Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасында тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды отбасы тұрғысында реттейтін құқықтың саласы. Отбасы қатынастарын өзіндік емес және мүліктік қатынастар құрайды. Отбасы құқығының қайнар көзі ҚР «Неке және отбасы кодексі» (11.09.2006ж) болып табылады. Отбасы құқығының бастауларына ҚР үкіметі немесе әділет министрлігі бекіткен басқа да нормативтік актілер жатады.

«Неке және отбасы кодексінің» негізгі принциптері:

1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;

2) ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;

3) отбасы ісіне кімнің болса да араласуына жол бермеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдылық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;

6)отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдылық беру;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері т.б.Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.Неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18-жас болып белгіленген.Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендетуге некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары бегіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсеткен өтінішімен немесе келісімімен ғана рұқсат етіледі.

Некеге тұруға жол берілмейтін жағдайлар:

1.Біреуі болсада басқа тіркелген некеде тұрған адамдар арасында некеге тұруға жол берілмейді.

2.Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың, ата-анасы бір, ортақ ағалы-інілер мен аплы-сіңілілердің арасында некеге тұруға жол берілмейді.

3. Асырап алушылар мен асырап алғандардың арасында некеге тұруға жол берілмейді.

4.Біреуі болса да психикалық аурудың немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында некеге тұруға жол берілмейді.Некеге тұру некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Неке шарты -некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Неке шартын ерлі зайыптылар некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де және неке кезеңінде кез келген уақытында жасай алады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасаған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны наториат куәләндыруға тиіс. Неке шарты ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:

1)кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, бір біріне мүліктік талаптар қоймайтын, некені бұзуға өзара келіскен ерлі зайыптылардың некелері АХАЖ органдарымен бұзылады;

2)балалары болуына қарамастан ерлі зайыптылардың бірінің өтініші бойынша екіншісі хабар ошарсыз кеткен деп танылса;

3)ерлі зайыптылардың біреуін сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

4)Ерлі зайыптылардың біреуі қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айрылса;

Некені сот тәртібімен бұзу төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады:

1)ерлі зайыптылардыі кәмелетке толмаған балаларының болуы;

2)ерлі зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;

3)егер ерлі заыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмағанына қарамастан өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарса;

4)ерлі зайыптылардың бір біріне мүліктік талаптары болса;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]