қызметі- қоғамдық қатнастырдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін адамдар арсындағы, адамдар мен мемлекет арасындағы қатнастарды нақты құқықтық нормалармен реттеуінен көрінеді2.Қорғаушылық қызметі-азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын қауіпті әрекеттерден қорғауда мемлекеттік органдардың қызметі нәтижесінде жүзеге асады.3.Гуманистік қызметі- құқықтың қоғамдық әділеттілік, адамгершілік құндылықтарды насихаттауында4.Тәрбиелік қызметі- заңды түсініп біліп, орындауға тәбиелеуінде.5.Идеологиялық қызметі құқық белгілі бір құндылықтарды насихаттай отырып қоғамдық санаға ықпал етуінде жүзеге асады.Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.Конституциясы мемлекеттің негізгі заңы.ҚР Конституция қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар негізгі заң болып табылады. Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР конституциялық заңдары, ҚР заңдары, ҚР президентінің заңдық күші бар жарлықтары, Парламент пен үкімет шығарған заңдық актілер, ҚР басқа мемлекеттермен жасалған келісімдері, жалпыға танымал халқаралық нормативтік актілер, ҚР конституциялық кеңесінің актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері жатады.

Конституциялық құқық төрт түрлі әдіспен реттеледі. Олар: міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету және тану. Конституция дегеніміз мемлекет пен азаматтардың, азаматтардың өзара қатнастарын реттейтін, мемлекеттік органдар жүйесі, қоғамдық құрылыс пен мемлекттік құрылымды бекітетін жоғарғы заңдық күші бар нормативтік акт. Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші ата заң болып табылады.(1926ж., 1937ж., 1978ж., 1193ж., 1995ж.) Қазіргі қолданыстағы конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданған және оған 2007 жылы маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Конституция кіріспеден (преамбуладан),негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаты айтылады. I-бөлім «Жалпы ережелер» деп аталып, Қазақстан республикасының конституциялық құрылымына жалпы сипаттама береді. II бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Ол Қазақстан Республикасындағы тұлғаның конституциялық мәртебесін айқындайды. « Президент» деп аталатын III бөлім мемлекет басшысының мәртебесін ашады. IV –VIII бөлімдерде мемлекеттік органдардың (Парламент,Үкімет, соттар т.б.) мәртебесі, қызметі туралы айтылады. «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын IX бөлім жаңа Конституцияны күшіне енгізу нормаларын бекітеді. Бұрынғы конституцияның қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды.

3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері.ҚР Азаматтық кодексінің 147 бабында көрсетілгендей мәміле-дегеніміз азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге,өзгертуге не тоқтатуға бағытталған әрекеттер.Мәміленің төмендегідей белгілері бар,біріншіден мәміле адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет.екіншіден мәміле көп жағдайда заңмен мақұлданған,құқыққа сәйкес әрекет,үшіншіден, Мәмәле тек азаматтық құқықтық қатынастарды тудырға,өзгертуге ж/е тоқтатуға бағытталған әрекет,.Мәміленің түр пішіндері ауызша,жазбаша,не болмаса конклюдеттіәрекет арқылы ж/е үндемеу(әрекетсіздік).Ауызша түрі мәміле жасаушылардың еркі тараптардың бір бірімен ауызша келісіміне негізделеді.Бұндай келісім телефон,тікелей кездесуі арқылы жасалуы мүмкін.Жазбаша мәміле жасау кезінде келісімнің жүз есептік көрсеткіштік сомаға ж/е заңдарда не тараптардың келісімінде өзге де шарттарға жасалатын мәміле жазбаша түрінде жасалуы тиіс.Екі жақты мәміле әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы реттеледі,.мысалы хат,жеделхат,телефон жазба,факс,электрондық құжат арқылы жасалады Мәміленің конклюдетті түрі адамның мәміле жасауға деген еркі айқын көрініп тұруын.мәміле жасауға деген ниетін байқалып тұруы арқылы жасалады.мысалы қоғамдық көлікке кіргенде жол ақысын төлеп билет сатып алу,телефон автоматқа карта салып сөйлесу.Үндемеу әрекетсіздік заңдарда не тараптарда көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.Мәміленің түрлері азаматтық құқық саласында мәміленің мынадай түрлері бар бір жақты ж/е көп жақты. Бір жақты мәміле жасау мақсатында мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәміле.Мысалы белгілі бір құқықтан бас тарту же өсиет.Екі жақтың еркі мен келісім міндетті болып табылады,Екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміле көп жақты мәміле.Көп жақты мәміле жасалатын болса шарт деп аталады.Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады.Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:1.мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;

2.әр тарап б/ша Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет; 3.мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек; 4.мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс.

№42 билет

1.Құқықтық норма түсінігі және құрылымыҚұқықтық норманың құрылымы қамтамасыз етілетін ереже.

үш элементтен тұрады. Олар: диспозиция, гипотеза, санкция.

1.Гипотеза құқықтық норманың жорамалы, құқықтық норманы қолдану немесе қолданбау үшін қажетті мән-жайларды көрсетеді.

2.Диспозиция мінез-құлық ережесі, яғни субъектілердің құқықтары мен міндеттері.

3.Санкция көрсетілген нақты диспозицияны орындағаны немесе орындамағаны үшін қолданылатын шара.

Құқықтық нормаларының түрлері:

1.Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік т.б. бағыттағы нормалар;

2. Құқықтың әр саласына қарай конституциялық, азаматтық, қылмыстық, еңбек, отбасы, әкімшілік т.б. саладағы нормалар;

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы нормалар;

4. Мазмұнына қарай құқықтық нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші;

5.Пайдаланатын тәсіліне қарай императивтік және диспозитивтік нормаларболып бөлінеді.

2.Қазақстан Республикасының қоғамдық құрлысының конституциялық негіздері.Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігін көрсететін мемлекеттік  құрылымы (кұрылысы) болады. Мемлекет осындай құрылымы жағынан демократиялық, демократиялық емес сипатга не басқа руы жағынан республика, монархия болуы мүмкін. Демократиялық мемлекетте мемлекеттік кұрылыстың негізін төмендегідей үш қағидат құрайды: халықтық билік, биліктің бөлінуі, адам мен азаматтың құқықтарымен бостандықтарының артыкшылықтары. Мемлекеттік құрылыс сол мемлекеттің негізгі заңы конституцияда бекітіліп, зандық күшке ие болады. Конститу­цияда көрсетіліп, бекітілген мемлекеттік құрылыс конституциялық құрылыс деп аталады. Сондықтан, конституциялык құрылыс мемлекет іс-әрекетінің негізгі кағидаларын бекітетін, конституциялық нормалардың жиынтығы. Халықтық егемендік қоғамды және мемлекетті басқару ісіне нақты араласу үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдар мен мүмкіндіктерге ие болуын білдіретін халықтың толық билігі деген сөз. Халық өз билігін республикалык, референдум не сайлау арқылы тікелей немесе мемлекеттік билік органдарына өкілеттік беру арқылы іске асырады. Ешкім өз бетінше билікті иемденіп кете алмайды. Халық пен мемлекет атынан сөйлеу құқығы Қазқстанның Президентіне және конституциялық өкілеттігі шегінде Парлементке берілген. Үкімет халықтың емес, өзінің құзыреті шеңберіңде тек мемлекеттің атынан ғана сөйлеуге кұқы бар.

3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.Сайлау құқығы конституциялық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР сайлау құқығының қайнар көздеріне ҚР конституңциясы, ҚР«Сайлау туралы» конституциялық заңы ж/е ҚР «Жергілікті өкілдік ж/е атқарушы органдар туралы» заңы жатады. ҚР президентін, парламент төменгі палатасы мәжіліс депутаттарын, сенат депутаттарын және жергілікті өкілдік органдар маслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.Сайлау жүйесі -өкілетті органдарға және басқарудың әртүрлі сатыларына елде қалыптасқан заңға сәйкес азаматтардың өзі қалаған өкілдеріне дауыс беруін ұйымдастыру ж/е өткізу жүйесі. Сайлау құқығы екі мағынада қолданылады. Объективті және субъективті Объективті сайлау құқығы – мемлекеттік органдардың сайлауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін реттейтін құқық саласы. Субъективті сайлау құқығы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығы.Субъективті сайлау құқығының 2 екі түрге бөлінеді: 1) белсенді сайлау құқығы-азаматтардың сайлау құқығын білдіреді;2) бәсең сайлау құқығы азаматтардың сайлану құқығын білдіреді;

Сайлау президенттік, парламенттік, жергілікті басқару органдарына сайлау болып жіктеледі. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі принциптері: 1) сайлаудың жалпыға бірдейлік принципі сайлау мен сайлану құқығына қойылатын талаптар мен шектеулер ҚР конституциясымен анықталады; 2)Сайлауға қатысуға теңдік принципі ; әрбір сайлаушы бір дауысқа ие бола алады; 3) Тікелей сайлау құқығын жүзеге асыру принципі; ҚР президенті, мәжіліс ж/е маслихаттар депутаттарын халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Ал сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау негіізінде жүзеге асады. 4) жасырын дауыс беру принципі; бұл принцип ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі. ҚР аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады. 5) сайлау бостандығы принципі сайлау құқығын еркін жүзеге

асыруға негізделген. Сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге немесе азаматтың еркін шектеуге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл принциптер ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі. ҚР аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады.

№43

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.

2. Отбасы құқығының пәні, әдістері және принциптері..Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасында тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды отбасы тұрғысында реттейтін құқықтың саласы. Отбасы қатынастарын өзіндік емес және мүліктік қатынастар құрайды. Отбасы құқығының қайнар көзі ҚР «Неке және отбасы кодексі» (11.09.2006ж) болып табылады. Отбасы құқығының бастауларына ҚР үкіметі немесе әділет министрлігі бекіткен басқа да нормативтік актілер жатады ( мысалы ҚР үкіметі бекіткен қорғаншылық және қамқоршылық органдар туралы ереже немесе әділет министрлігі бекіткен азаматтық хал- актілерді тіркеу туралы нұсқауы)

«Неке және отбасы кодексінің» негізгі принциптері:1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;2) ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;3) отбасы ісіне кімнің болса да араласуына жол бермеушілік;4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдылық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;6)отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдылық беру;7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері т.б.

3.ҚР азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан , парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық. Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамд нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар жатады.

№44 билет

1. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызмет .Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы -  парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген  қалалық) болып бөлінеді.

2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.

3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген  қалалық) соттар және әскери соттар құайды                                                    

Мемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.

2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару “ҚР жергілікті мемлекеттік басқару”заңында 1) әкім – жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, ҚР орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты ҚР Президенті мен Үкіметінің өкілі;Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

3.ҚР неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.ҚР ''Неке ж/е отбасы туралы ''1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-I 10 бабында неке жасы еркек пен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленді. Некені тіркеу кезінде және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.11-бапта Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

Некеге тұруға: 1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың); 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында жол берілмейді. 13-бапта. Некені тіркеу тәртібі

1. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін. Некеден шығу 14-бапта Жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы және оны өлді немесе олардың біреуі хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдары

1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан 2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімі күшін жойған жағдайда некені ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы қалпына келтіруі мүмкін. 3. Егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге отырса, некені қалпына келтіруге болмайды.

45билет.1. Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан , парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық. Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды.Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамдық қағаздар, жұмыс, көрсетілген қызмет, шығармашылық, жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке тұлғалар заңды тұлғалар, мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлілестіктер. Олардың құқықтық қатнастары тең құқықты, бір-бірінен тәуелсіз, заңда көсетілген немесе көрсетілмеген негіздерде туындауы мүмкін, көбінесе өзара келісім негізінде жүзеге асады; Мүліктік жеке игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, атақ, абырой, жеке және отбасылық құпиясы мен авторлық құқықтар жатады. Мүліктік емес жеке құқықтар адамның жеке басымен тығыз байланысты.Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқық қабілетілігі мен әрекет қабілетілігі арқылы сипатталады

2. Ата- аналардың құқықтары мен міндеттері:

1)ата-аналар өз балаларының денсаулығына қомқорлық жасауға міндетті; 2)балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті;

3)ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, арнаулы рұқсатсыз оның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

4)ата- ана құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы жүзеге тасыруға болмайды; олай болған жағдайда ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады;

5)баласынан бөлек тұратын ата ана баласымен қарым қатнас жасауға, оны тәрбиелеуге , білім беруге қатысуға құқығы бар;

6)баласынан бөлек тұратын ата ана өз баласы туралы тәрбиелеу, емдеу мекемелерінен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар;.

7)ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті; Алимент - отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатнастары

1)ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.

2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті;

3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті;

4)еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті.

Ата-аналар өз балаларына қатысты міндеттерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылады. Ата-ана құқығын айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана құқығын айырутуралы істер ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талыбы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата анасының қайтыс болуы, ата ана құқығынан айрылуы, олардың құқықтарының шектелуі, ата анасының әрекетке қабілетсіз деп талынуы т. б. жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қамқоршы және қорғаншы органдар –жергілікті атқарушы органдар, өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады. Қамқоршылық 14-жасқа толмаған балаларға, және психикалық ауру салдарынан немесе ақыл есі кемдігінен сот әрекетке қабәлетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға және спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге салыну салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.

3. .Зияткерлік меншік дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне, заңды тұлғалардың дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өз өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі т.б.)ерекше құқығы. Зияткерлік құқықтың объектілеріне:1)шығаршашылық қызметтің нәтижелері; 2)азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдары жатады Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

1)ғылым, әдебиет және өнерр туындылары; 2)орындау, фонаграмма,хабар таратуды ұйымдастыру;3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;4) селекциялық жетістіктер;5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары; 7)интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері; Азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдарына: 1)фирмалық атаулар; 2)тауарлық белгілер; 3)тауар шығарылған жерлерді атау (шығарғанжерін көрсету); 4)заңда көрсетілген басқа да даралану құралдары

46билет.1.Қылмыстық жаза соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жазаның мақсаты - құқықтық әділдікті орнына келтіру, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу. Қылмыскерді тән азабына салу және оның ар-намысын қорлау қылмыстық жазаның мақсатына жатпайды. Қылмыстық жаза түрлері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі жаза түрлері:айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару немесе қызметпен айналасу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызметтен шектеу; қамауға алу; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығын шектеу;бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жаза түрлері:айыппұл; арнаулы әскери атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру;мүлкін тәркілеу.Негізгі де, қосымша жаза да бола алатын жаза түрлері:айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару немесе қызметпен айналасу құқығынан айыру. Айыппұл - Қылмыстық кодексте көзделген щекте, заңмен бейгіленген және жаза тағайындауц сәтінде қолдалынып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде немесе сотталған адамның жалақысының немесе басқада табыс көзінің мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу. Белгілі бір лауазымды аттқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды аттқаруға, немесе белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Бұл жаза негізгі жаза ретінде 1 жылдан 5 жылға дейін, ал қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту сотталушының негізгі жұмыснан немесе оқуынан бос уақытында тегін қоғамдық жұмыстарды орындауынан тұрады, жұмыстардың түрлерін жергілікті артқарушы немесе өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 240 сағатқа дейін белгіленеді және күніне 4 сағаттан аспайтын уақытқа өтеледі. Түзеу жұмыстары сотталушының негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі және табыстың 5 процентен 25 процентке дейінгі шекте мемлекеттік кірісіне ұстап қалынады. Түзеу жұмыстары 2 айдан 2 жылға дейін тағайындалады. Әскери қызмет бойынша шеттеу - келісім шат бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілердің, сондай ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлердін үлес қаражатынан 20 процентен аспайтын мөлшерде мемлекет кірісіне ақша ұсталып қалынады және осы мерзім ішінде сотталғандардың әскери шені және лауазымы көтерілмейді. Бас бостандығынан шеттеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнулы мекемеде 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге оны қадағалау жағдайында ұстаудан тұрады. Қамау сотталған адамы тағайындалған жазанын бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Ол 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімге тағайындалады. тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша тағайындалады. Бас бостандығынан айыру сотталушының колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колонияларына отыпғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыруға кесілсе жалпы немесе ерекше режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады. Бас бостандығынан айыру 6 айдан өмір бойы мерзімге дейін белгіленеді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалынатын аса ауыр қылмыстар үшін берілетін өлім жасасына балама ретінде беріледі. Ол әйелдерге, 18 жасқа толмаған және 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Арнаулы әскери атағынан , сыныптық шенінен, дипломатияалық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қосымша жаза ретінде белгіленуі мүмкін. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.ҚР Қылмыстық кодексінің 49- бабын сәйкес өлім жазасы-ату жазасы адамөміріне қол сұғатын аса ауыр қылмыстар үшін, соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, әскери қылмыстар жасағаны үшінең ауыр жаза ретінде қолданылады.Өлім жазасы әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған қылмыскерлерге, және сот үкімі шыққан кезде 65- жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.Қазақстанда өлім жазасы әзірге жаза ретінде қолданылады, әрі тағайындалады. Бірақ, ҚР Президентінің 2003ж.17 желтоқсандағы жарлығымен өлім жазасын орындауға мараторий енгізілді. Сондықтан өлім жазасы туралы үкімді орындау мараторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады, яғни мараторий өлім жазасын тағайындауға емес, оны орындауға жарияланған. ҚР Қылмыстық Кодексінде Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың бес негізі қарастырылған: 1) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылымыс жасаған адам айыбын мойындап құқық қорғау органдарына келсе,қылмысты ашуға көмектессе, немесе келтірген зиянды өзгеше қалпына келтіргенде (65-бап); 2)қажетті қорғану кезінде шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.Қылмыстанболған үрейлену,қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқанда соттың шешімімен (66-бап); 3)жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ауыр емес, орташа ауыр қылмыстарда қолданылады (67-бап); 4)жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Сот қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты жасалған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса (68-бап); 5)ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; Егер қылмыс жасағаннан бастап мынандай мерзімдер өтсе қылмыстық жауаптылықтан босатылады:1)кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл; 2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;3) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл; 4)аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл; (69-бап);Рақымшылдық(амнистия) жасау жөніндегі актіні ҚР Парламенті шығарады. Актінің негізінде сотталған адамдаржазадан босатылуы,жазаның қысқартылуы немесе неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Және жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін.жазадан босатылғандардың соттылығы да алынып тасталады. Мысалы 2006 жылы 9 қаңтарда ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылыұ жасау туралы» заңын қабылдады. Заңның орындалуын құқық қорғау органдары 6-ай ішінде қамтамасыз етуге тиісті болды. Жеке адамға, ол жөніндегі айыптау үкімі күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні ҚР Президенті шығарады. Соттылық Сотталушы адам үкім заңды күшіне енген сәтінен бастап сотталғандықты жойғанға немесе алып тастағанға дейін сотталған болып есептеледі. Сотталғандық келесі мерзімде жойылады:1)шартты түрде сотталған адамдар бойынша--сынақ мерзімі өтуі бойынша; 2) онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар бойынша жазасын өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; 3)ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын өтегеннен кейін алты жыл өткеннен кейін;

4) аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жазасын өтегеннен кейін сегіз жыл өткеннен кейін;

2. Ата- аналардың құқықтары мен міндеттері:

1)ата-аналар өз балаларының денсаулығына қомқорлық жасауға міндетті; 2)балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті;

3)ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, арнаулы рұқсатсыз оның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

4)ата- ана құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы жүзеге тасыруға болмайды; олай болған жағдайда ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады;

5)баласынан бөлек тұратын ата ана баласымен қарым қатнас жасауға, оны тәрбиелеуге , білім беруге қатысуға құқығы бар;

6)баласынан бөлек тұратын ата ана өз баласы туралы тәрбиелеу, емдеу мекемелерінен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар;.

7)ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті; Алимент - отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатнастары

1)ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.

2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті;

3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті;

4)еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті.

Ата-аналар өз балаларына қатысты міндеттерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылады. Ата-ана құқығын айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана құқығын айырутуралы істер ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талыбы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата анасының қайтыс болуы, ата ана құқығынан айрылуы, олардың құқықтарының шектелуі, ата анасының әрекетке қабілетсіз деп талынуы т. б. жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қамқоршы және қорғаншы органдар –жергілікті атқарушы органдар, өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады. Қамқоршылық 14-жасқа толмаған балаларға, және психикалық ауру салдарынан немесе ақыл есі кемдігінен сот әрекетке қабәлетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға және спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге салыну салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді

3.Экологиялық құқық – табиғат пен қоғам арасындығы қоғамдық қатнастарды, табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау саласындағы қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Экология құқығының пәніне:

1) қоршаған табиғи ортаны қорғау;

2) табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;

3)жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғау мен қамтамасыз етуде туындайтын қатнастар; жатады.

Экологиялық құқық кешенді құқық саласы болып саналады себебі ол әрқайсы дербес жер құқығы, су құқығы, орман құқығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдалану құқығы т.б. сияқты бірнеше құқық салаларынан құралуымен қатар, ондағы экологиялық қатнастар конституциялық құқық, әкімшілік, азаматтық, қаржылық, қылмыстық, кәсіпкерлік т.б.құқық салаларының нормаларымен реттеледі.

Экология құқығының әдістері :императивті және диспозитивті әдістер. Императивті әдіс бір тараптың екінші тарапқа басымдылығын білдіреді. Диспозитивтік әдіс тараптардың теңдігін білдіреді, бұл әдіс экология саласында шарттық қатнастарды жүзеге асыруда пайдаланылады.

Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің экологиялық қызметі болып табылады Осының негізінде табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдар мен қаулылар басқа да нормативтік актілер қабылданған Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды дұрыс, тиімді пайдалану елімздің экологиялық дамуын жетілдірудің алғы шарты ертінде ҚР конституциясында да қарастырылған.ҚР Конституциясының 6-бабы 3-тармағында: «Жер және жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесібасқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер сондай-ақзаңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін» Конституцияның 31-бабы 1-тармағында: «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» делінсе, 38-бабаы 1- тармағы: «Қазақстан азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты иайдалануға міндетті» деп атап көрсетілген.ҚР 1991-2005 жылдар аралығында 20 халқаралық шарттарға қосылды.Қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негізі қаланды. Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негізін белгілейтін заң ҚР «Экологиялық кодексі», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасы» (03.12.2003 ж.) 2003 жылы қабылданған «Жер кодексі», «Орман кодексі», «Су кодексі» т.б. заңдар мен нормативтік актілер жатады. болып табылады. енгізген. Экологиялық мәселелердің шиеленісуі экологиялық қауіпсіздікті сақтауды талап етеді. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз жеке адамның, қоғамның маңызды құқықтыры мен мүдделерін қоршаған ортаға антроаогендік және табиғи ықпал ету нәтижесіндетуындайтын қатерден қорғаудың жағдайы. ЭК 3-бабында: «Экологиялық құқықтық қатнастарға қатысушылар жеке және заңды тұлғалар, мелекет және қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар» делінген.

ЭК 5-бабында Экология құқығының негізгі принциптері белгіленген:

1.Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

2.Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3.Экожүйелік әдіспен экологиялық қатнастарды реттеу;( Экожүйе дегеніміз тірі организмдердің өзі өмір сүріп отырған ортасымен біртұтастығы негізінде ғана өмір сүруі және дамуы жүзеге асатын жүйе)

4.Қоршаған ортаны қорғау мелекеттік реттеу мен табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттікбасқару;

5.Қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершілік және оған келтірілген зиянды толтыру шараларын қолданудың міндеттілігі;

6.Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

7.Қоршаған ортаға келтірілген зиянның орынын толтырудың міндеттілігі;

8.Қоршаған орта рұхсат алу арқылы және ақылы пайдалану;

9.Табиғи ресурстарды пайдалануда экологиялық таза, ресурстарды үнемдейтін технологияларды пайдалану

10.Қоршаған ортаны қорғауда мемлекеттік органдардың үлесімді және жариялық сипатта жұмыс істеу принципі;

11.Қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету, қалдықтарды азайту мақсатында табиғататы пайдаланушыларды ынталандыру шараларын қолдану;

12.Экологиялық ақпараттың қол жетімділігі;

13.Табиғатты пайдалануда ұлттық мүдделернің басымдылығы;

14.Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының халқаралық құқықтық қағидаттар және нормалармен үйлесімділігі;

15.Жоспарланған шаруашылық жүргізуде қоршаған ортаны пайдаланудың қауіпсіздігінің презумпциясы;

ЭК- те азаматтардың қоршаған ортаны қорғау барысында құқықтарымен қатар міндеттері айқындалған Міндеттері:

1)әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға құыпты қарауға;

2)қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға;

3)өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

47билет.1.«Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жаза көзделегн заңға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ӘҚтБК 9- бабы), Әкімшілік құқық бұзушылық ҚР 2001жылы 30 қаңтарда қабылданған«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» реттеледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшілік жазалануы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам танылады. Әкімшілік жауаптылыққа ҚР ӘҚБтК бойынша 16 жасқа толған жеке тұлға және заңды тұлғалар: мемлекеттік және мемлекеттік емес , коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына (элементтеріне): объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы жатады. Көрсетілген төрт элементтің ең болмаса біреуінің болмауы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкешілікке тартуға мүмкіндік ермейді. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықты туындатады.Әкімшілік жауаптылық- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке және заңды тұғаларға мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан қолданылатын әкімшілік-құқықтық санкцияларды қолдануы. Заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктің мынандай түрлері белгіленген: әкімшілік, тәртіптік және материалды. Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:1) Мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы жауап шарасы болып табылады.2) Құқық бұзушыны тәрбиелеу шарасы болып табылады.3)Құқық бұзушының ар-намысын таптау және тән азабын тартқызу мақсатын көздемейдіӘкімшілік жаза- заң мен уәкілеттілік берілген органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның түрлері ӘҚБтК айқындалған.Әкімшілік істерді мынандай органдар қарайды:-соттар;-кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар;-мемлекеттік инспекциялар және т.б. құзырлы органдар (өрт сөдіру қызметі, салық, қаржы полициялары т.б.)Әкімшілік процесс немесе әкімшілік іс жүргізу- әкімшілік істерді қараудың белгіленген процессуалдық әрекеттерін, сатыларын, кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады.Әкімшілік процесстің негізгі ұағидаттары (принциптері): 1)Заңдылық қағидаты, әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын шаралар тек әкімшілік кодекспен белгіленеді;2)Сот құзіретінің ерекшелігі. Әкімшілік істерді қараудағы соттың құзіреті, оның юрисдикциялық шегі, сот төрелігін жүзеге асыру тәртібі әкімшілік кодексте белгіленген, оны өз бетінше өзгертуге болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қағидаттарды өзгеше бұзған жағдайда сот шешімдері заңсыз деп танылып өз күшін жояды; 3)Азаматтардың теңдігі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар тегіне, ұлтына, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына қарамастан әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиісті;4)Кінәсіздік презумпциясы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше және судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше кінәсіз деп есептеледі;5)Кінә қағидаты.Тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс; 6)Қайта әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол бермеушілік. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды;7)Ізгілік (гуманизм) қағидаты. Құқық бұзушылық жасағанға әкімшілік жаза қолданғанда адамның қадір касиетін қорлауды жазаның мақсаты етіп қоюға болмайды;8)Жеке басқа қол сұқпаушылық .Тек әкімшілік кодексте белгіленген негіздерде және көзделген тәртіппен ғана азаматтарды ұстауға, жеке заттарын тексеруге, қамауға алуға т.б. шараларды қолдануға болады.ӘҚБ туралы іске қатысушыларды қатыгездік немесе адамның қадір қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшыратуға ешкімнің хақысы жоқ;9)Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке өмірі туралы және құпия сақталуы қажет деп есептейтін мәліметтерді әкімшілік кодексте көзделмеген мақсаттарда жинап пайдалануға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері, адамға келтірген моральдық залал заңда белгіленген тәртіппен өтелуі тиіс;10)Жеке өмірге қол сұқпаушылық. Хат жазысу, телефонмен сөлесу, поштамен телеграф арқылы және өзге де хабарлар алысу құпиясы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуде осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда, және заңда көрсетілген тәртіппен жол беріледі;11)Меншікке қол сұқпаушылық. Меншікке конституциямен және заңдармен кепілдік берілген. Ешкімді сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайды. Ол әкімшілік кодексте көзделгн жағдайларда ғана жүргізіліуі мүмкін;12)Судьялардың тәуелсіздігі. Соттардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласушылыққа жол берілмейді;13)Іс жүргізу тілі. ҚР ӘҚБ туралы істер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады;14)Куә айғақтарын беруден босату. Ешкім өзі өзіне жұбайына және заңда көрсетілген шектегі туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес;15)Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету;16)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жариялылығы. Соттар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар ӘҚБ туралы істерді ашық түрде жүргізеді. Заңға сәйкес мемлекеттік құпия мәліметтерге қатысты істер және коммерциялық, отбасылық, азаматтардың жеке өмірінің құпияларын сақтауды сұрап өтініш білдіргенде ғана жабық түрде өтеді17)Іс жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Істі жүргізуде қауіпсіздікті сақтау мақсатында оған катысушыларды тексеру жүргізіледі;18)Іс жүргізу іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы. Іс жүргізу іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану кодексте белгіленген.Заң бойынша істі қайта қаратуға құқы бар.

19)Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғау. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар;Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың төрт сатысы бар: 1)Әкімшілік тергеу жүргізу. Бұл сатыда әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталады. 2)Істі қарау. Уәкілдігі бар орган (немесе лауазымды адам) істі қарап қаулы қабылдайды 3)Қаулыны қайта қарау. ( факультативті саты) Қабылданған шешім бойынша азаматтың шағымы немесе прокурордың наразылығы болған жағдайда қаулыны күшінде қалдырумен, оны өзгертумен немесе бұзумен аяқталады 4)Қаулыны орындау. Қаулыны қабылдағаннан немесе шағым мен наразылықты қарағаннан кейін- ақ бірден басталады.

2.Салық құқығы - заңды және жеке тұлғаларыдан заң жүзінде белгіленген салықтар және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдерді алу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді Еліміздегі салықтық қатнастар «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдар туралы Кодексімен» (2009ж) реттеледі.Салық құқығы нормалары мемлекеттің салық жүйесін белгілейді, мемлекеттік салық қызметі органдарының құрылымын айқындап, олардың салық салу аясындағы құзыреттерін белгілейді, сондай-ақ салықтарды белгілеу, алу және осы процестің заңды негізде жүзеге асырылуына салықтық бақылау жүргізу қағидаларын айқындайды. Мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттары: 1) салықтар мөлшерін белгілеу; 2)мемлекеттің салықтық құрылымын айқындап, оның қалыпты қызметін қамтамасыз ету; 3)салықтық міндеттемелердің орындалуын бақылау; 4)салықтың төленуін қамтамасыз ету, төленбеген жағдайда күш қолдану; 5)салық заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту негіздерін белгілеу; Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеу мен өтеудің негізгі принциптері:

1) Салықтар мен басқа да төлемдердің жалпыға міндеттілігі;

2) Салықтар, міндетті төлемдердің мөлшерінің нақтылық принципі;

3) Салықтық міндеттемелерді белгілеудің әділеттілік принципі, салықтар мен басқа да төлемдерді белгілеу мен өтеуде ешкімге жеңілдіктер қарастырылмайтындығынан және берілмейтінінен көрінеді;

4) ҚР салық жүйесінің біртұтсатығы принципі, белгіленген салықтар мен міндетті төлемдер бүкіл Қазақстан территориясында жалпыға бірдейлігі;

5) Салықтардың жариялылық принципі, салықтар мен басқа ды төлемдер туралы заңдар міндетті түрде баспасөз беттерінде жариялануы;

Салық құқығының әдістеріне императивтік (өктем-әмірлі) және диспозитивтік әдістер жатады.Осы жерде, салық салу аясында мемлекет тарапынан баса қолданылатын әдіс императивтік әдіс болып табылады.

Салықтар – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында заң негізінде және заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын қайтарымсыз, ақысыз, міндетті төлем. Салықтар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан мына қызметтер оларға тән болады:

-фискальдық қызметі;

-қайта бөлу қызметі;

-реттеуші қызметі;

-бақылау қызметі.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:

1.карпорациялық табыс салығы;

2.жеке табыс салығы,

3.қосылған құн салығы;

4.акциздер;

5.жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары;

6.әлеуметтік салық;

7.жер салығы;

8.көлік құралдары салығы;

9. мүлік салығы жатады.

Жеке салықтар – салық төлеушінің табыстарына салынатын салықтар. Салық субъектісіне қарай салықтар: жеке тұлғаларға салынатын салықтар және заңды тұлғаларға салынатын салықтар болып бөлінеді. Аумақтық деңгейіне байланысты салықтар: жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы мемлекеттік салықтар республикалық бюджетке, ал жергілікті салықтар жергілікті бюджетке кіреді. Реттеуші салықтар бюджеттерді реттеу мақсаты мен жыл сайын әр түрлі бюджеттерге ауысып отырады. Пайдалану сипатына қарай салықтар: жалпы және мақсатты салықтар болып бөлінеді. Жалпы салықтар бюджетке төленгеннен кейін барлық бюджеттік кірістермен араласып пайдаланғанда нақты іс- шараларға қатыссыз жұмсалады. Мақсатты салықтар нақты іс – шараларға жұмсалады. Мақсатты салыққа мысал - әлеуметтік салық . Сонымен, Салықтар мен өзге деміндетті төлемдердің арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, алымдар мен баждар және төлемдер біршама - баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін) болып табылады.Қазақстан Республикасында салықтардан басқа міндетті төлемдер: алымдар, баждар, төлемақылар алынады.

3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]