- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
Салық құқығы - заңды және жеке тұлғаларыдан заң жүзінде белгіленген салықтар және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдерді алу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді Еліміздегі салықтық қатнастар «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдар туралы Кодексімен» (2009ж) реттеледі.Салықтар – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында заң негізінде және заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын қайтарымсыз, ақысыз, міндетті төлем. Салықтар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан мына қызметтер оларға тән болады: -фискальдық қызметі; -қайта бөлу қызметі; -реттеуші қызметі; -бақылау қызметі. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:1.карпорациялық табыс салығы; 2.жеке табыс салығы, 3.қосылған құн салығы;4.акциздер;5.жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары; 6.әлеуметтік салық;7.жер салығы;8.көлік құралдары салығы;9. мүлік салығы жатады. 1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар. Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді. 2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары.1) Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2) Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес. 3) Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды. 4)Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады. 5) Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Салық агентінің міндеттері: 1)заңда көсетілген мөлерде және уақытында салық мөлшерін анықтау; 2) төленгент салықты бюджетке аудару;3) әрбір салық төлеуші және оның төлеген салығы туралы есеп жүргізу; 4) салық органдарына өз жұмысы туралы есеп беріп отыру;
№8билет
1.«Құқық негіздері» курсының пәні, әдістері және жүйесі. «Құқық негіздері» кешенді оқу курсы, оның құрамына мемлекет пен құқық туралы негізгі мәліметтер кіреді. Құқықтық ілімдер жүйесінде құқық негіздері маңызды орын алады. «Құқық негіздері» оқу курсы заңды емес мамандық бойынша оқитын студенттерге арналған құқықтық теорияның, Қазақстан Республикасы заңнамасының негіздерін анықтайтын жүйелік курс болып табылады. Құқық негіздерінің зерттеу объектілерінің жүйесіне құқық нормалары, заңдар, мемлекет пен құқық туралы негізгі білімдерді түсіну үшін қажет оқулық, монографиялық, арнайы және номативтік құқықтық әдебиеттер кіреді. Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.
. Құқық негіздері пәнінің әдіс-тәсілдері:1.Жалпылама әдістер ( диалектикалық-материалистік)2.Жалпы ғылыми әдістер ( талдау, жүйелеу, синтездеу)3.Жекеленген әдістер (салыстырмалы, міндеттеу,социологиялық, статистикалық т. б.)Жалпы заң ғылымдары жүйесі жағынан бірнеше топқа бөлінеді:1.Теориялық заң ғылымдары. Оларға мемлкект және құқық теориясы жатады.
2.Мемлекет пен құқық тарихы. Оларға Қазақстан Республикасы, басқа да елдердің мемлекті мен құқығының тарихы жатады.
3.Салалық заң ғылымдары ( азаматтық, конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек т.б.)
4.Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, экспертиза, сот статистикасы т.б.)
