Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_negyzdery_po_biletam.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
394 Кб
Скачать
☆

48Билет.1.

2 Азаматтық дегеніміз – азаматтың мемлекетпен өзара құқықтық саяси байланысы. Азаматтық Қазақстан Республикасының 1991жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Азаматтық туралы» заңымен реттеледі. Заң бойынша азаматтық үш элементтен тұрады:1)адамның мемлекетпен байланысының тұрақты болуы;2)адамның мемлекетпен байланысының саяси құқықтық сипатта болуы;3)мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара құқық пен міндеттердің белгіленуі;Қазақстан Республикасының азаматтығы мынандай төрт жағдайда беріледі: 1) туу бойынша;2)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы нәтижесінде3) Қазақстан Республикасы халқаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша4) Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңда қарастырылған немесе өзге де негіздер бойыншаАзаматтықтан айыру:1)басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полиция, юстиция органдарына басқа да мемлекеттік басқару органдарына қызметке орналасуы салдарынан;2)азаматтықты жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар арқылы алса;3)Қазақстан Республикасының мемлекет аралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;4)Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған азамат үш жылға шейін консулдық тіркелмесе;Азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігіне жатады.

3. Ақша жүйесінен құқықтық негіздері еліміздін ақша жүйесінің, соның ішінде ұлтық валюта жүйесін белгілейтін, сондай – ақ оның қоғам мемлекет мүделеріне сай тиісінше қызмет атқару қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады. Ақша жүйесі деп, тарихи қалыптасқан және ұлтық заңдармен бекітілген еліміздегі ақша айналымын ұймдастыру нысанын айтамыз. Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардын бағасын өлшеу қызметін атқаратын және ұлтық валютаның аталымын көрсететін мемлекет таррапынан белгіленген ақша. Қазақстан республикасының ұлттық валюта – Қазақстан тенгесі болып табылады. Ақшалар қағаз ақшалар және металл ақшалар болып бөлінеді. Мемлекетіміздегі алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атынан шығаратын орталық - Қазақстанның ұлттық банкі. Ақша айналымын тұрақтандыру реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырады. Ақша реформаларын жүргізу әдістеріне: нуллификасия, деноминация, девалютсия, ревальвасия жатады. Нуллификация - құны жойылған ақшаларды алып тастап,оның орнына жаңа валюта енгізу. Деноминация - ақша айналымдағы ақшаларды белгілі бір арақатынасынан қолдана отырып жаңа шығарылған ақшаларға айырбастау арқылы ақшаның құнын өзгерту және массасын өзгерту.Девальвация ұлттық валюта курсын, басқа елдердін ресми түрде төмендету. Ревальвация – девалшьция қарама қарсы әдіс, яғни айналымдағы ұлтық валюта курсын, басқа елдерінің валютасымен салыстырғанда ресми түрде жоғарлату. Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз - халықаралық валюталық құқық нормаларын еске ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатнастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюта жүйесімен тығыз қарым-қатнаста болады., себебі еліміздің экономикасы сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді. Халықраралық валюталық жүйелердің тарихи дамуы мынандай түрлерге бөлінеді:

  1. Париж валюталық жүйесі (1867)

  2. Геную валюталық жүйесі (1922ж)

  3. Бредтон–Вуд валюталық жүйесі (1944ж.)

  4. Ямаика валюталық жүйесі (1976-1978ж.)

  5. Евпропа валюталық жүйесі (17-977 ж)

Валюта айналымына және шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп қойылған шектеулер валюта айналымының режимі деп аталады. Валюталар толығымен айналыста болатын, жартылай айналатын және айналысқа түспейтін валюталар болып бөлінеді. Қазақстан тенгесі жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады. Қаржылық банктік қызмет деп қоғамдық, мемлекеттік, материалдық, мүдделер мен мұқтаждықтарды қамтамсыз ету үшін. Қазақстанның ұлттық банкі мен басқа да мемлекеттік несиелік ұйымдардың мемлекеттің банк жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік банктердің ақшалай ресурстарын қалыптастыруға және оларды мемлекеттің орталықтандырылған саудалық қорлары ретінде пайдалануға бағытталған, сондай- ақ банктік заңдармен көзделеген банктік операциялар мен мәліметтерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін айтамыз.

49билет.1.Бюджеттік құқық мемлекеттік бюджетті қалыптастыру, бөлу, сондай- ақ бюджеттік ресурстарды пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастарға жатады. Бұл қатынастырға мынадай белгілер тән:1.Бұл қатынастар республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстарын қалыптастыруға байланысты жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік қызметінің барысында туындайды.2.Бұл қатынастар әрқашанда бөлу және қайта бөлу сипатында көрініс табатын ақшалай қатынастар болып табылады.3.Бұл қатынастар әрдайым республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің кірістеріне түсетін ақша сипатындағы құнның және сол бюджеттердің шығыстарынан біржақты қозғалыстарын білдіреді.Бұл қатынастар орталықтандырылған мемлекеттің ақша қоры және жергілікті әкімшілік- аумақтар құрылымдар көлемінде орталықтандырылған ақша қорлары арқылы қалыптастырылатын және бөлінетін бюджеттік ресурстар нысанындағы ақша қаражаттарының ағымын көрсететін базистік қатынастарына жатады. Бюджет құқығы да екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы және ерекше бөлімдер. Бюджетті қалыптастыру әдістері:1. Салықтар белгілеу.2. Алымдарды, баждарды, төлемақыларды белгілеу.3. Ұлттық банктің кірістерінен қаражат алу.4. Бюджеттік – банктік несиелер алу.5. Алынған ресмитрансферттерді пайдалану.6. Республикалық бюджеттен берілген сауда үшін төленген қаражаттарды пайдалану.Мемлекеттік бюджетті республикалық бюжеттен және жергілікті бюджеттерден құралады. Бюджеттік жоспарлау келесі сатылардан тұрады: 1. Бюджет жобасын дайындау; 2. Бюджет жобасын қарау; 3. Бюджетті бекіту;4. Бюджетті атқару және атқаруды бақылау;5. Бюджетті жабу ( бюджетті атқару туралы есепті дайындау және бекіту). Бюджеттік кезең бюджеттік жоспарлаудың барлық сатыларын қосатын кезең, ол бюджет жобасын дайындаудан басталып, бюджетті жабу мен аяқталады. Бюджеттік жыл – бюджеттің атқарылу сатысы. Қазақстан Республикасында бюджеттік жыл күнтізбелік жылмен сәйкес келеді, яғни 1- ші қаңтардан басталып, 31- ші желтоқсанда бітеді. Республикалық бюджеттің ҚР Үкіметті дайындайды. Республикалық бюджетті қарап бекітетін оргон – ҚР парламенті. ҚР Үкіметі республикалық бюджет туралы заң жобасын Парламентке 15- ші қыркүйекке дейін ұсынылуы тиіс. Республикалық бюджет туралы заң жобасы 1- ші Мәжілісте, содан Сенатта қаралады. Республикалық бюджет палаталардың бірлескен отырысында, кемінде екі оқытылыммен 15- ші желтоқсанға дейін бекітіледі. Егер республикалық бюджет қабылданбаса, Президент « Алдағы қаржылық жылдың бірінші тоқсанында қаржылық жоспар туралы) Жарлықты қабылдайды. Бұл Жарлық республикалық бюджет қабылданғанша күшінде болады. Республикалық бюджеттің атқарылуы үшін ҚР Үкіметі жауапты. Бюджеттік жоспарлаудың соңғы сатысы – бюджетті жабу. Бұл саты барысында Парлментке екі есеп дайындалады. Оның біріншісін – ҚР Қаржы министірлігі дайындайды, ал екіншісін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті дайындайды. Жергілікті атқарушы органдар біріші қыркүйекке дейінгі бюджет жобаларын ҚР Қаржы министірлігіне ұсынылуы тиіс. Республикалық бюджет қабылданғаннан кейін екі апта мерзімінде облыстық және Алматы, Астана қалаларының бюджеттері жергілікті атқарушы органдармен тиісті маслихаттарға ұсынылуы тиіс. Облыстық бюджет қабылданғаннан кейін екі апталық мерзімде аудандық атқарушы органдар аудандық бюджеттерді сәйкес маслихаттарға ұсынып, бюджет қабылдануы тиіс. Жергілікті бюджеттердің атқарылуын тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктердің атқару оргондары қамтамасыз етеді. Жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылайтын орган- мәслихаттар құрған ревизиялық комиссия.Мемлекеттік несие (кредит) негізінен бюджеттік тапшылықты жою мақсатында қосымша қаржылық ресурстарды қалыптастыру жөнінде мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын қызмет болып табылады. Мемлекеттік несие екі түрге бөлінеді: а) ішкі мемлекеттік заемдар; б) сыртқы мемлекеттік заемдар.Ішкі мемлекеттік заемдарды ерікті, қайтарымды және ақылы түрде жеке және занды тұлғалардан алу кезінде мемлекет борышқор, ал тұлғалар қарыз берушілер болып есептелінеді.Сыртқы мемлекеттік заемдар барысында мемлекет қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде болуы мүмкін. Мемлекеттік несиенің тағы бір өзіне тән ерекшелігі, оның бір уақытта тиісті бюджеттің кірісі және шығысы түрінде көрініс табуы. Мемлекеттік несиені екі тұрғыдан, яғни экономикалық және құқықтық категориялар ретінде қарастыруға болады. Экономикалық категория ретіңде мемлекеттік несие деп, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін оларды ерікті, ақылы түрде және кайтарымды негізде бюджет тартуына байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Ал құкықтық категория ретінде, мемлекеттік несие дегеніміз, бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тапшылықтарды жою және ақша айналымын реттеу мақсатында, ерікті, ақылы, қайтарымды, мерзімді негізде мемлекеттің занды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын бюджетке жұмылдыру барысындағы құқықтық қатынастар. Ішкі мемлекеттік заемдар облигация, қазынашылық бондар немесе қазынашылық вексельдер нысанында болады.Енді банктік несие немесе мемлекеттік кредиттеу туралы. Мемлекетімізде бірінші деңгейдегі ¥лттық Банктен басқа екінші деңгейдегі мемлекеттік банктер де (өзге банктер де) бар екенін білеміз. Осы мемлекеттік банктердің негізгі атқаратын қызметтерінің ішіндегі ең бастысы несиелеу, яғни банктік ссуда беру болып табылады. Мемлекеттік банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік органдары болғаңдықтан өз қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекет мүддесін көздейді, ал табатын табыстары мемлекеттік орталықтандырылған ссудалық қорын қалыптастырады.Сонымен банктік несие (кредиттеу) деп, несие беруші банктің (кредитор) карыз алушы тұлғаға (клиентке) озінін ссу-далык қорынан акша қаражаттарын белгілі мерзімге, акылы түрде және кайтарымды негізде уакытша пайдалануға беруін айтамыз. Банктік несие беру тек кредиттік шарттың негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік шарт дегеніміз, банктік ссуда беру жөнінде қарыз беруші банк (кредитор) пен қарыз алушы - клиенттін арасында жасалған келісім.Банктік несие беру кезінде мына келесі бірнеше қағидалар басшьшыққа алынады: жоспарлық, мақсаттылық, материалдық.

2.Неке шарты -некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Неке шартын ерлі зайыптылар некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де және неке кезеңінде кез келген уақытында жасай алады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасаған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны наториат куәләндыруға тиіс. Неке шарты ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:1)кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, бір біріне мүліктік талаптар қоймайтын, некені бұзуға өзара келіскен ерлі зайыптылардың некелері АХАЖ органдарымен бұзылады;2)балалары болуына қарамастан ерлі зайыптылардың бірінің өтініші бойынша екіншісі хабар ошарсыз кеткен деп танылса;3)ерлі зайыптылардың біреуін сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;4)Ерлі зайыптылардың біреуі қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айрылса;Некені сот тәртібімен бұзу төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады: 1)ерлі зайыптылардыі кәмелетке толмаған балаларының болуы;2)ерлі зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;3)егер ерлі заыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмағанына қарамастан өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарса;4)ерлі зайыптылардың бір біріне мүліктік талаптары болса;

3. Авторлық құқық дегеніміз- автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.автор шығармашылық еңбегімен туынды жазған тұлға.Авторлық құқықты иеліктен айыруға немесе басқа адамға беруге болмайды. Егер екі немесе бірнеше адамның авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып табылады. Авторлық құқық автордың өмірі бойына және қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонаграммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына қолданылады.Сабақтас құқықтардың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальділікті сақтау талап етілмейді.

50билет.1.Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, ондағы жеке адамдардың конституция нормаларымен бекітілген қоғамдық қатнастарының жиынтығын айтамыз.ҚР қоғамдық конституциялық құрылымы конституцияның жалпы бөлімінде айқындалған Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылым үш принцип негізінде қалыптасады. Олар: 1) халықтың билігі, биліктің үш тармаққа бөліну принципі; 2) заң үстемдігі;3) азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы; Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері төмендігідей :

1.ҚР территориясы біртұтастығы; Конституцияның 2-бабында егемендік Републикасының барлық аумағына қатысты екендігі, ҚР территориясы біртұтастығы атап көрсетілген2.Республикалық басқару формасы; Конституция бойынша елде республикалық билік формасы бекітілген. Мемлекеттегі жоғарғы органдар сайлау арқылы қалыптасқан парламент қатысуымен құрылады. ҚР президенттік республика деп жарияланған. Ол президенттің мемлекеттік биліктегі бірқатар белсенділігінмен қатар парламенттік республикаға тән үкімет басшысының болуы президенттің парламентті тарату құқығы және заңдарды қалыддау құқығының болуымен сипатталады.

3.Халық билігі; Конституция 1-бабаында ҚР демократиялық мемлекет деп атап көрсетілген. ҚР халық конституцияны қабылдауға референдумға қатыса алады, мемлекет басшысы президентті парламент сайлап белгіленген уақыт өткен соң оларды қайта сайлауға құқықы бар. Мемлекет ұлтына, жынысына нәсіліне, дініне қарамастан азшылықтың мүддесі ескеріліп құқықтырын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтарға сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, ұлты мен тілін таңдау, ұйымдар құру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.4.Заң үстемдігі, мемлекеттің құқықтық сипаты; Мемлекет заң үстедігі, биліктің үш тармаққа бөлінуі, мемлекет пен азаматтардың заң алдында өзара жауапкершілігіне негізделген мемлекет құру;5.Мемлекеттің зайырлылық сипаты; Діни ұйымдар мемлекеттен бөлінген бір діннен екіншіге көшуге, қалаған діндіге сенуге құқық берілген, бірақ мемлекеттік міндетті дін жоқ . Діни негізде саяси партиялар құруға,тыйым салынған;6.Мемлекеттің әлеуметтік сипаты; ҚР мемлекет халыққа қызмет етеді,әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау,ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрмысы төмендерге әлеуметтік қамқорлық көрсетуді жүзеге асырады.7.Унитарлық сипаты; ҚР унитарлы мемлекет екендігі, онда дербестігі бар территориялардың жоқтығы мен мемлекеттің біртұтастығынан көрінеді.8.Саяси және идеологиялық плюрализм; Республикада идеолгиялық плюрализм (әртүрлілік) танылады саяси және идеолгиялық плюрализм саяси партиялар құру және саяси өмірге араласудың барлық түрлерінің болуымен анықталады.9.Экономикалық плюрализм Республикада мемлекеттік және жеке тең дәрежеде танылып қорғалуымен сипатталады.(констит.5 бап)10.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы. Азаматты құрметтеу, оны қорғау мемлекеттің негізгі атрибуты міндеті болып табылады( констит.6 бап) .11.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы;.

2.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы - парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген қалалық) болып бөлінеді.2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген қалалық) соттар және әскери соттар құайды«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында: «жергілікті өкілдік органдар маслихаттар – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін жүзеге асырылуын бақылайтын ораган» делінген. Аталған заңда маслихаттардың қызметінің негізгі бағыттары анықталған.Маслихаттың өз құқығы шеңберінде қабылданатын шешімдері оның актілері болып табылады Маслихаттардың жергілікті бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдері әкім құптаған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Ал азаматтардың құқықтар мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысты шешімдері заңға сәйкес ресми жариялануы тиіс. Маслихаттар депутатардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге, ҚР президентіне әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, бюджеттің орындалуы туралы есептерді маслихаттың екі рет бекітпеуі заңға сәйкес әкімге сенімсіздік білдірудің негізі болады.

Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер әкім басқаратын өз құзіреті негізінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әуеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқарут.б.жатады

3.Қаржы құқығы дегеніміз- мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.Мемлекеттің қаржылық қызметі үш түрлі әдіс арқылы реттеледі:1 Ақшалай қорларды қалыптастыру.2 Ақшалай қорларды бөлу.3 Ақшалай қорлардыпайдалануды ұйымдастыру. Ақшалай қорларды бөлу әдістері: ақша қаражаттарын бюджеттен біржола, ақысыз беру, несие беру, ақша қаражаттарын қайтарымды, ақылы негізде белгілі мерзімге уақытша пайдалануға беру сияқты несиешілердің мемлекеттік өз қаржылық міндеттемесін орындаумен жүзеге асырылады. Қаржылық құқықта пайдаланылатын құқықтық реттеу әдістеріне императивтік мемлекеттік өктем билік әдісі мен депозитивтік қаржылық шартты әдіс жатады. Қаржылық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады. Олар жалпы және ерекше бөлім. Жалпы бөлім: мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері, ақша жүйесінің құқықтық негіздері, мемлекеттік қаржылар саласын басқару, қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері және басқа да институттардан тұрады. Ерекше бөлім: бюджет құқығы, қаржылық банктік құқық, қаржылық сақтандыру құқығы, қаржылық шаруашылық құқығы сияқты бөлімдерден тұрады. Мемлекеттің қаржы құрайтын қаржылық экономикалық институттар: бюджет жүйесі (олар: республикалық және жергілікті бюджеттер) бюджеттен тыс мақсаты қорлар, мемлекеттік сақтандыру қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары.Мемлекеттің каржылық құрылымы өзара байлансқан мынанадай жүйелерден тұрады: 1.тиісті қаржылық экономикалық институтармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы түріндегі жүйесінен. 2.Мемлекетін қаржылық органдарынын жүйесінен. 3.Мемелекетік қаржылық реттеуден тұрады. Мемлекетін қаржылық жүйесін құрайтын қаржылық – экономикалық инситуттар : 1.Бюжет жүйесі (республикалық және жергіліктер бюжеттер)2.Бюжеттен тыс қорлар;3. Мемлекетік сақтандыру қаржылары;4. Мемлекеттік қаржылары; 5.Мемлекеттік кәсорындармен мекемелердін және мемлекетік басқару органдардың қаржылары. Мемлекетік қаржылық реттеу – мемлекетің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынасын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қаржылық жүйеге ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.Мемлекеттің қаржылық құрылымын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

1.Қаржы министірлігі.2 Қаржы министірлігінің салық комитеті т.б. комитеттер.3.Қаржы министірлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалары.4 Қ.Р.- ның ұлттық банкі және т.б. да банктік депортаменттер...5 ҚР – ның экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігі.

51билет.1.Құқық дегеніміз мемлекет шығарған, бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етілетін, жалпыға бірдей міндетті, нормаларының жиынтығы.Ең алғашқы жазбаша құқықтық нормаларға ежелгі Вавилондағы (1901жылы француз археологиялық экспедициясы Сузы қаласынан тапқан) 282 баптан тұратын Хамурппи патшаның заңдарын жатқызуға болады. Құқықтың қоғам өмірінде қызметі: 1.Реттеушілік қызметі- қоғамдық қатнастырдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін адамдар арсындағы, адамдар мен мемлекет арасындағы қатнастарды нақты құқықтық нормалармен реттеуінен көрінеді2.Қорғаушылық қызметі-азаматтардың құқықтыры мен бостандықтарын қауіпті әрекеттерден қорғауда мемлекеттік органдардың қызметі нәтижесінде жүзеге асады.3.Гуманистік қызметі- құқықтың қоғамдық әділеттілік, адамгершілік құндылықтарды насихаттауында4.Тәрбиелік қызметі- заңды түсініп біліп, орындауға тәбиелеуінде.5.Идеологиялық қызметі құқық белгілі бір құндылықтарды насихаттай отырып қоғамдық санаға ықпал етуінде жүзеге асады.Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.Құқықтың белгілері: жүйелілігі, нормативті сипаты, формальді анықтылығы, мемлекеттің күшіне сүйенуі, жалпыға міндеттілігі. Құқықтың жүйелілігінің негізін конституция құрайды басқа заңдар соған сәйкес болуы керек. Құқықтың нормативтік сипаты- рұқсат етілген тыйым, салынған және атқаруға міндетті әрекеттерді нормалап анықтау арқылы қоғамдық қатнастарды реттеуінде. Құқықтың формальді анықтылығы оның қағидаларының нақтылығынан көрінеді. Заңда әрбір ұғым, әрбір сөз сол заңда көрсетіліп түсіндірілген мағынада ғана қолданылуы тиіс. Құқықтағы тұжырымдарды өздігінше өзгертуге ешкімнің құқы жоқ.. Құқық мемлекеттің күшіне сүйенеді. Мемлекет оның органдары құқықтың жүзеге асуына көмектеседі, жағдай жасайды. Құқық жалпыға бірдей міндетті, әрбір азамат заңдарды орындауға міндетті.

2.Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, ондағы жеке адамдардың конституция нормаларымен бекітілген қоғамдық қатнастарының жиынтығын айтамыз.ҚР қоғамдық конституциялық құрылымы конституцияның жалпы бөлімінде айқындалған Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылым үш принцип негізінде қалыптасады. Олар: 1) халықтың билігі, биліктің үш тармаққа бөліну принципі; 2) заң үстемдігі;3) азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы; Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері төмендігідей :

1.ҚР территориясы біртұтастығы; Конституцияның 2-бабында егемендік Републикасының барлық аумағына қатысты екендігі, ҚР территориясы біртұтастығы атап көрсетілген2.Республикалық басқару формасы; Конституция бойынша елде республикалық билік формасы бекітілген. Мемлекеттегі жоғарғы органдар сайлау арқылы қалыптасқан парламент қатысуымен құрылады. ҚР президенттік республика деп жарияланған. Ол президенттің мемлекеттік биліктегі бірқатар белсенділігінмен қатар парламенттік республикаға тән үкімет басшысының болуы президенттің парламентті тарату құқығы және заңдарды қалыддау құқығының болуымен сипатталады.

3.Халық билігі; Конституция 1-бабаында ҚР демократиялық мемлекет деп атап көрсетілген. ҚР халық конституцияны қабылдауға референдумға қатыса алады, мемлекет басшысы президентті парламент сайлап белгіленген уақыт өткен соң оларды қайта сайлауға құқықы бар. Мемлекет ұлтына, жынысына нәсіліне, дініне қарамастан азшылықтың мүддесі ескеріліп құқықтырын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтарға сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, ұлты мен тілін таңдау, ұйымдар құру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.4.Заң үстемдігі, мемлекеттің құқықтық сипаты; Мемлекет заң үстедігі, биліктің үш тармаққа бөлінуі, мемлекет пен азаматтардың заң алдында өзара жауапкершілігіне негізделген мемлекет құру;5.Мемлекеттің зайырлылық сипаты; Діни ұйымдар мемлекеттен бөлінген бір діннен екіншіге көшуге, қалаған діндіге сенуге құқық берілген, бірақ мемлекеттік міндетті дін жоқ . Діни негізде саяси партиялар құруға,тыйым салынған;6.Мемлекеттің әлеуметтік сипаты; ҚР мемлекет халыққа қызмет етеді,әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау,ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрмысы төмендерге әлеуметтік қамқорлық көрсетуді жүзеге асырады.7.Унитарлық сипаты; ҚР унитарлы мемлекет екендігі, онда дербестігі бар территориялардың жоқтығы мен мемлекеттің біртұтастығынан көрінеді.8.Саяси және идеологиялық плюрализм; Республикада идеолгиялық плюрализм (әртүрлілік) танылады саяси және идеолгиялық плюрализм саяси партиялар құру және саяси өмірге араласудың барлық түрлерінің болуымен анықталады.9.Экономикалық плюрализм Республикада мемлекеттік және жеке тең дәрежеде танылып қорғалуымен сипатталады.(констит.5 бап)10.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы. Азаматты құрметтеу, оны қорғау мемлекеттің негізгі атрибуты міндеті болып табылады( констит.6 бап) .11.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы;

3.Азаматтық құқықтың негізгі ұғымдарының бірі - мәміле. Мәмілелер деп жеке және заңды тұлғалардың өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, тудыруға, өзгертуге, тоқтатуға бағытталған әрекеттерді айтамыз Мәмлелердің түрлері:

1)мәмілелер нысанына қарай: ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Егер мәміле ешбір құжатсыз адамның тікелей қабылдауы арқылы жасалса ол ауызша нысанда жасалған болады. Жазбаша нысанның жай және нотариалды түрлері болады. Нотариус арқылы бекітілген мәміле нотариалды жазбаша түрге жатады.2) тараптардың санына қарай бір жақты және екі немесе көпжақты болады. Жасалуы үшін қатысушы бір тараптың ерік білдіруі қажет және жергілікті болатын мәміле біржақты деп аталады. Біржақты мәмілеге сыйға беру, мұраға қалдыру мәмілелері жатады. Жасалуы үшін екі немесе бірнеше тараптың еркін қажет ететін мәміле екі немесе көпжақты мәміле болып саналады. Оған мысал: сатып алу-сату немесе бірлескен туралы мәмілелер. Екі немесе көпжақты мәмілелер шарттар деп аталады.3)ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Тараптар өз міндеттерін орындағаны үшін ақы немесе өтеуіне өзге нәрсе алуға тиіс болатын мәміле ақылы мәміле болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа ақы немесе өтеуге өзге де нәрсе алмай беруге міндеттенетін мәміле ақысыз мәміле деп танылады. Ақысыз мәмілеге мүлікті тегін пайдалану немесе сыйға беру мәмілелері жатады.

4)жасалған деп саналатын уақыт мәніне қарай мәмілелер нақты және консенсуалды болып бөлінеді. Мәміле жасалған деп саналатын уақыт мәніне қарай мәмілелер нақты және консенсуалды болып бөлінеді. Консенсуалды мәміленің пайда болуы үшін мәміле жасау туралы келісімге қол жеткізу жеткілікті. Нақты мәміле жасалған деп есептелу үшін бір тараптың белгіленген іс-әрекет жасау қажет. Нақты мәмілеге жүк тасымалдау шартын жатқызуға болады. Бұл мәміле жасалды деп есптелуі үшін жүк жөнелтушінің жүкті тасымалдаушыға беруді қажет етеді.5)негідемесіне байланысты каузалды және абстрактілі мәмілелер болып бөлінеді. Каузалдық мәміленің заңды күші оның негіздемеге толығымен байланысты болады. Абстрактілі мәміленің заңды күші оның негіздемесіне байланысты болмайды.6)жасалған кезде қойылған шарттарға байланысты шартты және фидуциарды мәмілелер болып бөлінеді. Жасалған кезде қандай да бір шарт қойылатын мәміле шартты деп аталады. Мысалы: бір тарап екінші тарапқа пәтерді жалға беру мәселесін жасайды. Бірақ жалға берушінің баласы басқа қаладан келсе, жалға алушы пәтерді босатып беруге міндетті екені мәміледе көрсетіледі. Бір адамның сенім арқылы басқа бір адам үшін жасайтын мәмілелері – фидуциарлы мәмілелер деп аталады.

52билет.1.Жалпы еңбек шарты деген түсінікті 3 түрлі мағынада қарастыруға болады: біріншіден, еңбек шарты дегеніміз – азаматтардың еңбек ету құқығын жүзеге асыру жолы ретінде; екіншіден, еңбек шарты еңбек құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылады; үшіншіден, еңбек шарты - азаматтарды жұмысқа қабылдау, басқа жұмысқа ауыстыру және жұмыстан босатуды реттейтін нормаларды біріктіретін еңбек құқығының институты. Сондай-ақ, еңбек шартының заңдық маңызы ол еңбек қатынастарының пайда болуына ғана емес, оның өзгеруіне, жайылуына себепкер болады. Жеке еңбек шарты дегеніміз – қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім, ол келісімге сәйкес қызметкер жұмыс берушіге белгілі бір мамандық, біліктілік немесе кәсіп түрі бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге еңбек ақысын және заңдар мен тараптардың келісімінде көзделген басқа да ақшалай төлемдерді уақытында және толық көлемде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.( ЕК 24-бап) Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiн бұзуға тыйым салынады. Жүктiлiк, үш жасқа дейiнгi балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектiк еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. жұмыс берушi еңбек жасаудан бас тартқан жағдайда, оның себебiн аталған адамдар санатының талабы бойынша жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады. (ЕК 24-бап) ҚР Еңбек кодексінің 28 бабында жеке еңбек шартының мазмұны анықталған. Онда:1) екі жақтың реквизиттері(жұмысшының аты жөні тұрғылықты жері, құжаттары негізінде;жұмыс берушінің атауы, орналасқан жері, мекен жайы,мемлекеттік тіркелу нөмірі т.б.) жазылады; 2)жұмысшының мамандығы, кәсібі, қызметі; 3) жұмыс орыны;4)жеке еңбек шартының мерзімі; 5) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты; 6) жалақы мөлшері; 7) еңбек жағдайларына сипаттама; егер жұмыс ауыр немесе қауіпті болса кепілдіктер мен жеңілдіктер, 8) жұмысшының құқықтары мен міндеттері;9) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;10)кепілдіктер мен компенсациялық төлемдер , оларды төлеу тәртібі; 11)Еңбк шартына байланысты екі жақтың жауапкершілігі; Еңбек шартының мерзіміне қарай 1)белгілі мерзімге;2)белгілі бір жұмысты орындауға; 3)негізгі жұмысшыныі орнын уақытша ауыстыруға;4)мерзімдік жұмыстарға; 5) мерзімсіз(егер жасалу мерзімі көрсетілмесе); Жеке еңбек шартын 16 жасқа толған адамдармен жасасуға жол беріледі. Жеке еңбек шартының міндетіне сол шарттың мазмұнын құрайтын еңбек жағдайлары, еңбек орны, қызмет түрі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, жұмысшының еңбек ақысы жатады. Ал қосымша жағдайларға қызметкер иен жұмыс берушінің қосымша тілектерінен туындаған жағдайлар жатқызылады. Мысалға сынақ мерзімін тағайындау немесе коммерциялық құпияны сақтау міндеті. Еңбек шартында қызметкердiң тапсырылатын жұмысқа бiлiктiлiгiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ мерзiмi туралы талап белгiленуi мүмкiн. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз қабылданды деп есептеледң. Сынақ мерзiмi қызметкердiң жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиiс. Жеке еңбек шартын жасасу барысында жұмыс беруші қызметкерден еңбек қатынасын, жеке басының куәлігін, білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжаттарын талап етуге құқылы. Ал жеке еңбек шартын тараптардың еркіне байланысты емес, мынадай мән-жайларда бұзуы ҚР ЕК 59 бабында көрсетілген: 1)қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде немесе құжатын көрсеткенде;қызметкер жазаға тартылған сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жалғастыру мүмкіндігі болмағанда; 2)қызметкер қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкерді қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кетті деп таныған жағдайда; 3)сот қызметкерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, соның салдарынан қызметкердің бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі жоқ деп таныған жағдайда тоқтатылуы тиіс. Жеке еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек кодексінің 54-бабында көрсетілгендей мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған кезде; 2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;3)бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4) өзiнiң жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергi келтiруi салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;5)сынақ мерзiмi кезеңiнде жұмыс нәтижесi дұрыс болмаған;6) қызметкер бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;7)қызметкер жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның iшiнде жұмыс күнi iшiнде алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн, еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн бұзған;9)қызметкердiң жұмыс орнында басқаның мүлкiн ұрлау (оның iшiнде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдiру әрекетi заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған;10)ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететiн қызметкердiң кiнәлi әрекеттер жасауы немесе әрекетсiздiгi, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсiздiк жұмыс берушiнiң тарапынан оған деген сенiмнiң жоғалуына негiз болса;

11)тәрбиелiк функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершiлiкке жат қылықтар жасаған;

12)қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне мәлiм болған мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткен;13) егер тәртiптiк жазасы бар қызметкер еңбек мiндеттерiн дәлелдi себепсiз қайталап орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған;Өндiрiстiк жарақат алуына немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылған қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына келгенге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн сақталадыЖеке еңбек шартының бекітілу мерзімі:1)белгілі мерзімге; 2)белгісіз мерзімге; 3)белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалады

2.Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, ондағы жеке адамдардың конституция нормаларымен бекітілген қоғамдық қатнастарының жиынтығын айтамыз.ҚР қоғамдық конституциялық құрылымы конституцияның жалпы бөлімінде айқындалған Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылым үш принцип негізінде қалыптасады. Олар: 1) халықтың билігі, биліктің үш тармаққа бөліну принципі; 2) заң үстемдігі;3) азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы; Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері төмендігідей :

1.ҚР территориясы біртұтастығы; Конституцияның 2-бабында егемендік Републикасының барлық аумағына қатысты екендігі, ҚР территориясы біртұтастығы атап көрсетілген2.Республикалық басқару формасы; Конституция бойынша елде республикалық билік формасы бекітілген. Мемлекеттегі жоғарғы органдар сайлау арқылы қалыптасқан парламент қатысуымен құрылады. ҚР президенттік республика деп жарияланған. Ол президенттің мемлекеттік биліктегі бірқатар белсенділігінмен қатар парламенттік республикаға тән үкімет басшысының болуы президенттің парламентті тарату құқығы және заңдарды қалыддау құқығының болуымен сипатталады.

3.Халық билігі; Конституция 1-бабаында ҚР демократиялық мемлекет деп атап көрсетілген. ҚР халық конституцияны қабылдауға референдумға қатыса алады, мемлекет басшысы президентті парламент сайлап белгіленген уақыт өткен соң оларды қайта сайлауға құқықы бар. Мемлекет ұлтына, жынысына нәсіліне, дініне қарамастан азшылықтың мүддесі ескеріліп құқықтырын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтарға сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, ұлты мен тілін таңдау, ұйымдар құру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.4.Заң үстемдігі, мемлекеттің құқықтық сипаты; Мемлекет заң үстедігі, биліктің үш тармаққа бөлінуі, мемлекет пен азаматтардың заң алдында өзара жауапкершілігіне негізделген мемлекет құру;5.Мемлекеттің зайырлылық сипаты; Діни ұйымдар мемлекеттен бөлінген бір діннен екіншіге көшуге, қалаған діндіге сенуге құқық берілген, бірақ мемлекеттік міндетті дін жоқ . Діни негізде саяси партиялар құруға,тыйым салынған;6.Мемлекеттің әлеуметтік сипаты; ҚР мемлекет халыққа қызмет етеді,әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау,ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрмысы төмендерге әлеуметтік қамқорлық көрсетуді жүзеге асырады.7.Унитарлық сипаты; ҚР унитарлы мемлекет екендігі, онда дербестігі бар территориялардың жоқтығы мен мемлекеттің біртұтастығынан көрінеді.8.Саяси және идеологиялық плюрализм; Республикада идеолгиялық плюрализм (әртүрлілік) танылады саяси және идеолгиялық плюрализм саяси партиялар құру және саяси өмірге араласудың барлық түрлерінің болуымен анықталады.9.Экономикалық плюрализм Республикада мемлекеттік және жеке тең дәрежеде танылып қорғалуымен сипатталады.(констит.5 бап)10.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы. Азаматты құрметтеу, оны қорғау мемлекеттің негізгі атрибуты міндеті болып табылады( констит.6 бап) .11.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы;

3.Сайлау құқығы конституциялық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР сайлау құқығының қайнар көздеріне ҚР конституңциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» конституциялық заңы (28.09.1995.қаб. 21.06..2007ж. өзгертіген, толықтырылған) және ҚР «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы» (10.12.1993 ж.) заңы жатады. Қазақстан Республикасының президентін, парламент төменгі палатасы мәжіліс депутаттарын, сенат депутаттарын және жергілікті өкілдік органдар маслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады. Сайлау жүйесі дегеніміз өкілетті органдарға және басқарудың әртүрлі сатыларына елде қалыптасқан заңға сәйкес азаматтардың өзі қалаған өкілдеріне дауыс беруін ұйымдастыру және өткізу жүйесі. Сайлау құқығы екі мағынада қолданылады. Объективті және субъективті Объективті сайлау құқығы – мемлекеттік органдардың сайлауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін реттейтін құқық саласы. Субъективті сайлау құқығы –азаматтардың сайлау және сайлану құқығы.Субъективті сайлау құқығының 2 екі түрге бөлінеді: 1) белсенді сайлау құқығы-азаматтардың сайлау құқығын білдіреді;2) бәсең сайлау құқығы азаматтардың сайлану құқығын білдіреді;Сайлау президенттік, парламенттік, жергілікті басқару органдарына сайлау болып жіктеледі. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі принциптері: 1) сайлаудың жалпыға бірдейлік принципі сайлау мен сайлану құқығына қойылатын талаптар мен шектеулер ҚР конституциясымен анықталады; 2)Сайлауға қатысуға теңдік принципі ; әрбір сайлаушы бір дауысқа ие бола алады; 3) Тікелей сайлау құқығын жүзеге асыру принципі; ҚР президенті, мәжіліс және маслихаттар депутаттарын халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Ал сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау негіізінде жүзеге асады. 4) жасырын дауыс беру принципі; бұл принцип ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады. 5) сайлау бостандығы принципі сайлау құқығын еркін жүзеге

асыруға негізделген. Сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге немесе азаматтың еркін шектеуге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл принциптер ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады. Сайлау органдары: Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар- сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының жүйесі: 1)орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округтік сайлау комиссиясы; 4)учаскелік сайлау комиссияларынан тұрады. Сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды. Әрбір партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидат ұсына алады. Ұсынылған кандидат ұсынып отырған партияның мүшесі болмауы қажет. Сайлау комиссиясын құруға бір ай уақыт қалғанға шейінгі мерзімде саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынбаса, маслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін басқа қоғамдық ұйымдардан жоғары тұрған сайлау комиссиясыныі ұсынысымен сайлайды. Ұсынылған кандидаттар сайлау комиссиясының жұмысына қатысатыны туралы өтініштрін қоса тапсыруы керек.Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы оның алғашқы отырысында сайланады. Сайлау комиссиясын құру туралы шешім, оның құрамы,орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сайлау комиссиясының өз құзіреті шеңберіндегі қабылдаған шешімдерін тиісті аумақтағы барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар лауазымды адамдар орындауға міндетті. Орталық сайлау комиссиясы республикалық сайлау комисияларының біртұтас жүйесіне басшылық жасайтын тұрақты орган болып табылады. ОСК президенттің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі сайлайды және қызметтен босатады. ОСК төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын мәжіліс сайлайды. ОСК аппараты құрылады. ОСК жұмысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Орталық сайлау комиссиясының қызметі:1)сайлау туралы заңның орындалуын бақылайды, бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді;2)өз құзіреті шеңберінде Республика аумағында міндетті шешімдер қабылдайды. Президент Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеуге, өткізуге басшылық жасайды; 3) парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауға сайлау округтерін құрады, оларды нөмірлерін бекітеді, оны ақпарат құралдарында жариялайды;4)сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың сметасын жасап, оны ҚР үкіметіне ұсынады;5)сайлау комиссияларына басшылық жасап, олардың шешімдерін жояды немесе тоұтата тұрады;6)республикалық бюджеттің сайлау науқанын өткізуге арнап бөлген қаражатын сайлау комиссияларына бөледі;

7)аумақтық және округтік комиссиялардың шешімдері мен әрекеттеріне байланысты түскен шағымдар мен арыздарды қарайды;

8)саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру мен өткізу жөнінде семинарлар өткізеді;9)сайлау жүйелері саласанда халқаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;10) республика бойынша Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, оларды тіркейді, бұл туралы ақпарат құралдарында жариялайды;11)Президент және Парламент депутататрын сайлау кезінде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткізілуін ұйымдастырады;12)Сайлау туралы конституциялық заңның бұзылуына байланысты тиісті сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтінішпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгінеді;Аумақтық сайлау комиссияларына- облыстық ( республикалық маңызы бар қалалар мен респулбика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Қызметі:1)Президент, Парламент және маслихаттар депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді жүзеге асырады;

2)төменгі тұрған округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады;3)сенат депудаттарнын сайлауда кандидаттарды тіркейді, тиісті куәліктер береді;4)мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнінде сайлау округтерін құрады, олардың тізімдерін жариялайды;5)мәслихаттар депудаттарын сайлаудың қорытындысын шығарады, оларды тіркейді. Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының әрқайсысы жеті адамнан тұрады. Округтік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

53билет.1.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы - парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген қалалық) болып бөлінеді.2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген қалалық) соттар және әскери соттар құайды Мемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Мемлекет басшысы – президент лауазымы ең алғаш рет АҚШ –та пайда болған. Қазіргі кезде президент қызметі көптеген елдерде орнықты. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының президенті конституцияның 41- бабына сәйкес жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, респулбикада кемінде 15 жыл тұрған республика азаматы ғана сайлана алады. ҚР президентінің қызметі конституция және «Қазақстан Республикасының президенті туралы» (26.12.1995ж.қаб.19.06.2007.ж.өзгертілген) конституциялық заңымен реттеледі. Аталған конституциялық заңда Қ,Р. Президентінің Парламентке қатысты уәкілеттігіне: 1)парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын шақырады: 2)сенаттың 15 депутатын тағайындайды 3) конституцияда көрсетілген негізде парламентті немесе парламент мәжілісін таратып жіберуге құқы бар; 4) парламентке конституцияға түзетулар мен өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға;4) парламент палаталарының кез келген отырыстарына қатысуға уәкілеттілігі жатады. ҚР Президентін Үкіметке қатысты уәкілеттілігіне жататындар: 1)үкімет басшысы премьер министрді тағайындайды және жұмыстан босатады; 2)үкіметтің құқрылымын анықтайды министрліктер мен ведомтсволардықұру қайта құруға құқы бар, үкімет мүшелерін тағайындайды және босата алады. 3) үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; 5)үкіметке заң жобаларын мәжіліске ұсынуды тапсырады; 6)үкіметті және оның жекеленген мүшелерін отставкағажібереді; Президенттің ҚР жоғарғы сотына қатысты уәкілеттілігі: 1) жоғарғы сот екңесінің ұсынуымен сенатқы жоғарғы соттың төағасы мен судьяларын ұсынады 2) жоғарғы сот кеңесінің ұсынуымен жерлгілікті соттардың төағаларын тағайындайды және жұмыстан босатады Сенаттың келісімімен 5 жылға ҚР бас прокурорын тағайындайдыжәне басатады; ҚР орталық Сайлау комиссиясының төрағасын және екі мүшесін тағайындайды; Праламент сенатының келісімімен ҚР ұлттық банкінің төрағасын және оның көмекшілерін тағайындайды және қызметәнен босатады;референдум өткізу туралы шешеім қабылдайды;халыққа жыл сайын жолдау жолдайды; ҚР азаматтығына қабылдайды; азаматтарға жасаған қылмыстары үшін кешірім жасайды; ҚР бүкіл аумағында заңдық күші бар актілер қабылдайдыҚазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген) қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Заң шығару бастамасы тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады. Президент, парламент депутаттары, үкімет заң шығару бастамасын жасай алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды. Үкіметтің қызметі президенттің уәкілетті мерзімімен белгіленед.і Үкімет қаулылары үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, премьер министрдің қолымен бекітіледі. Үкімет басшысы-премьер министр. Ол нұсқаулар шығарады. Үкімет қаулылары мен премьер министрдің нүсқаулары бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті..Үкіметтің қаулысын Президент немесе Үкімет өзі күшін жоюуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметі қызмтінің негізгі бағыттары жоғарыда аталған конституциялық заңда айқындалған.Қазақстан Республикасының соттар жүйесі республикада сот төрелігін жүзеге асырады. Соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соған теңестірілген соттар, аудандық (калалық) соттар және әскери соттардан құралады. Соттарды ұйымдастыру ҚР конституциясы және Қазақстан Республикасының «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі.Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, олардың қызметі «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында: «жергілікті өкілдік органдар маслихаттар – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін жүзеге асырылуын бақылайтын ораган» делінген. Аталған заңда маслихаттардың қызметінің негізгі бағыттары анықталған.Маслихаттың өз құқығы шеңберінде қабылданатын шешімдері оның актілері болып табылады Маслихаттардың жергілікті бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдері әкім құптаған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Ал азаматтардың құқықтар мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысты шешімдері заңға сәйкес ресми жариялануы тиіс. Маслихаттар депутатардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге, ҚР президентіне әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, бюджеттің орындалуы туралы есептерді маслихаттың екі рет бекітпеуі заңға сәйкес әкімге сенімсіздік білдірудің негізі болады.Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер әкім басқаратын өз құзіреті негізінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әуеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқарут.б.жатады

2.Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасында тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды отбасы тұрғысында реттейтін құқықтың саласы. Отбасы қатынастарын өзіндік емес және мүліктік қатынастар құрайды. Отбасы құқығының қайнар көзі ҚР «Неке және отбасы кодексі» (11.09.2006ж) болып табылады. Отбасы құқығының бастауларына ҚР үкіметі немесе әділет министрлігі бекіткен басқа да нормативтік актілер жатады ( мысалы ҚР үкіметі бекіткен қорғаншылық және қамқоршылық органдар туралы ереже немесе әділет министрлігі бекіткен азаматтық хал- актілерді тіркеу туралы нұсқауы) «Неке және отбасы кодексінің» негізгі принциптері:

1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;2) ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;3) отбасы ісіне кімнің болса да араласуына жол бермеушілік;4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдылық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;6)отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдылық беру;7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері т.б.

3.Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан , парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық. Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамдық қағаздар, жұмыс, көрсетілген қызмет, шығармашылық, жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар жатады. Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке тұлғалар заңды тұлғалар, мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлілестіктер. Олардың құқықтық қатнастары тең құқықты, бір-бірінен тәуелсіз, заңда көсетілген немесе көрсетілмеген негіздерде туындауы мүмкін, көбінесе өзара келісім негізінде жүзеге асады; Мүліктік жеке игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, атақ, абырой, жеке және отбасылық құпиясы мен авторлық құқықтар жатады. Мүліктік емес жеке құқықтар адамның жеке басымен тығыз байланысты. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқық қабілетілігі мен әрекет қабілетілігі арқылы сипатталады. Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан оған шек қоюға болмайды. Шек тек азамат қылмыс істеген және сол үшін жаза алған жағдайда ғана қойылуы мүмкін. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз әрікеттері мен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру. Өзі үшін міндеттер туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Сондай-ақ заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Әрекет қабілеттілігі екі түрлі жағдайда шектеледі: біріншіден, табиғи түрде шектеу, екіншіден, сот органдарының шешімі негізінде шектеу. Сондай-ақ 6- жастан 14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жартылай әрекет қабілеттілігі болады. Ал 14-жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі болады.Азаматтық құқықтық қатнастардың пайда болу негіздері- заңды фактілердің туындауы: 1)Келісімдер мен мәмлелердің жасалуы; 2)Әкімшілік актілердің шығуы; 3)Сот шешімі бойынша; 4)Мүліктік құқықтардың пайда болуы мен өзгеруі 5)Әдеби және ғылыми шығармалар, өндірістік үлгілер т.б. шығару; 6)Басқа да жеке және заңды тұлғаларға мүліктік шығын келтіру; 7)Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылу; Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз – онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы. Азаматтық құқық қатынастарын реттеу төмендегідей тәсілдерге сүйенеді: 1) азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңдық теңдігі;2) жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы; 3) азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі

54билет.1.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы - парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген қалалық) болып бөлінеді.2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген қалалық) соттар және әскери соттар құайды Мемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Мемлекет басшысы – президент лауазымы ең алғаш рет АҚШ –та пайда болған. Қазіргі кезде президент қызметі көптеген елдерде орнықты. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының президенті конституцияның 41- бабына сәйкес жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, респулбикада кемінде 15 жыл тұрған республика азаматы ғана сайлана алады. ҚР президентінің қызметі конституция және «Қазақстан Республикасының президенті туралы» (26.12.1995ж.қаб.19.06.2007.ж.өзгертілген) конституциялық заңымен реттеледі. Аталған конституциялық заңда Қ,Р. Президентінің Парламентке қатысты уәкілеттігіне: 1)парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын шақырады: 2)сенаттың 15 депутатын тағайындайды 3) конституцияда көрсетілген негізде парламентті немесе парламент мәжілісін таратып жіберуге құқы бар; 4) парламентке конституцияға түзетулар мен өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға;4) парламент палаталарының кез келген отырыстарына қатысуға уәкілеттілігі жатады. ҚР Президентін Үкіметке қатысты уәкілеттілігіне жататындар: 1)үкімет басшысы премьер министрді тағайындайды және жұмыстан босатады; 2)үкіметтің құқрылымын анықтайды министрліктер мен ведомтсволардықұру қайта құруға құқы бар, үкімет мүшелерін тағайындайды және босата алады. 3) үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; 5)үкіметке заң жобаларын мәжіліске ұсынуды тапсырады; 6)үкіметті және оның жекеленген мүшелерін отставкағажібереді; Президенттің ҚР жоғарғы сотына қатысты уәкілеттілігі: 1) жоғарғы сот екңесінің ұсынуымен сенатқы жоғарғы соттың төағасы мен судьяларын ұсынады 2) жоғарғы сот кеңесінің ұсынуымен жерлгілікті соттардың төағаларын тағайындайды және жұмыстан босатады Сенаттың келісімімен 5 жылға ҚР бас прокурорын тағайындайдыжәне басатады; ҚР орталық Сайлау комиссиясының төрағасын және екі мүшесін тағайындайды; Праламент сенатының келісімімен ҚР ұлттық банкінің төрағасын және оның көмекшілерін тағайындайды және қызметәнен босатады;референдум өткізу туралы шешеім қабылдайды;халыққа жыл сайын жолдау жолдайды; ҚР азаматтығына қабылдайды; азаматтарға жасаған қылмыстары үшін кешірім жасайды; ҚР бүкіл аумағында заңдық күші бар актілер қабылдайдыҚазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген) қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады.Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Заң шығару бастамасы тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады. Президент, парламент депутаттары, үкімет заң шығару бастамасын жасай алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды. Үкіметтің қызметі президенттің уәкілетті мерзімімен белгіленед.і Үкімет қаулылары үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, премьер министрдің қолымен бекітіледі. Үкімет басшысы-премьер министр. Ол нұсқаулар шығарады. Үкімет қаулылары мен премьер министрдің нүсқаулары бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті..Үкіметтің қаулысын Президент немесе Үкімет өзі күшін жоюуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметі қызмтінің негізгі бағыттары жоғарыда аталған конституциялық заңда айқындалған.Қазақстан Республикасының соттар жүйесі республикада сот төрелігін жүзеге асырады. Соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соған теңестірілген соттар, аудандық (калалық) соттар және әскери соттардан құралады. Соттарды ұйымдастыру ҚР конституциясы және Қазақстан Республикасының «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі.

2.«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында: «жергілікті өкілдік органдар маслихаттар – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін жүзеге асырылуын бақылайтын ораган» делінген. Аталған заңда маслихаттардың қызметінің негізгі бағыттары анықталған.Маслихаттың өз құқығы шеңберінде қабылданатын шешімдері оның актілері болып табылады Маслихаттардың жергілікті бюджеттің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдері әкім құптаған жағдайда ғана қарауға енгізілуі мүмкін. Ал азаматтардың құқықтар мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысты шешімдері заңға сәйкес ресми жариялануы тиіс. Маслихаттар депутатардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге, ҚР президентіне әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, бюджеттің орындалуы туралы есептерді маслихаттың екі рет бекітпеуі заңға сәйкес әкімге сенімсіздік білдірудің негізі болады.Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер әкім басқаратын өз құзіреті негізінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әуеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқарут.б.жатады

3Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.Неке жасы ерлер мен әйелдер үшін 18-жас болып белгіленген.Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. Неке жасын төмендетуге некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары бегіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсеткен өтінішімен немесе келісімімен ғана рұқсат етіледі.Некеге тұруға жол берілмейтін жағдайлар:1.Біреуі болсада басқа тіркелген некеде тұрған адамдар арасында некеге тұруға жол берілмейді.2.Тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың, ата-анасы бір, ортақ ағалы-інілер мен аплы-сіңілілердің арасында некеге тұруға жол берілмейді.3. Асырап алушылар мен асырап алғандардың арасында некеге тұруға жол берілмейді.4.Біреуі болса да психикалық аурудың немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында некеге тұруға жол берілмейді.Некеге тұру некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Неке қию кезінде өкіл жіберуге жол бермейді, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Неке шарты -некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Неке шартын ерлі зайыптылар некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де және неке кезеңінде кез келген уақытында жасай алады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасаған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны наториат куәләндыруға тиіс. Неке шарты ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:1)кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, бір біріне мүліктік талаптар қоймайтын, некені бұзуға өзара келіскен ерлі зайыптылардың некелері АХАЖ органдарымен бұзылады;2)балалары болуына қарамастан ерлі зайыптылардың бірінің өтініші бойынша екіншісі хабар ошарсыз кеткен деп танылса;3)ерлі зайыптылардың біреуін сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

4)Ерлі зайыптылардың біреуі қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айрылса;Некені сот тәртібімен бұзу төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады: 1)ерлі зайыптылардыі кәмелетке толмаған балаларының болуы;2)ерлі зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;3)егер ерлі заыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмағанына қарамастан өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарса;4)ерлі зайыптылардың бір біріне мүліктік талаптары болса;.

55билет.1Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан , парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық. Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамдық қағаздар, жұмыс, көрсетілген қызмет, шығармашылық, жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік және мүліктік емес құқықтар жатады. Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке тұлғалар заңды тұлғалар, мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлілестіктер. Олардың құқықтық қатнастары тең құқықты, бір-бірінен тәуелсіз, заңда көсетілген немесе көрсетілмеген негіздерде туындауы мүмкін, көбінесе өзара келісім негізінде жүзеге асады; Мүліктік жеке игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, атақ, абырой, жеке және отбасылық құпиясы мен авторлық құқықтар жатады. Мүліктік емес жеке құқықтар адамның жеке басымен тығыз байланысты. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқық қабілетілігі мен әрекет қабілетілігі арқылы сипатталады. Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан оған шек қоюға болмайды. Шек тек азамат қылмыс істеген және сол үшін жаза алған жағдайда ғана қойылуы мүмкін. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз әрікеттері мен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру. Өзі үшін міндеттер туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Сондай-ақ заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Әрекет қабілеттілігі екі түрлі жағдайда шектеледі: біріншіден, табиғи түрде шектеу, екіншіден, сот органдарының шешімі негізінде шектеу. Сондай-ақ 6- жастан 14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жартылай әрекет қабілеттілігі болады. Ал 14-жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі болады.Азаматтық құқықтық қатнастардың пайда болу негіздері- заңды фактілердің туындауы: 1)Келісімдер мен мәмлелердің жасалуы; 2)Әкімшілік актілердің шығуы; 3)Сот шешімі бойынша; 4)Мүліктік құқықтардың пайда болуы мен өзгеруі 5)Әдеби және ғылыми шығармалар, өндірістік үлгілер т.б. шығару; 6)Басқа да жеке және заңды тұлғаларға мүліктік шығын келтіру; 7)Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылу; Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз – онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы. Азаматтық құқық қатынастарын реттеу төмендегідей тәсілдерге сүйенеді: 1) азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңдық теңдігі;2) жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы; 3) азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі

2.18 жасқа толмаған адам бала деп танылады. Баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығын көруге және олармен бірге тұруға құқығы бар.Ата- аналардың құқықтары мен міндеттері:1)ата-аналар өз балаларының денсаулығына қомқорлық жасауға міндетті; 2)балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті; 3)ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, арнаулы рұқсатсыз оның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;4)ата- ана құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы жүзеге тасыруға болмайды; олай болған жағдайда ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады; 5)баласынан бөлек тұратын ата ана баласымен қарым қатнас жасауға, оны тәрбиелеуге , білім беруге қатысуға құқығы бар;

6)баласынан бөлек тұратын ата ана өз баласы туралы тәрбиелеу, емдеу мекемелерінен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар;.7)ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті; Алимент - отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатнастары 1)ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті; 3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті;4)еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті. Ата-аналар өз балаларына қатысты міндеттерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылады. Ата-ана құқығын айыру сот тәртібімен жүргізіледі.

3.Зияткерлік меншік дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне, заңды тұлғалардың дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өз өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі т.б.)ерекше құқығы. Зияткерлік құқықтың объектілеріне:1)шығаршашылық қызметтің нәтижелері; 2)азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдары жатады Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

1)ғылым, әдебиет және өнерр туындылары; 2)орындау, фонаграмма,хабар таратуды ұйымдастыру;3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;4) селекциялық жетістіктер;5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары; 7)интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері; Азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдарына: 1)фирмалық атаулар; 2)тауарлық белгілер; 3)тауар шығарылған жерлерді атау (шығарғанжерін көрсету); 4)заңда көрсетілген басқа да даралану құралдары

56билет.1.Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заңды актілермен белгіленген және қорғалатын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті ңс жүзінде заң жүзінде қамтамасыз етудің мүмкіндігі. Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Заңға сәйкес меншіктің келесі нысандары бар: жеке және мемелекеттік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналды болып екіге бөлінеді. Республикалық меншік республикалық қазынадан және республикалық заңды тұлғаларға бекітілп берілген мүліктен тұрады. Республикалық қазынаға: республикалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта қоры, алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады. Коммуналды меншік жергілікті қазынадан және коммуналды заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Екі немесе бірнеше тұлғаның бір мүлікке меншік құқығы ортақ меншік болып табылады. Заң ортақ меншіктің екі түрін анықтайды: үлестік және бірлескен ортақ меншік. Егер мүлікке меншік иелерінің әрқайсысының нақты үлестері белгілі болса және көрсетілсе, онда ортақ меншік үлестік болып табылалы. Ортақ бірлескен меншікте нақты үлестер белгіленбейді және қатысушылардың үлестері тең деп есептеледі. Меншік құқығының пайда болу негіздерінің бастапқы және туынды тәсілдері бар. Бастапқы тәсіл негізінде меншік құқығы бірінші рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Бастапқы тәсілге жаңадан жасалған затқа меншік құқығын жатқызуға болады. Туынды тәсіл – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі (сатып алу-сату). Меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдері: виндикациялық және негаторлық тараптар. Виндикациялық талап – меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету. Негаторлық талап – меншік иесінің құқықтарын иеліктен айырумен ұштаспаған бұзушылықтан қорғау талабы. Бұл талап меншік иесінің өз мүлкін пайдалану және билік ету құқығына нұқсан келтірген кезде қойылады.Зияткерлік меншік дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне, заңды тұлғалардың дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өз өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі т.б.)ерекше құқығы. Зияткерлік құқықтың объектілеріне:1)шығаршашылық қызметтің нәтижелері;

2)азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдары жатады Зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:1)ғылым, әдебиет және өнерр туындылары; 2)орындау, фонаграмма,хабар таратуды ұйымдастыру;3) өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер;4) селекциялық жетістіктер;5) интегралдық микросызба топологиялары; 6) ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары; 7)интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері; Азаматтық айналымға қатысушылардың тауарларды, қызметтерді, дараландыру құралдарына: 1)фирмалық атаулар; 2)тауарлық белгілер; 3)тауар шығарылған жерлерді атау (шығарған жерін көрсету); 4)заңда көрсетілген басқа да даралану құралдарыАвторлық құқық дегеніміз- автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.автор шығармашылық еңбегімен туынды жазған тұлға.Авторлық құқықты иеліктен айыруға немесе басқа адамға беруге болмайды. Егер екі немесе бірнеше адамның авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып табылады. Авторлық құқық автордың өмірі бойына және қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонаграммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына қолданылады.Сабақтас құқықтардың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальділікті сақтау талап етілмейді.

Азаматтық құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздердің бірі – міндеттемелер. Міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. әрекеттер жасауға немесе белгілі бір әрекетті жасаудан бас тартуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауды талап етуге құқылы. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері: айып төлеу, кепіл, кепіл болушылық, кепілдік, кепілпұл және т.б. Айып төлеу (айыппұл, өсім) – борышқор міндеттемесін орындамаған кезде немесе тиісінше орындамаған кезде несие берушіге төлеуге міндітті заңмен немесе шартпен берілген ақша сомасы. Кепіл – міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде борышқордың белгілі бір мүлігі несие берушінің уақытша иелігіне өтуі. Кепілдің екі түрі бар: ипотека және кепілзат. Ипотека – кепілге салынған борышқордың (кепіл берушінің) иелігінде және пайдалнуында қала беретін кепіл түрі. Кепілзат – кепілге салынған мүлік несие берушінің (кепіл ұстаушы) иелігіне өтетін кепіл түрі. Кепілдік – кепілдік болуының басқа жақтың (борышқордың) несие берушісінің алдында міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара орындауы үшін жауап беруі. Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында міндеттемесін толық немесе ішінара субсидиялық орындалуына жауап беруге міндетті. Кепілпұл – келісуші шарттардың беруінің екінші жаққа шарт жасау мен орындалуын қамтамасыз етуге берілетін ақша сомасы.Мұрагерлік құқық – қайтыс болған адамның мүлігін мұраға қалдыру және мұраны қабылдау міселелерін реттейтін құқық институты. Мұраға қалдыру екі жолмен өтеді: заң бойынша және өсиет бойынша. Өсиет міндетті түрде нотариалды бекітілген жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Егер қайтыс болған адам өсиет қалдырмаса онда мүлік заңмен белгіленген ретте туыстарының арасында бөлінеді.

2.18 жасқа толмаған адам бала деп танылады. Баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығын көруге және олармен бірге тұруға құқығы бар.Ата- аналардың құқықтары мен міндеттері:1)ата-аналар өз балаларының денсаулығына қомқорлық жасауға міндетті; 2)балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті; 3)ата- аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады, арнаулы рұқсатсыз оның құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;4)ата- ана құқықтарын балалардың мүддесіне қайшы жүзеге тасыруға болмайды; олай болған жағдайда ата аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады;5)баласынан бөлек тұратын ата ана баласымен қарым қатнас жасауға, оны тәрбиелеуге , білім беруге қатысуға құқығы бар;

6)баласынан бөлек тұратын ата ана өз баласы туралы тәрбиелеу, емдеу мекемелерінен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар;.7)ата аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуға міндетті; Алимент - отбасының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз мүшелерін асырап бағуға арналған міндеттеме. Отбасы мүшелерінің алименттік қатнастары 1)ата аналар ажырасқан жағдайда кәмелетке толмаған баларын асырап бағу үшін алимент туралы келісім жасауға құқықтары бар. Келісім болмағанда сот ата-анадан ай сайын бәр балаға табысының төрттен бірін, екі балаға үштен бірін, үш немесе одан көп балаға тең жартысын төлеуді талап етеді.2) ата аналар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап бағуға міндетті; 3) еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата аналарын асырауға міндетті; 4)еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын екіншісі асырауға міндетті. Ата-аналар өз балаларына қатысты міндеттерін орындамаған жағдайда ата-ана құқығынан айырылады. Ата-ана құқығын айыру сот тәртібімен жүргізіледі.Ата-ана құқығын айыру туралы істер ата-аналардың біреуінің кәмелетке толмаған балалардың құқтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талыбы бойынша қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органының қатысуымен қаралады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді. Ата анасының қайтыс болуы, ата ана құқығынан айрылуы, олардың құқықтарының шектелуі, ата анасының әрекетке қабілетсіз деп талынуы т. б. жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қорғаншы және қамқоршы органдарға жүктеледі. Қамқоршы және қорғаншы органдар –жергілікті атқарушы органдар, өздерінің міндеттерін осы органдар туралы ҚР Үкіметі бекіткен ереже негізінде жүзеге асырады. Қамқоршылық 14-жасқа толмаған балаларға, және психикалық ауру салдарынан немесе ақыл есі кемдігінен сот әрекетке қабәлетсіз деп таныған адамдарға белгіленеді. Қорғаншылық 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға және спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге салыну салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.

3.Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы - парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген қалалық) болып бөлінеді.2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген қалалық) соттар және әскери соттар құайдыМемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Мемлекет басшысы – президент лауазымы ең алғаш рет АҚШ –та пайда болған. Қазіргі кезде президент қызметі көптеген елдерде орнықты. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының президенті конституцияның 41- бабына сәйкес жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, респулбикада кемінде 15 жыл тұрған республика азаматы ғана сайлана алады. ҚР президентінің қызметі конституция және «Қазақстан Республикасының президенті туралы» (26.12.1995ж.қаб.19.06.2007.ж.өзгертілген) конституциялық заңымен реттеледі. Аталған конституциялық заңда Қ,Р. Президентінің Парламентке қатысты уәкілеттігіне: 1)парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын шақырады: 2)сенаттың 15 депутатын тағайындайды 3) конституцияда көрсетілген негізде парламентті немесе парламент мәжілісін таратып жіберуге құқы бар; 4) парламентке конституцияға түзетулар мен өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға;4) парламент палаталарының кез келген отырыстарына қатысуға уәкілеттілігі жатады. ҚР Президентін Үкіметке қатысты уәкілеттілігіне жататындар: 1)үкімет басшысы премьер министрді тағайындайды және жұмыстан босатады; 2)үкіметтің құқрылымын анықтайды министрліктер мен ведомтсволардықұру қайта құруға құқы бар, үкімет мүшелерін тағайындайды және босата алады. 3) үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; 5)үкіметке заң жобаларын мәжіліске ұсынуды тапсырады; 6)үкіметті және оның жекеленген мүшелерін отставкағажібереді; Президенттің ҚР жоғарғы сотына қатысты уәкілеттілігі: 1) жоғарғы сот екңесінің ұсынуымен сенатқы жоғарғы соттың төағасы мен судьяларын ұсынады 2) жоғарғы сот кеңесінің ұсынуымен жерлгілікті соттардың төағаларын тағайындайды және жұмыстан босатады Сенаттың келісімімен 5 жылға ҚР бас прокурорын тағайындайдыжәне басатады; ҚР орталық Сайлау комиссиясының төрағасын және екі мүшесін тағайындайды; Праламент сенатының келісімімен ҚР ұлттық банкінің төрағасын және оның көмекшілерін тағайындайды және қызметәнен босатады;референдум өткізу туралы шешеім қабылдайды;халыққа жыл сайын жолдау жолдайды; ҚР азаматтығына қабылдайды; азаматтарға жасаған қылмыстары үшін кешірім жасайды; ҚР бүкіл аумағында заңдық күші бар актілер қабылдайдыҚазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген) қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Заң шығару бастамасы тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады. Президент, парламент депутаттары, үкімет заң шығару бастамасын жасай алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды. Үкіметтің қызметі президенттің уәкілетті мерзімімен белгіленед.і Үкімет қаулылары үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, премьер министрдің қолымен бекітіледі. Үкімет басшысы-премьер министр. Ол нұсқаулар шығарады. Үкімет қаулылары мен премьер министрдің нүсқаулары бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті..Үкіметтің қаулысын Президент немесе Үкімет өзі күшін жоюуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметі қызмтінің негізгі бағыттары жоғарыда аталған конституциялық заңда айқындалған.Қазақстан Республикасының соттар жүйесі республикада сот төрелігін жүзеге асырады. Соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық соған теңестірілген соттар, аудандық (калалық) соттар және әскери соттардан құралады. Соттарды ұйымдастыру ҚР конституциясы және Қазақстан Республикасының «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі

57билет.1.«Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жаза көзделегн заңға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ӘҚтБК 9- бабы), Әкімшілік құқық бұзушылық ҚР 2001жылы 30 қаңтарда қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» реттеледі. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшілік жазалануы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам танылады. Әкімшілік жауаптылыққа ҚР ӘҚБтК бойынша 16 жасқа толған жеке тұлға және заңды тұлғалар: мемлекеттік және мемлекеттік емес , коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына (элементтеріне): объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы жатады. Көрсетілген төрт элементтің ең болмаса біреуінің болмауы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкешілікке тартуға мүмкіндік ермейді. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықты туындатады.Әкімшілік жауаптылық- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке және заңды тұғаларға мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан қолданылатын әкімшілік-құқықтық санкцияларды қолдануы. Заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктің мынандай түрлері белгіленген: әкімшілік, тәртіптік және материалды. Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:1) Мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы жауап шарасы болып табылады.2) Құқық бұзушыны тәрбиелеу шарасы болып табылады.3)Құқық бұзушының ар-намысын таптау және тән азабын тартқызу мақсатын көздемейдіӘкімшілік жаза- заң мен уәкілеттілік берілген органдар әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның түрлері ӘҚБтК айқындалған.Әкімшілік істерді мынандай органдар қарайды:-соттар;-кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар;-мемлекеттік инспекциялар және т.б. құзырлы органдар (өрт сөдіру қызметі, салық, қаржы полициялары т.б.)Әкімшілік процесс немесе әкімшілік іс жүргізу- әкімшілік істерді қараудың белгіленген процессуалдық әрекеттерін, сатыларын, кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік процесстің негізгі ұағидаттары (принциптері): 1)Заңдылық қағидаты, әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын шаралар тек әкімшілік кодекспен белгіленеді;2)Сот құзіретінің ерекшелігі. Әкімшілік істерді қараудағы соттың құзіреті, оның юрисдикциялық шегі, сот төрелігін жүзеге асыру тәртібі әкімшілік кодексте белгіленген, оны өз бетінше өзгертуге болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қағидаттарды өзгеше бұзған жағдайда сот шешімдері заңсыз деп танылып өз күшін жояды;3)Азаматтардың теңдігі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдар тегіне, ұлтына, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына қарамастан әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиісті;4)Кінәсіздік презумпциясы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше және судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше кінәсіз деп есептеледі;5)Кінә қағидаты.Тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс; 6)Қайта әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол бермеушілік. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға болмайды;7)Ізгілік (гуманизм) қағидаты. Құқық бұзушылық жасағанға әкімшілік жаза қолданғанда адамның қадір касиетін қорлауды жазаның мақсаты етіп қоюға болмайды;8)Жеке басқа қол сұқпаушылық .Тек әкімшілік кодексте белгіленген негіздерде және көзделген тәртіппен ғана азаматтарды ұстауға, жеке заттарын тексеруге, қамауға алуға т.б. шараларды қолдануға болады.ӘҚБ туралы іске қатысушыларды қатыгездік немесе адамның қадір қасиетін қорлайтын әрекеттерге ұшыратуға ешкімнің хақысы жоқ;9)Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке өмірі туралы және құпия сақталуы қажет деп есептейтін мәліметтерді әкімшілік кодексте көзделмеген мақсаттарда жинап пайдалануға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері, адамға келтірген моральдық залал заңда белгіленген тәртіппен өтелуі тиіс;10)Жеке өмірге қол сұқпаушылық. Хат жазысу, телефонмен сөлесу, поштамен телеграф арқылы және өзге де хабарлар алысу құпиясы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуде осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда, және заңда көрсетілген тәртіппен жол беріледі;11)Меншікке қол сұқпаушылық. Меншікке конституциямен және заңдармен кепілдік берілген. Ешкімді сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайды. Ол әкімшілік кодексте көзделгн жағдайларда ғана жүргізіліуі мүмкін;12)Судьялардың тәуелсіздігі. Соттардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да болмасын араласушылыққа жол берілмейді;13)Іс жүргізу тілі. ҚР ӘҚБ туралы істер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады;14)Куә айғақтарын беруден босату. Ешкім өзі өзіне жұбайына және заңда көрсетілген шектегі туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес15)Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету;16)Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жариялылығы. Соттар мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар ӘҚБ туралы істерді ашық түрде жүргізеді. Заңға сәйкес мемлекеттік құпия мәліметтерге қатысты істер және коммерциялық, отбасылық, азаматтардың жеке өмірінің құпияларын сақтауды сұрап өтініш білдіргенде ғана жабық түрде өтеді17)Іс жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Істі жүргізуде қауіпсіздікті сақтау мақсатында оған катысушыларды тексеру жүргізіледі;18)Іс жүргізу іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы. Іс жүргізу іс әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану кодексте белгіленген.Заң бойынша істі қайта қаратуға құқы бар.

19)Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғау. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың төрт сатысы бар: 1)Әкімшілік тергеу жүргізу. Бұл сатыда әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталады. 2)Істі қарау. Уәкілдігі бар орган (немесе лауазымды адам) істі қарап қаулы қабылдайды 3)Қаулыны қайта қарау. ( факультативті саты) Қабылданған шешім бойынша азаматтың шағымы немесе прокурордың наразылығы болған жағдайда қаулыны күшінде қалдырумен, оны өзгертумен немесе бұзумен аяқталады 4)Қаулыны орындау. Қаулыны қабылдағаннан немесе шағым мен наразылықты қарағаннан кейін- ақ бірден басталады.

2.Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды. Үкіметтің қызметі президенттің уәкілетті мерзімімен белгіленед.і Үкімет қаулылары үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, премьер министрдің қолымен бекітіледі. Үкімет басшысы-премьер министр. Ол нұсқаулар шығарады. Үкімет қаулылары мен премьер министрдің нүсқаулары бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті..Үкіметтің қаулысын Президент немесе Үкімет өзі күшін жоюуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметі қызмтінің негізгі бағыттары жоғарыда аталған конституциялық заңда айқындалған.

3.Прокуратура ҚР конституциясының 83 бабы және «ҚР прокуратурасы туралы» 12.12.1995 ж заңы бойынша ҚР Президентіне бағынышты және оған есеп беретін мемлекеттік орган.Прокурорлық қызметтің мақсаты- заңдылықтың сақталуын, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың, ұйымдар мен бірлестіктердің, жалпы мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік, саяси құқықтырын қорғауды қамтамасыз ету.

58билет.1.ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР президентінің заңдық күші бар « ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» (12.12.1995 ж.) жарлығына сәйкес тікелей президентке бағынатын мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін республиканың конституциялық құрылымын,суверенитетін,территориялық тұтастығын, экономикалық, ғылыми техникалық және қорғаныс потенциалын қорғауды жүзеге асыратын арнайы органдар болып табылады. Адвокаттар алқасы конституцияның 13 бабы бойынша әрбір азамат сотта өз құқықатыр мен бостандықтарын қорғау үшін білікті заңдық көмек, адвокаттық көмек алуға құқықы бар деп көрсетілген. «Адвокаттық қызмет туралы» (05.12.1997 ж.) заңда адвокатура заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істірді жүргізгенде заңды көмек көсететін ұйым деп атап көрсетіледі. Адвокаттар алқасы - тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыратын, коммерциялық емес мемлекеттік ұйым

2.Азаматтық дегеніміз – азаматтың мемлекетпен өзара құқықтық саяси байланысы. Азаматтық Қазақстан Республикасының 1991жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Азаматтық туралы» заңымен реттеледі. Заң бойынша азаматтық үш элементтен тұрады:1)адамның мемлекетпен байланысының тұрақты болуы;2)адамның мемлекетпен байланысының саяси құқықтық сипатта болуы;3)мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара құқық пен міндеттердің белгіленуі;Қазақстан Республикасының азаматтығы мынандай төрт жағдайда беріледі: 1) туу бойынша;2)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы нәтижесінде3) Қазақстан Республикасы халқаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша4) Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы заңда қарастырылған немесе өзге де негіздер бойыншаАзаматтықтан айыру:1)басқа мемлекетте әскери қызметке, қауіпсіздік қызметіне, полиция, юстиция органдарына басқа да мемлекеттік басқару органдарына қызметке орналасуы салдарынан;2)азаматтықты жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар арқылы алса;3)Қазақстан Республикасының мемлекет аралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;4)Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған азамат үш жылға шейін консулдық тіркелмесе;Азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігіне жатады.

3.Салық және кеден органдары ҚР Президентінің 22 қаңтар 2001жылы шыққан «Құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары туралы» жарлығына сәйкес бұғанға дейінгі мемлекеттік салық полициясы үкімет құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасныңі қаржы полициясы болып құрылды. Бұл органға экнономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықпен күресу жүктелді. Қаржы полициясының департаменті қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тауып, жедел іздестіру, анықтау және алдын-ала тексеру жұмыстарын жүргізуге құқылы. Департамент өз мүлкі, символдары, мөрі, банкте есеп шоты бар заңды тұлға болып табылады. 2003 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР президентінің жарлығы бойынша Қаржы департаменті ҚР экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік болып өзгертілді. Агенттікке экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, жедел іздестіру, алдын-ала тергеу жұмыстары жүктелді. Агенттіктің құзреті мен мақсат- міндеттері ҚР үкімет інің 29 қаңтар 2004 жылы шыққан ережесінде нақтыланған. Агенттіктің қызметі: 1) елдегі кримогендік жағдайға, экономикалық қылмыстарды туғызатын жағдайларды анықтап, оған талдау жасау; 2)салық полициясы органдарының жұмысының негізгі бағыттарын анықтау;3) Өте күрделі салықтық және экономикалық қымыстарды тексеру; т.б.Кеден ісінің міндеті - ҚР кедендік шекара арқылы елдің территориясына келетін товарлвр мен транспортқа кедендік салық мөшерін белгілеу, салықты жинау, кедендік құжаттарды беріп кедендік бақылауды жүзеге асыру. Кеден ісі Қазақстан Республикасындағы «Кеден ісі туралы» заңымен айқындалады.

59билет.1.Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген) қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Заң шығару бастамасы тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады. Президент, парламент депутаттары, үкімет заң шығару бастамасын жасай алады.

2.Неке шарты -некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім. Неке шартын ерлі зайыптылар некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де және неке кезеңінде кез келген уақытында жасай алады. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасаған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны наториат куәләндыруға тиіс. Неке шарты ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды. Азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені бұзу:1)кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, бір біріне мүліктік талаптар қоймайтын, некені бұзуға өзара келіскен ерлі зайыптылардың некелері АХАЖ органдарымен бұзылады 2)балалары болуына қарамастан ерлі зайыптылардың бірінің өтініші бойынша екіншісі хабар ошарсыз кеткен деп танылса;3)ерлі зайыптылардың біреуін сот әрекетке қабілетсіз деп таныса;

4)Ерлі зайыптылардың біреуі қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жылға бас бостандығынан айрылса;Некені сот тәртібімен бұзу төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылады;1)ерлі зайыптылардыі кәмелетке толмаған балаларының болуы;2)ерлі зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде;3)егер ерлі заыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмағанына қарамастан өз әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарса;4)ерлі зайыптылардың бір біріне мүліктік талаптары болса;

3.Авторлық құқық дегеніміз- автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары.автор шығармашылық еңбегімен туынды жазған тұлға.Авторлық құқықты иеліктен айыруға немесе басқа адамға беруге болмайды. Егер екі немесе бірнеше адамның авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып табылады. Авторлық құқық автордың өмірі бойына және қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшін сақтайды.Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға, фонаграммаларға, эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына қолданылады.Сабақтас құқықтардың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін қандай да болсын формальділікті сақтау талап етілмейді.

60билет.1.Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, ондағы жеке адамдардың конституция нормаларымен бекітілген қоғамдық қатнастарының жиынтығын айтамыз.ҚР қоғамдық конституциялық құрылымы конституцияның жалпы бөлімінде айқындалған Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылым үш принцип негізінде қалыптасады. Олар: 1) халықтың билігі, биліктің үш тармаққа бөліну принципі; 2) заң үстемдігі;3) азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы; Қазақстан Республикасының қоғамдық құрылымының конституциялық негіздері төмендігідей :

1.ҚР территориясы біртұтастығы; Конституцияның 2-бабында егемендік Републикасының барлық аумағына қатысты екендігі, ҚР территориясы біртұтастығы атап көрсетілген2.Республикалық басқару формасы; Конституция бойынша елде республикалық билік формасы бекітілген. Мемлекеттегі жоғарғы органдар сайлау арқылы қалыптасқан парламент қатысуымен құрылады. ҚР президенттік республика деп жарияланған. Ол президенттің мемлекеттік биліктегі бірқатар белсенділігінмен қатар парламенттік республикаға тән үкімет басшысының болуы президенттің парламентті тарату құқығы және заңдарды қалыддау құқығының болуымен сипатталады.

3.Халық билігі; Конституция 1-бабаында ҚР демократиялық мемлекет деп атап көрсетілген. ҚР халық конституцияны қабылдауға референдумға қатыса алады, мемлекет басшысы президентті парламент сайлап белгіленген уақыт өткен соң оларды қайта сайлауға құқықы бар. Мемлекет ұлтына, жынысына нәсіліне, дініне қарамастан азшылықтың мүддесі ескеріліп құқықтырын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтарға сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, ұлты мен тілін таңдау, ұйымдар құру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.4.Заң үстемдігі, мемлекеттің құқықтық сипаты; Мемлекет заң үстедігі, биліктің үш тармаққа бөлінуі, мемлекет пен азаматтардың заң алдында өзара жауапкершілігіне негізделген мемлекет құру;5.Мемлекеттің зайырлылық сипаты; Діни ұйымдар мемлекеттен бөлінген бір діннен екіншіге көшуге, қалаған діндіге сенуге құқық берілген, бірақ мемлекеттік міндетті дін жоқ . Діни негізде саяси партиялар құруға,тыйым салынған;6.Мемлекеттің әлеуметтік сипаты; ҚР мемлекет халыққа қызмет етеді,әлеуметтік салада білім беру, денсаулық сақтау,ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрмысы төмендерге әлеуметтік қамқорлық көрсетуді жүзеге асырады.7.Унитарлық сипаты; ҚР унитарлы мемлекет екендігі, онда дербестігі бар территориялардың жоқтығы мен мемлекеттің біртұтастығынан көрінеді.8.Саяси және идеологиялық плюрализм; Республикада идеолгиялық плюрализм (әртүрлілік) танылады саяси және идеолгиялық плюрализм саяси партиялар құру және саяси өмірге араласудың барлық түрлерінің болуымен анықталады.9.Экономикалық плюрализм Республикада мемлекеттік және жеке тең дәрежеде танылып қорғалуымен сипатталады.(констит.5 бап)10.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы. Азаматты құрметтеу, оны қорғау мемлекеттің негізгі атрибуты міндеті болып табылады( констит.6 бап) .11.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы;.

2.Мемлекет – қоғамды басқаруды жүзеге асыра отрырып оның өмір сүруін қамтамасыз ететін адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша формасы болып табылады. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі белгілері:1. Аумағының ( территориясының) болуы. Мемлекет сол территорияда үстемдік етіп,заң шығарушы, атқарушы және сот билігін жүзеге асырады.2.Саяси билігінің болуы. Мемлекет арнайы ұйымдар армия, сот,құқық қорғау органдары арқылы саяси билікті жүзеге асырып қоғамның тұрақтылықғы мен дамуын қамтамасыз етеді.3. Тәуелсіздігі және егемендігі; Мемлекет өз билігін ішкі және сыртқы жағдайлардан тәуелсіз жүргізеді.4. Мемлекттік биліктің жариялық сипаты; Биліктің жариялылығы дегеніміз сол билікті мемлекет азаматтарының қолдап, мойындауы, биліктің заң негізінде жүзеге асырылуы5. Заң шығару, оған бағындыруды жүзеге асыруы. Мемлекет қоғамды заңдар шығару соның негізінде қоғамдық қатнастарды реттеу арқылы басқарады.Ол үшін арнайы органдар құрады.( сот, прокуратура құқық қорғау органдары,т.б.)6.Халықтан салық жинау. Салық жинау арқылы мемлекет өзінің өмір сүруіне қажетті қаражатты қамтамасыз етеді. Осы мақсатта арнайы органдар құрады. Салық жинауға тек мемлекеттің ғана құқығы бар.7.Мемлекеттік рәміздері мен мемлекеттік тілінің болуы. Мемлекеттік рәміздерге мемлекеттің жалауы, гимні,гербі жатады. Ең алғаш жалау ертедегі гректерде болған. Ал римдіктер найзаға байланған төртбұрышты матадан жасалған жалауды пайдаланды. Мемлекеттік жалау қазіргі түрде ең алғаш Данияда 1219 жылы, Щвейцарияда 1229 жылы, 1785жылы АҚШ-та, 1805жылы Италияда шықты. Мемлекет басқару қызметін атқаратын және оның көмегімен қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, оған қажетті алғышарттар жасайтын ұйым. Мемлекеттің нысанының түрлері:1. Басқару нысаны2. Мемлекеттік құрылымы3. Саяси режимі.Басқару формасына қарай мемлекеттің екі түрі бар. Олар: монархия және республика. Монархия- мемлекеттік биліктің атадан балаға мұрагерлікпен берілуімен сипатталады. Монархия абсолютті және конституциялы болып екіге бөлінеді. Республика- мемлекеттік билікті заңмен белгіленген мерзім ішінде сайланатын бір немесе бірнеше органдардың атқаруымен сипатталады. Республиканың үш түрі бар: президенттік республика және парламенттік республика. Аумақтық құрылымы жағынан мем лекеттің үш түрі бар: унитарлы, федеративті, конфедеративті. Унитарлы мемлекет біртұтас, құрамында дербестігі бар (автономды) мемлекеттік құрылымдары жоқ, әкімшілік- аумақтық бөліністерден тұратын мемлекет. Унитарлы мемлекетте жоғарғы билік органдары, басқару, сот органдары бүкіл ел үшін біртұтас, бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтық болады. Федеративті мемлекеттер дегеніміз құрамында екі, үш немесе одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестігі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін мемлекет. Конфедерациялық мемлекет дегеніміз бірнеше мемлекеттердің белгілі бір мақсаттарға сәйкес бірігуі немесе одағы. Ондай мақсаттар экономикалық, әскери, дипломатиялық немесе этникалық мақсаттар болуы мүмкін. Конфедерацияға біріге отырып мемлекеттер тәуелсіздігін сақтайды. Конфедерацияға бұған дейін конфедерация болып 1781 жылдан бастап федерацияға көшкен АҚШ-ты, 1815-1848 жылдардағы швецар одағын құрған Щвейцарияны жатқызуға болады. Мемлекеттің басқару түрлерін, мемлекеттің пайда болуын шартты түрде екі түрлі модельге бөліп қарастыруға болады. Олар батыстық және шығыстық модельдер. Саяси режим дегеніміз – мемлекетте саяси биліктің жүзеге асырылу әдістері мен тәсілдері. Саяси режим демократиялық және антидемократиялық болып екіге бөлінеді. Антидемократиялық режимдерге авторитарлық және тоталитарлық режимдер жатады.

3.Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасында тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды отбасы тұрғысында реттейтін құқықтың саласы. Отбасы қатынастарын өзіндік емес және мүліктік қатынастар құрайды. Отбасы құқығының қайнар көзі ҚР «Неке және отбасы кодексі» (11.09.2006ж) болып табылады. Отбасы құқығының бастауларына ҚР үкіметі немесе әділет министрлігі бекіткен басқа да нормативтік актілер жатады ( мысалы ҚР үкіметі бекіткен қорғаншылық және қамқоршылық органдар туралы ереже немесе әділет министрлігі бекіткен азаматтық хал- актілерді тіркеу туралы нұсқауы) «Неке және отбасы кодексінің» негізгі принциптері:

1) еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;2) ерлі- зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;3) отбасы ісіне кімнің болса да араласуына жол бермеушілік;4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдылық беру, олардың өсіп жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;6)отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдылық беру;7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]