Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

2.Қазақстан республикасындағы аумақтық және жергілікті мемлекеттік басқару.

«Қазақстан Республикасының  жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында: «жергілікті өкілдік органдар маслихаттар – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін жүзеге асырылуын бақылайтын ораган» делінген. Аталған заңда маслихаттардың қызметінің негізгі бағыттары анықталған. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген  қалалық) болып бөлінеді.

2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.

3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген  қалалық) соттар және әскери соттар құрайды.                                                    

  Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер әкім басқаратын өз құзіреті негізінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әуеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару т.б.жатады. ҚР Конституциясының 85-бабына сәйкес, мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Бұл органдарды 2001 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заң реттейді. Бұл заң жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ маслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл заңда Қазақстан Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруға белгілену берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді жіне атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталған заң мен басқа да заңдық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Заң маслихаттар мен әкімшіліктер үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді.

3.Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.

“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 1) Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады. 2) Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады. 3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері; 3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

№15 билет

1.ҚР азаматтық құқығының пәні, әдістері принциптері.Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі; 2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3) шарт еркіндігі; 4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы; 5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау. Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын аза-матгық зандарының алдынақойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді. Енді осы көрсетілген принциптерді талдасақ дейміз.

 Азаматгық принщштері (кағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматгық заңының мейлінше маңыз-ды тұстарын көрсетеді. Демек азамаггық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық қүқықтың тек жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады. Принциптер (қашдаттар) Азаматтық құқық жүйесінде әрқа-шанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да баска нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек принциптер өзгелерден басым түседі. Принциптер азаматтық-қүқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, бас-шылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісі бекін түсуіне байланысты, енді принциптер нормативтік мәнге ие болды және оны колдану мівдеттілікке айналды. Бұрын-сонды азаматтық прин-циптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырьшдама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заны жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы). Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық принциптерінің ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды: "Бірінші-ден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі. Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжатта-рын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң принциптері басшы-лыққа алынады. Төртіншіден, мүдцай принциптер құқықтык нормалардың бастапкы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларьшың мазмүнының түсінілуі жүзеге асырылгада назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарынқараңыз). Бесіншіден, заңпринциптерінесүйе-не отырып, зан нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын керсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқыктағы кұқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық кұқық принциптері өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық инсти-туттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі. Азаматтык құқықтын мынандай принцштері бар: 1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі; 2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3) шарт еркіндігі; 4) жеке істерге кімнің болса да озбырлыкден араласуына жол беруге болмайтындығы; 5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6) нұқсан келтірілген құьдықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.Міне, осы принциптердің бәрі де Азаматтық кодекстің " Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын аза-матгық зандарының алдынақойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді.

2. Ата- аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері.18 жасқа толмаған адам бала деп танылады. Баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығын көруге және олармен бірге тұруға құқығы бар.

Ата- аналардың құқықтары мен міндеттері:

1)ата-аналар өз балаларының денсаулығына қомқорлық жасауға міндетті; 2)балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті;

3)ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, арнаулы рұқсатсыз оның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;

4)ата- ана құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы жүзеге тасыруға болмайды; олай болған жағдайда ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады;

5)баласынан бөлек тұратын ата ана баласымен қарым қатнас жасауға, оны тәрбиелеуге , білім беруге қатысуға құқығы бар;

6)баласынан бөлек тұратын ата ана өз баласы туралы тәрбиелеу, емдеу мекемелерінен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар;.

7)ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті; Алимент- отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатнастары

1)ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.

2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті;

3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті;

4)еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті.

Ата-ана құқығын айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талыбы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата анасының қайтыс болуы, ата ана құқығынан айрылуы, олардың құқықтарының шектелуі, ата анасының әрекетке қабілетсіз деп талынуы т. б. жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қамқоршы және қорғаншы органдар –жергілікті атқарушы органдар, өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады. Қамқоршылық 14-жасқа толмаған балаларға, және психикалық ауру салдарынан немесе ақыл есі кемдігінен сот әрекетке қабәлетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға және спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге салыну салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.

3. Интеллектуалдық меншік құқығы.Авторлық құқықты қорғау.Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:• интеллектуалдық қызметтің туындылары;• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;• фирмалық атаулар;• тауарлық белгілері және т. б.

Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады. Авторлық құқық — программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайынанықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы.Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару,орындау және т.б.) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралықконвенциялармен реттеледі. Құқықты калпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады. Авторлық шарт Автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т.б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт жағдайы азаматтық заңнамалармен айқындалады

№16 емтихан билеті

1.Меншік құқығы , басқа да заттық құқықтар. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заңды актілермен белгіленген және қорғалатын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті ңс жүзінде заң жүзінде қамтамасыз етудің мүмкіндігі. Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Заңға сәйкес меншіктің келесі нысандары бар: жеке және мемелекеттік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналды болып екіге бөлінеді. Республикалық меншік республикалық қазынадан және республикалық заңды тұлғаларға бекітілiп берілген мүліктен тұрады. Республикалық қазынаға: республикалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта қоры, алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады. Коммуналды меншік жергілікті қазынадан және коммуналды заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Екі немесе бірнеше тұлғаның бір мүлікке меншік құқығы ортақ меншік болып табылады. Заң ортақ меншіктің екі түрін анықтайды: үлестік және бірлескен ортақ меншік. Егер мүлікке меншік иелерінің әрқайсысының нақты үлестері белгілі болса және көрсетілсе, онда ортақ меншік үлестік болып табылалы. Ортақ бірлескен меншікте нақты үлестер белгіленбейді және қатысушылардың үлестері тең деп есептеледі. Меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдері: виндикациялық және негаторлық тараптар. Зияткерлік меншік дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне, заңды тұлғалардың дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өз өнімдеріне ерекше құқығы. Авторлық құқық дегеніміз- автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.автор шығармашылық еңбегімен туынды жазған тұлға.Авторлық құқықты иеліктен айыруға немесе басқа адамға беруге болмайды. Егер екі немесе бірнеше адамның авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып табылады. Авторлық құқық автордың өмірі бойына және қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонаграммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына қолданылады.Сабақтас құқықтардың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальділікті сақтау талап етілмейді.Мұрагерлік құқық – қайтыс болған адамның мүлігін мұраға қалдыру және мұраны қабылдау міселелерін реттейтін құқық институты. Мұраға қалдыру екі жолмен өтеді: заң бойынша және өсиет бойынша. Өсиет міндетті түрде нотариалды бекітілген жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Егер қайтыс болған адам өсиет қалдырмаса онда мүлік заңмен белгіленген ретте туыстарының арасында бөлінеді.Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi.Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады.Жерді пайдалану құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мүлікті иелену меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуі және пайдалануы.Шаруашылықты жүргізу құқығы — мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етуді заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.Оралымды басқару құқығы — меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған,және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.Өзге де заттық құқықтар — сеніп тапсырылған басқару құқығы жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы жер асты байлығын иелену құқығы;2.Ата- ана құқығын шектеу мен айыру. Баланы асырап алу және қамқорлыққа алу .

Алимент- отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатнастары

1)ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.

2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті; 3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті;

4)еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті.

Ата-аналар өз балаларына қатысты міндеттерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылады. Ата-ана құқығын айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

Ата-ана құқығын айырутуралы істер ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талыбы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата анасының қайтыс болуы, ата ана құқығынан айрылуы, олардың құқықтарының шектелуі, ата анасының әрекетке қабілетсіз деп талынуы т. б. жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қамқоршы және қорғаншы органдар –жергілікті атқарушы органдар, өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады. Қамқоршылық 14-жасқа толмаған балаларға, және психикалық ауру салдарынан немесе ақыл есі кемдігінен сот әрекетке қабәлетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға және спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге салыну салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.

3.Жерге қатысты құқықтық қатынастар. Жер кодексі.Өркениет заманында жерге қатысты дауды шектеудің ең озық жолы -заңды қатайтып, осы төңіректегі мәселелерді құқық шеңберінде  шешуді жетілдіру болып табылады. Сондықтан да, жер қатынасына қатысты заңнаманы замана тудырған соқпаққа сай жаңалап отыру биліктің басты міндеті. Өйткені арнайы жүргізілген әлеуметтік зерттеулер жер қатынасы мәселесін сыбайлас жемқорлық ең көп жайлаған нысан ретінде көрсетіп отыр. Алматы қаласының төңірегіндегі заңсыз басып алынған һәм заңсыз жеке меншікке берілген қадау-қадау жер учаскелері, өңір-өңірдегі «бармақ басты, көз қыстымен» жердің саудаға салынуы, жерге қатысты құқықтық қамтудың олқылығы бірнеше жылдар бойы көтеріліп, осыдан 3 жылдай бұрын Мемлекет басшысы деңгейінде өткен кеңесте жан-жақты талқыланған болатын. Елбасы жер қатынасын реттеуге қатысты арнайы тапсырмаларды атқарушы билікке жүктеген еді. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы кү­рес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің 2008 жыл­дың 11 сәуірде болған екінші отыры­сының шешімі негізінде арнайы заң жобасын әзірлеуге Мәжілістің бір топ депутаттары сол кезде бастамашылық жасап еді. Кейіннен дәл осындай заң жобасы Үкімет тарапынан Мәжіліске түсіп, сосын атқарушы билік пен заң шығарушылар өзара ортақ мәмілеге келіп, екі құжатағы мәселелерді бірге қамту турасында уағдаласқан. Содан бері Парламент Мәжілісінде біраз «жатып қалған» құжат 2009 жылы бірінші оқылымда, 2011 жылдың наурызында екінші оқылымда мақұлданып, өткен аптада Сенаттың отырысына шығарылған еді. 1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры.1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;5) орман қорының жерi: су қорының жерi; босалқы жер.2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:1) орманды дала; дала; қуаң дала; шөлейттi; шөлдi; тау етегi-шөлдi-далалық; субтропикалық шөлдi; субтропикалық-тау етегi-шөлдi; орта азиялық таулы;2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыруЖердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi өз құзыретi шегiнде жүргiзед.3-бап. Жерге меншiкҚазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.4-бап. Жер заңдарының принциптерi.1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi;2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау;3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану;4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;5) жердi нысаналы пайдалану;6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы;7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ет5-бап. Жер заңдарының мiндеттерiҚазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.6-бап. Жер заңдары1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. K070212, Z0601753. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи pecуpc ретiндегi жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс.4. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология , орман , су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктермен жануарлар дүниесi ,   ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.5. Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттiк органдардың актiлерiмен шектеуге болмайды.6. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ

шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады.7. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы ҚазақстанРеспубликасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.   Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.09 N 213 Заңымен.7-бап. Халықаралық шарттарЕгер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолданылады.8-бап. Жердi аймақтарға бөлу.1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау.2. Жерді аймақтарға бөлуді облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде ұйымдастыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті өкілді органдары бекітеді.  9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.2. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады.   Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.   Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттерге жер учаскесi жалға берiлген кезде жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда айқындалады.3. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өтеулі негізде сату, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп не төлеу мерзімі ұзартылып жүзеге асырылады.10-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары және жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны.1 Нақты жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің жеке меншікке немесе жалға өтеулі негізде беретін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына сәйкес оған түзету (арттыратын немесе кемітетін) коэффициенттерін қолдана отырып белгілейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы үш жұмыс күні ішінде бекітетін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен ресімдейді.   Астана қаласының, республикалық маңызы бар қалалардың, облыс орталықтарының маңындағы аймақта және курортты аймақта орналасқан елдi мекендерде (кенттер мен ауылдық елдi мекендерде) жеке меншiкке берiлетiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкалары екi есе арттырылады.2. Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншiкке өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн тегiн берудiң белгiленген нормаларынан артық берiлетiн қосымша жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құны бағаланатын учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық елдi мекендердiң жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына негiзделе отырып айқындалады.11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi.Мемлекет ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн беретiн жер учаскелерiнiң кадастрлыққұнын айқындау кезiнде жер учаскесiнiң сапалық жай-күйiне, орналасуына, сумен қамтамасыз етiлуiне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты түзету коэффициенттерi қолданылады.

№17 билет

1.Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік.«Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жаза көзделегн заңға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ӘҚтБК 9- бабы), Әкімшілік құқық бұзушылық ҚР 2001жылы 30 қаңтарда қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» реттеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшілік жазалануы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам танылады. Әкімшілік жауаптылыққа ҚР ӘҚБтК бойынша 16 жасқа толған жеке тұлға және заңды тұлғалар: мемлекеттік және мемлекеттік емес , коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына (элементтеріне): объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы жатады. Көрсетілген төрт элементтің ең болмаса біреуінің болмауы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкешілікке тартуға мүмкіндік ермейді. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықты туындатады.

Әкімшілік жауаптылық- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке және заңды тұғаларға мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан қолданылатын әкімшілік-құқықтық санкцияларды қолдануы. Заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктің мынандай түрлері белгіленген: әкімшілік, тәртіптік және материалды. Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:

1) Мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы жауап шарасы болып табылады.

2) Құқық бұзушыны тәрбиелеу шарасы болып табылады.

3)Құқық бұзушының ар-намысын таптау және тән азабын тартқызу мақсатын көздемейді

Әкімшілік жаза- заң мен уәкілеттілік берілген органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның түрлері ӘҚБтК айқындалған.

Әкімшілік істерді мынандай органдар қарайды:

-соттар;

-кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар;

-мемлекеттік инспекциялар және т.б. құзырлы органдар .

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың төрт сатысы бар:

1)Әкімшілік тергеу жүргізу. Бұл сатыда әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталады.

2)Істі қарау. Уәкілдігі бар орган (немесе лауазымды адам) істі қарап қаулы қабылдайды

3)Қаулыны қайта қарау. ( факультативті саты) Қабылданған шешім бойынша азаматтың шағымы немесе прокурордың наразылығы болған жағдайда қаулыны күшінде қалдырумен, оны өзгертумен немесе бұзумен аяқталады

4)Қаулыны орындау. Қаулыны қабылдағаннан немесе шағым мен наразылықты қарағаннан кейін- ақ бірден басталады.

2.Еңбек-құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік.Еңбек құқығы дегеніміз – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы. Еңбек қатнастарын реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі»(15.05.2007 ж.) Еңбек құқығының пәнін еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану барысында қалыптасатын жеке және ұжымдық қатнастар құрайды. Еңбек құқығы 4 түрлі әдіс арқылы реттеледі:

1) еңбек жағдайларын орталықтан мемлекеттік реттеу;

2)еңбектегі құқықтық қатынастардың шартты түрде ғана пайда болуы, өзгеруі және жойылуы;

3)еңбек қатынастарын реттеуге еңбек ұжымдарын және кәсіподақ ұйымдарын қатыстыру;

4)өзара міндеттемелерді орындау мен еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етудің ерекше тәртібі.

Еңбек құқығының принциптері- еңбек қатнастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатнастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар.  Еңбек құқығының субъектілері жұмысшы мен жұмыс беруші. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас келісімдік-шарттық негізінде құрылады. Мысалы, жұмысшы (қызметкер) еңбегі үшін шартта алдын ала келісілген жалақы алады немесе сол ұйымның тапқан пайдасының белгілі бір мөлшеріне ие болады. Еңбек құқығының негізгі институттарына жеке және ұжымдық еңбек шарты жатады. Жеке және ұжымдық еңбек шартына жеке тұлғалар мен ұжым қатысады. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас келісім-шарттық негізінде құрылады, мысалға алатын болсақ, жұмысшы (қызметкер) еңбегі үшін шартта алдын ала келісілген жалақы алады немесе сол ұйымның тапқан пайдасының белгілі бір мөлшеріне ие болады. Еңбектік құқық қатынастарының өзіне тән мынадай белгілері болады: біріншіден, бұл қатынастар сол кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі тәртібінің шегінде жүреді; екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы (қызметкер) белгілі бір еңбек ұйымына кірген кезде ғана пайда болады; үшіншіден, жұмысшының (қызметкердің) еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгіленеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметкердің жұмысқа тұруы жөнінде бұйрыққа шығарылады); төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратынын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді. Жеке еңбекке негізделген еңбек түрлері, яғни меншік иесінің еңбегі, суретші, ғалым, жазушылардың еңбегі еңбек құқығының нормаларымен реттелмейді. Алайда бұлар белгілі бір еңбек ұғымында қызмет істесе, онда олардың еңбегі еңбектік құқықтық қатынастарға жатады. Сонымен, еңбектік құқықтық қатынастар дегеніміз – азамат бекітілген ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжымына кірген кезде пайда болатын өндірістік қатынастардың бір түрі. Демек, еңбектік қатынастарға жалданып еңбек етуге байланысты қатынастардың барлығы және сондай қатынастар, солардан пайда болатын басқа да қатынастар болады.Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қатнастарын реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының «Еңбек кодксі»(15.05.2007 ж.) .

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы- еңбекке қабілетсіз азаматтарға материалдық және әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы, сондай-ақ олармен тығыз байланыстызаңдық фактілерді анықтау мен дауларды шешу жөніндегі іс жүргізу қатнастарын реттейтін құқық саласы. әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру барысындағы қалыптасатын құқықтық қатнастар; Зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер мен түрлі қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандырудың түрлері болып табылады.Әлеуметтік қамсыздандыру азаматтарды қартайғанда және еңбекке қабілетсіз болған жағдайдақамсыздандырумен, аналар мен балаларға қамқорлық жасаумен, азаматтарды сауықтыру мен профилактикадан өткізу негізінде еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірумен байланысты мем лекет жүргізіп отырған әлеуметтік- экономикалық шаралардың жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік қамсыөдандыру құқығының принциптарі:

1)Қамсыздандырудың жалпыға бірдейлігі;

2)Оның түрлерінің жан-жақтылығы және алуан түрлілігі;

3)азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын қорғау;

4)Мемлекеттік бюджет және өзге ды түсімдер есебінен қамсыздандыру;

5)Еңбек үлесінің миөлеріне,мұқтаждығына және әлеуметтік маңызы бар факторларға байланыстыәлеуметтік қамсыздандырудың жағдайлары мен деңгейлерін саралау;

6) Еңбекке қабілетті жастағы әрбір азаматтың зейнатақыны жинақтауға міндетті түрде қатысуы;

7) Әрбір азаматтың ерікті қосымша зейнетақылық қамсыздандыруға құқығы;

Аталған принциптердің жүзеге асырылуы өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Қазақстан сияқты мемлекеттің әлеуметтік саясатының кемелдігін айқындайды.

Әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатнастарға:

1) қамсыздандырудың жекеленген түрлері бойынша құқықтық қатнастар;

2) зейнетақылық (ынтымақтастық және жинақтаушы зейнетақы жүйелері)

3)жәрдемақылар және өтемдік төлемдер бойынша) уақытша еңбекке қабілетсіздік бойынша жәрдемақылар,мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар),;

4) әлеуметтік қызмет көрсету бойынша (мүгедектерді оқыту мен жұмысқа орналастыру); Әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтық қатнастарының ерекшелігі олар олар күрделі заңды құқықтан туындайды 1) заңдық фактілер негізінде (зейнеткерлік жас, еңбекке қабілеттіліктен айрылу т. б.);

2)оған ие адамның өз қалауын білдіруі; 3)құзіретті органдардыңқамсыздандыру түрін тағайындау туралы актісі;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]