- •2. Қр конституциясы- мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •3.Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.
- •2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері
- •1.Құқық ұғымы,оның теориялық негіздері,белгілері
- •3.Әкімшілік жаза, оның түрлері
- •2. Мемлекет ұғымы, құрылымы және теориялық негіздері
- •3. Азаматтың әрекет қабiлеттiлiгі.
- •2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
- •2.Қр сайлау жүйесі
- •3.Мемлекеттік басқару:ұғымы,қағидаттары,басқару органдары.
- •3.Қр салық туралы заңдары. Салық кодексі.
- •2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары
- •3.Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесі
- •1.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері, принциптері
- •2.Сот органының құрылымы. Соттар қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптері
- •3.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
- •1.Мемлекеттің түрлері ( басқару формасына, территориялық құрылымына, саяси режиміне қарай.
- •2.Қр азаматтық кодексіне жалпы сипаттама
- •1 Бөлім. Жалпы ережелер
- •3.Азаматтық құқықтың субъектілері.
- •2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы
- •3.Мәмле, оның түрлері мен үгілері
- •3.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі.
- •1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару, оның түсінігі және принциптері.
- •2. Отбасы құқығы. Неке және отбасы кодексі
- •3.Қр азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
- •3.Жерге меншік құқығы және пайдалану.
- •1.Қр конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы
- •1.Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нормаларының жиынтығы
- •1.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары, олардың қызметі.
- •2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.
- •3.Қр неке және отбасы кодексі бойынша некені тіркеу және некеден шығу тәртібі.
- •41 Емтихан билеті
- •48Билет.1.
2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметтері .
Елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құқық қорғау органдары деп аталады. Құқық қорғау органдарының қызметіне:
1)конституциялық бақылау;
2)сот істерін жүргізуді ұйымдастыру;
3)әділ сот төрелігін жүзеге асыру;
4) прокурорлық бақылау;
5)қылмысты істерді ашу мен тексеру;
6)іс жүргізу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заңдық көмек көрсету жатады. Құқық қорғау қызметінің прициптері:
1.Құқықтық заңдылық принципі;
2.Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;
3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың заң алдында теңдігі;
4.Жариялылық принципі;
5.Жан- жақтылық, толықтық, дәлелдік принципі;
6.Әркімнің білікті заңгерлік көмек алуға және қорғану құқығына кепілдік принципі;
Ішкі істер органдары ҚР президентінің заңдық күші бар « ҚР ішкі істер органдары туралы» жарлығына сәйкес (21.12.1995ж қабылданып 09.12.1998ж түзетулер енгізілген) ішкі істер органдары анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіруді жүзеге асыратын, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық істерді тауып, тексеретін, қылмыстармен күресетін, оларды болдырмау үшін бақылау, қадағалау, тексеру, анықтау, тәрбиелеу жұмыстарын жүргіетін органдар болып табылады.ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР президентінің заңдық күші бар « ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» (12.12.1995 ж.) жарлығына сәйкес тікелей президентке бағынатын мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін республиканың конституциялық құрылымын,суверенитетін,территориялық тұтастығын, экономикалық, ғылыми техникалық және қорғаныс потенциалын қорғауды жүзеге асыратын арнайы органдар болып табылады. Нотариат нотариаттық қызмет Қазақстан Рспубликасының «Нотариат туралы» (14.07.1997 ж.) заңы бойынша жүзеге асырылады. Нотариустар нотариалдық әректтер жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен бостандықытарын, заңды мүдделерін қорғайды. Нотариус төмендегідей қызмет атқарады:
1)мәмлелерді заңдастырады;
2) шаруашылық құжаттарды заңдастырады;
3) мұрагерлікке қалған мүлікті қорғайды;
4) мүлікке мұрагерлік құқық беретін құжаттарды береді;
5) ортақ мүліктеі әркімнің үлесі туралы куәлік береді;
6) мүлікті иелену мен пайдалану құқығынан айырады және иелену мен пайдалану құқығын қайтарады;
7) құжаттардың көшірмелерін заңдастырады;
8) құжаттарды басқа тілге аударғанда оның көшірмеснің заңды екенін куәландырады;
9) құжаттарды сақтайды; т.б.
Әділет органдары Қазақстан Республиасының «Әділет органдары туралы» (18.03.2002 ж.)заңы негізінде өз құзреті шеңберінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік кызмет атқарушы лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалай отырып жеке азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.Агенттіктің құзреті мен мақсат- міндеттері ҚР үкімет інің 29 қаңтар 2004 жылы шыққан ережесінде нақтыланған. Агенттіктің қызметі:
1) елдегі кримогендік жағдайға, экономикалық қылмыстарды туғызатын жағдайларды анықтап, оған талдау жасау;
2)салық полициясы органдарының жұмысының негізгі бағыттарын анықтау;
3) Өте күрделі салықтық және экономикалық қымыстарды тексеру; т.б.
Кеден ісінің міндеті - ҚР кедендік шекара арқылы елдің территориясына келетін товарлвр мен транспортқа кедендік салық мөшерін белгілеу, салықты жинау, кедендік құжаттарды беріп кедендік бақылауды жүзеге асыру. Кеден ісі Қазақстан Республикасындағы «Кеден ісі туралы» заңымен айқындалады.
