- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
Жерге меншік құқығы — жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі жер учаскесін заң актілерінде белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік және жеке меншік нысандары заң жүзінде танылған және олар тең дәрежеде қорғалады. Жерге мемлекеттік меншіктің субъектісі мемлекет, яғни Қазақстан Республикасының өзі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оның атынан мемлекеттікбасқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар субъектілер өздеріне тиесілі құқықтарды заң актілерінде көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде қалаулары бойынша жүзеге асырады. Олардың қатарына азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады.Жер пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді. 1) мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылар; 2) осы елдің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар; 3) тұрақты және уақытша жер пайдаланушылар; 4) бастапқы және кейінгі жер пайдаланушылар; 5) жеке және заңды тұлғалар. Тұрақты Жер пайдалану құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі.Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.
№18 билет
1. Адвокаттар алқасы және нотариаттық қызмет.Адвокаттар алқасы — арнаулы заңда белгіленген міндеттерді орындау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға құқы барадамдар құратын, коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым. Облыстық, респ. маңызы бар қаланың, астананың территориясында адвокаттардың бір ғана алқасы құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Аталған территорияда адвокаттар алқасы болмаған жағдайда, ол [[Қазақстан Республикасы|Қазақстан Республикасының]] “Адвокаттық қызмет туралы” заңының (7-бап) талаптарына сәйкес келетін кемінде он құрылтайшының бастамашылығымен құрылады. Оған мемл. органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. Адвокаттар алқасының негізгі міндеттері: адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алқа мүшелеріне жәрдемдесу, кәсіби көмек көрсету және оларды қорғау; олардың қызметін материалдық-техн. және анықтамалық-ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету; адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кәсіби бақылауды ұйымдастыру; алдын-ала тергеу және сот органдарының белгілеуі бойынша тегін заңды көмек көрсету, қорғау ісін ұйымдастыру. Адвокаттар алқасының жарғысы, жоғары органы (алқа мүшелерінің жалпы жиналысы немесе конференциясы), атқарушы органы (төралқа), бақылаушы органы (тексеру комиссиясы) болады. Адвокаттар алқасы.мүшелерінің құқылары мен міндеттері, тәртіптік жауапкершілігі, т.б. Қазақстан Республикасының “Адвокаттық қызмет туралы” заңында (1997 ж. 5-желт.) көзделген. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi 1. Нотариаттық қызмет - нотариустың және өзге де уәкiлеттi адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы. 2. Нотариустар мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi басқа да адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасағанда тәуелсiз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен, осындай қызметтi реттейтiн халықаралық шарттарды басшылыққа алады. 3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттерiнің құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi. 4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi. 5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс- өткізудің және олардың еңбекке қабілеттігін қалпына келтірудің маңызды құралдары ретінде медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен байланысты мемлекет жүргізіп немесе қолдап отырған белгілі бір әлеуметтік экономикалық шаралардың жиынтығын сипаттайды. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі құқықтық қатынастар өздеріне қатысты емес мән-жайлар бойынша әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтардың қартайған еңбекке қабілетсіз өзге де табысы аз және әлеуметтік жағынан хал сипаттарын материалдық жағынан қамтамсыз ету және әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қатынас. Мұнда азаматтарға зейнетақылық төлем, жәрдемақылар, өтемдер немесе әлеуметтік қызмет көрсету нысанында белгілі бір ақшалай төлемдер алуға субъективтік құқық берілген. Ал тиісті мемлекеттік немесе өзгеде орган осындай төлемдерді төлеуге немесе әлеуметтік қызметтер көрсетуге заң жағынан міндетті болады. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы – еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қатынастарды, сондай-ақ олармен тығыз байланысты заңдық фактілерін анықтау және дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатынастарын реттейтін құқық саласы. Зейнетақы, жәрдемақылар, жеңілдіктер және алуан түрлі қызметтер көрсетулермен бағып – күтудіңнақты түрлелі әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің алуан түрлілігін әлеуметтік қамсыздандыру құқығын мемлекеттік бюджеттен тікелей қаржы бөлу есебінен мемлекеттік органдардың қарттармен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету ретінде ғана сипатталып қоймайды.
3.Прокуратура және кеден органдарының негізгі міндеті.Прокуратура органдарының жаңа Конституция бойынша жұмыс істегеніне екі жылдан астам уақыт болды. Конституция республикамызды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы деп жариялады. Дәп осы конституциялық баптарды жүзеге асыру үшін Негізгі заңда заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының, басқа да нормативтік актілердің дәл және біркелкі орындалуына, жеделіздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалау жүргізуге прокуратураға бекітілген. Конституцияға сәйкес прокуратура, сонымен қатар, қандай болсын заңдылықтың бұзылғанын ашып, оны жою үшін шара қолдануға, мемлекет мүддесін сотта білдіруге, заңда белгіленген тәртіпте және шекте қылмыстық қудалау жүргізуге тиісті. Конституциялық қадағалау жасау міндеті де прокуратураға алғаш жүктелді – оған Республиканың Конституциясы мен заңдарына айшы келетін заңдарға наразылық келтіру құқығы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының пракуратурасы туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес құқық қорғауда, әсіресе адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғауға атысты мәселелерді жүзеге асыруда прокуратураның ілеттігі едәуір кеңейді. Бұл Жарлық бойнша прокуратура бұрынғыдайазаматтар мен шаруалық субъектілерін емес, заң қолдану мідеті жзеге асырушы органдар мен лауазымды адамдардың ызметінің заңдылығын қадағалауға тиіс. Тек Республика Президенті алдында ғана емес беретіні- прокуратураның басқа мемлекеттік органдарға, олардың лауазымды адамдарына тәуелді болмауының кепілі. Прокурор анықтама мен тергеу органдарының актілері мен қызметінің заңға сәйкестігіне, жасалған қылмыстар және тергеу жүргізу туралы өтініштер мен хабарларды шешудің заңдарда белгіленген тәртібінің сақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге иеболуда. Жалпы «кеден органы» түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны және нақты тарихы кезендегі атқарып отырған қызмет аумағын, функцияын да есепке алу керек. Себебі, Әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі), оның құзіреті, құрылымы, іс — әрекетінің әдістері мен түрлері, т.б. параметірлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.Кеден саясаты.Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:- Қазақстан нарығын қорғау;- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;- Экономиканың дамуын ынталандыру;- Экономикада құрылымдық қайта құру жүргізуге жәрдемдесу;- Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;- Сауда саясаты міндеттерін шешу;деп көрсетілген. Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс — әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс — әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс — әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.
№19билет
1.Қазақстан Республикасы-егеменді және тәуелсіз мемлекет .1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшандатты, мұның өзі елдегі болып жатқан уақиғалармен тығыз байланысты еді.1991 ж. ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белорусиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.1990 ж. төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.1991 ж. тамыздағы уақиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшандатты. ҚОКП оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті. Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі. Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе. Бұл – бір. Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады.1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның басшылары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды. Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен. Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті. КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
2. Неке шарты оны жасаудың құқықтық негіздері.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасында тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды отбасы тұрғысында реттейтін құқықтың саласы. Отбасы қатынастарын өзіндік емес және мүліктік қатынастар құрайды. Отбасы құқығының қайнар көзі ҚР «Неке және отбасы кодексі» (11.09.2006ж) болып табылады. Отбасы құқығының бастауларына ҚР үкіметі немесе әділет министрлігі бекіткен басқа да нормативтік актілер жатады ( мысалы ҚР үкіметі бекіткен қорғаншылық және қамқоршылық органдар туралы ереже немесе әділет министрлігі бекіткен азаматтық хал- актілерді тіркеу туралы нұсқауы).«Неке және отбасы кодексінің» негізгі принциптері:1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;2) ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;3) отбасы ісіне кімнің болса да араласуына жол бермеушілік;4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдылық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;6)отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдылық беру;7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері т.б.
2.Некеге отыру және некені тоқтату тәртібі.Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.Неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18-жас болып белгіленген.Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендетуге некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары бегіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсеткен өтінішімен немесе келісімімен ғана рұқсат етіледі.Некеге тұруға жол берілмейтін жағдайлар:1.Біреуі болсада басқа тіркелген некеде тұрған адамдар арасында некеге тұруға жол берілмейді.
2.Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың, ата-анасы бір, ортақ ағалы-інілер мен аплы-сіңілілердің арасында некеге тұруға жол берілмейді.3. Асырап алушылар мен асырап алғандардың арасында некеге тұруға жол берілмейді.4.Біреуі болса да психикалық аурудың немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында некеге тұруға жол берілмейді.Некеге тұру некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол бермейді, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Неке шарты -некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Неке шартын ерлі зайыптылар некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де және неке кезеңінде кез келген уақытында жасай алады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасаған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны наториат куәләндыруға тиіс. Неке шарты ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:1)кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, бір біріне мүліктік талаптар қоймайтын, некені бұзуға өзара келіскен ерлі зайыптылардың некелері АХАЖ органдарымен бұзылады;2)балалары болуына қарамастан ерлі зайыптылардың бірінің өтініші бойынша екіншісі хабар ошарсыз кеткен деп танылса;3)ерлі зайыптылардың біреуін сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;4)Ерлі зайыптылардың біреуі қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айрылса;Некені сот тәртібімен бұзу төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады: 1)ерлі зайыптылардыі кәмелетке толмаған балаларының болуы;2)ерлі зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;3)егер ерлі заыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмағанына қарамастан өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарса;4)ерлі зайыптылардың бір біріне мүліктік талаптары болса;
3.Авторлық құқықтың жалпы ережелері.Авторлық құқық объектісі. Жалпы ережелер 1. Авторлық кұқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және онер туындыларына қолданылады. 2. Авторлық кұқық белгілі бір объективті түрге ие болған:жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және сол сияқты);үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік, оптикалық және сол сияқты); бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне немесе фотокадрлар және сол сияқты);көлемді-кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат және сол сияқты) түріндегі жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.2 Заңның 6-бабының 1-тармағында аталған белгілері бар және дербес колдануға болатын туынды бөлігі (онын атауымен коса) Авторлық құқық объектісі болып табылады. 4. Авторлық кұқық идеялардын, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердін, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактлердің өздеріне колданылмайды. 5. Туындыға деген авторлық кұқық туынды жасалған материалдық объектіні меншіктену кұқығымен байланысты емес. Материалдық объектіні меншіктену кұқығының немесе материалдық объектіні иелену құқығынын озгеге берілуі, осы Заңның 18-бабында көзделген реттерді қоспағанда, сол объектіде көрсетілген туындыға қандай да болсын авторлық құқықтың ауысуына өздігінен әкеп соға алмайды.
№20 билеті
