Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

2.Қр конституциясы бойынша адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

Гуманизм - құқықтық мемлекетке тән негізгі құндылық. конституциясының 1- бабының 1- тармағында : « Адам, және адамның өмірі, құұқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы» делінген. Ал конституцияның « Адам және азамат деп аталатын II бөлімінде 12 баптың 1-тармағында ҚР адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» делінген.

1. Адамның жеке құқықтары мен бостандықтары Бұл құқықтыр мен бостандықтар адам туылғаннан бастап беріледі және олар адамның азаматтығына байланысты емес, табиғи құқықтарымен байланысты.

2.Саяси құқықтары. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысуына байланысты

3.Әлеуметтік- экономикалық құқықтары мен бостандықтары: Демократиялық мемлекетте азаматтардлың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай оларға кепілдіктер беріледі. Кепілдіктер экономикалық саяси әлеуметтік заңдық кепілдіктер болып бөлінеді.. Кепілдік қамтамасыз ету деген мағынаны білдіреді.Азамат- өз отанының ұлы (немесе қызы) деген ұғымды білдіреді. Мысалы заң кепілдігіне әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы корғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, кінәсіздік презумпциясын жатқызуға болады. ҚР азаматтарының конституциялық міндеттері:

  1. ҚР конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адмдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

  2. өз отаны ҚР қорғауға;

  3. салықтар мен алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге;

  4. тарихи және мәдени мұралар мен ескерткіштерді қорғауға міндетті;

  5. табиғатты сақтап табиғи байлықтарды ұқыпты қарауға;

  6. орта білім алуға міндетті;

Азаматтық дегеніміз – азаматтың мемлекетпен өзара құқықтық саяси байланысы. Азаматтық Қазақстан Республикасының 1991жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Азаматтық туралы» заңымен реттеледі. Заң бойынша азаматтық үш элементтен тұрады:

1)адамның мемлекетпен байланысының тұрақты болуы;

2)адамның мемлекетпен байланысының саяси құқықтық сипатта болуы;

3)мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара құқық пен міндеттердің белгіленуі;

Қазақстан Республикасының азаматтығы мынандай төрт жағдайда беріледі:

1) туу бойынша;

2)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы нәтижесінде

3) Қазақстан Республикасы халқаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша

4) Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңда қарастырылған немесе өзге де негіздер бойынша

Азаматтықтан айыру:

1)басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полиция, юстиция органдарына басқа да мемлекеттік басқару органдарына қызметке орналасуы салдарынан;

2)азаматтықты жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар арқылы алса;

3)Қазақстан Республикасының мемлекет аралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;

4)Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған азамат үш жылға шейін консулдық тіркелмесе;

Азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігіне жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]