Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.

Сайлау құқығы конституциялық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР сайлау құқығының қайнар көздеріне ҚР конституңциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» конституциялық заңы (28.09.1995.қаб. 21.06.2007ж. өзгертіген, толықтырылған) және ҚР «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы» (10.12.1993 ж.) заңы жатады. Қазақстан Республикасының президентін, парламент төменгі палатасы мәжіліс депутаттарын, сенат депутаттарын және жергілікті өкілдік органдар маслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.Сайлау жүйесі дегеніміз өкілетті органдарға және басқарудың әртүрлі сатыларына елде қалыптасқан заңға сәйкес азаматтардың өзі қалаған өкілдеріне дауыс беруін ұйымдастыру және өткізу жүйесі. Сайлау құқығы екі мағынада қолданылады. Объективті және субъективті Объективті сайлау құқығы – мемлекеттік органдардың сайлауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін реттейтін құқық саласы. Субъективті сайлау құқығы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығы.Субъективті сайлау құқығының 2 екі түрге бөлінеді:

1) белсенді сайлау құқығы-азаматтардың сайлау құқығын білдіреді;

2) бәсең сайлау құқығы азаматтардың сайлану құқығын білдіреді;

Сайлау президенттік, парламенттік, жергілікті басқару органдарына сайлау болып жіктеледі. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі принциптері: 1) сайлаудың жалпыға бірдейлік принципі сайлау мен сайлану құқығына қойылатын талаптар мен шектеулер ҚР конституциясымен анықталады; 2)Сайлауға қатысуға теңдік принципі ; әрбір сайлаушы бір дауысқа ие бола алады; 3) Тікелей сайлау құқығын жүзеге асыру принципі; ҚР президенті, мәжіліс және маслихаттар депутаттарын халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. 4) жасырын дауыс беру принципі; бұл принцип ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі. 5) сайлау бостандығы принципі сайлау құқығын еркін жүзеге асыруға негізделген. Сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге немесе азаматтың еркін шектеуге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл принциптер ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі.Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады.Сайлау комиссияларының жүйесі: 1)орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округтік сайлау комиссиясы; 4)учаскелік сайлау комиссияларынан тұрады. Орталық сайлау комиссиясының қызметі:

1)сайлау туралы заңның орындалуын бақылайды, бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;

2)өз құзіреті шеңберінде Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды. Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеуге, өткізуге басшылық жасайды;

3) парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға сайлау округтерін құрады, оларды нөмірлерін бекітеді, оны ақпарат құралдарында жариялайды;

4)сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың сметасын жасап, оны ҚР үкіметіне ұсынады;

5)сайлау комиссияларына басшылық жасап, олардың шешімдерін жояды немесе тоұтата тұрады;

6)республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлген қаражатын сайлау комиссияларына бөледі;

7)аумақтық және округтік комиссиялардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты түскен шағымдар мен арыздарды қарайды;

Аумақтық сайлау комиссияларына- облыстық ( республикалық маңызы бар қалалар мен респулбика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады.

№13 билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]