Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.

Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.Парламенттік республикада — үкімет заң шығарушы органмен құрылады және ол соның алдында жауапты. Парламент дауыс арқылы сенімділік не сенімсіздік вотумды тұтасымен үкіметтің қызметіне, үкіметтің басшысына (министрлер, кеңесінің төрағасына, премьер-министрге, канцлерге) нақты министрдің өзіне жариялауға құқығы бар. Президент, мемлекеттік өкімет органдарының жүйесінде, ол өте қарапайым орында: оның міндеттілігі, әдетте өкілетті Органдардың қызметімен тежеледі. Яғни, конституциялық монархиядағы мемлекет басшысының қызметінен айырмашылығы өте аз. Шын мәніндегі, мемлекет басшысы болып үкімет басшысы есептеледі.Аралас (жарты президенттік, жарты парламенттік) республиканың сыйпатына үкіметтің екіжақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.Өзіміз білетініміздей, мемлекет о бастан-ақ өзінің пайда болған кезінен үстем таптың саяси ұйымы, халықтың қанаушы таптары мен топтарына өктемдік жасау құралы болып табылды. Әрбір мемлекеттің мәні өкімет басында қандай тап немесе қандай топтар тұрғанына ғана байланысты болады. Тіпті құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекеттерді айтпай-ақ өзімізге қанық болған социалистік (кенестік) мемлекет те қоғамдық таптардың бірінің саяси өкіметінің қаруы есебінде пайда болды – оның бұрынғы мемлекеттермен ұқсастығының өзі осында, оны мемлекет деп атайтынымыз да сондықтан. Оған дәлел, алғашқы кезде Кеңес мемлекетінің мәні – пролетариат диктатурасы болды. Онсыз құлаған езуші таптардың халықтың революциялық еркіндігіне қарсылығын басуға, бұқараны жаңа өмір үшін күреске ұйымдастыруға мүмкін емес еді. Соңынан КПСС-тің диктатурасы жалғасқанын білеміз.Жоғарыда айтылып кеткендей, мемлекеттің шығу себептерін ескерсек, мынадай қорытындыға келе аламыз: жалпы мағынасында мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықпен қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекет билігінің тармақтарының бөлінісіне байланысты функциялар заң шығару, басқарушы және сот ісін жүргізу болып бөлінеді. Қоғамдық сферасындағы қызметінің бағытына қарай экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдениет рухы сферасындағы іске асырылатын функциялар болып жіктелінеді.

Осылай топтастыру негізінде енді біз нарықтық экономика жағдайындағы қазіргі уақыттағы мемлекеттің қолданылатын функцияларына тоқталғанды жөн көрдік.Ұйымдастырушылық нысанына мыналар жатады: ұйымдастыру-реттеушілік (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік ұйымдастырушылық жұмыстар); ұйымдастыру-шаруашылық (әр түрлі мемлекеттік функциялардыорындауға тиісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты оперативтік-техникалық, күнделікті шаруашылық жұмыстар); ұйымдастыру-идеологиялық (мемлекеттің әр түрлі функцияларының орындауын қамтамасыздандыру жөніндегі күнделікті оперативтік-түсіндіру, тәрбиелік жұмыстар).

Мемлкеттің механизмі бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқа функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмінің маңызы өте зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтыр мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзеретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастырушылық материалдық және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйетін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:- заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);

- федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті (мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);

- бастапқы (сайланбалы өкілді), мүшелерін халықтың сайлауы және туынды (қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу тәртібіне қарай);

- жалпы құзыретті, яғни бұл орган өзінің құзыреті шегінде, оған қатысты барлық мәселелерді қарап шеше алады (мысалы Президент, Үкімет, т.б.) және арнайы құзыретті – бұл өз жұмысын белгілі бір тар салаларда ғана атқара алатын орган (мысалы, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, т.с.с.) (құзыреттің мәні бойынша);- коллегиялды – шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара басшылық – мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі (шешімді қабылдау әдісіне қарай);

- тұрақты және уақытша (өкілеттіліктің мерзімі бойынша).

Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:- мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;- заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;

- заң жүзінде бекітілген ұйымдық құрылымы, құзыреті (құқықтар мен міндеттердің жиынтығы), аумақтық қызмет көлемі, арнаулы аппараты және өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын айқындайтын тәртібі болуы;- белгілі бір материалдық құралдарға иелігі (құрылыс, үйелер, көлік, т.б.);

- мемлекеттік билік сипаттаға өкілеттілігіне иелігі, яғни әр қилы құқықтық актілерді шығару және оны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін құқығының болуы.

Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге аырушы күш, мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымының жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекеттік аппарат дегеніміз билігін іске асыру үшін билік өкілеттілігіне иелі мемлекеттік органдардың жүйесін құрайтын мемлекеттің механизмі. Өз қызметі шегінде мынадай принциптерді басшылыққа алады:- демократиялық (мемлекет органдарының қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға халықтың кеңінен қатысуы);- заңдылық (бүкіл нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың барлығы да дәлме-дәл, қатаң, әрі бұлжытпай орындауы);- есеп берушілік (төменгі органдардың жоғарғы органдарға өз қызметі жайында есеп берудің міндеттілігі);- коллегиялық пен жеке басшылықтың үйлесімділігі (бұл мәселелелрді ұжымдық талқылауды, бірақ шешімді жеке басшының өзі қабылдап, оны іс жүзіне асырғанда жеке жауаптылықты көздейді);- жариялылық (белгілі бір мемлекеттік органының тәжірибелік қызметі туралы құқық субъектілеріне (азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мекемелерге, төменгі органдарға және т.б.) хабарлауды қамтамасыз ету).Мемлекеттік механизм құрылымына мемлекеттік аппратпен бірге мемлекеттік ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындар да кіреді.Мемлекеттік ұйым – мемлекеттің функциясын әр түрлі салаларда, айталық, экономика, әлеуметтік, мәдени, қорғаушылық және т.с.с., жүзеге асырушы мемлекеттік мекеме. Көпшіліктің тұжырымдаулары бойынша, мемлекеттік ұйым әлеуметтік-мәдени функцияларды (мысалы, білім, ғылым, денсаулық, т.б.) іске асыруға бағытталған, — дейді.

Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғарғы, орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым қатынастары қандай принциппен қалыптасты, халық олардың сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысанының арасында басқару нысаны маңызды элемент болып саналады.Басқару нысаны жоғарғы мемлекет билігінің әдісін ашады, оның органдарының өзара қарым қатынасын және халықпен қатынасын, тұрғындарды белгілі нысанға келтіру дәрежесін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]