- •1.Пәннің мақсат, міндеттері, басқа пәндермен байланысы
- •2.Мектепке дейінгілерді оқуға үйретудегі дыбыстық талдаудың орыны
- •3.Баланың фонематикалық естуі және сөздерге дыбыстық талдау жасау білігі
- •4. Сауат ашудың алғышарттарының мектепке дейінгі балада қалыптасуының рөлі
- •5.Л.Е.Журованың мектепке дейінгі балалардың сауатын ашу әдістемесі (Подготовка к обучению грамоте детей 4-7 лет л. Журовой)
- •7.Т.И.Гризиктің сауат ашу және жазу әдістемесі
- •11. Н.А. Зайцевтің сауат ашу әдістемесі,мақсаты, міндеті.
- •12.Монтессорийдің сауат ашу әдістемесінің ерекшелігі.
- •13.Фонематикалық естуді қалыптастырудың жоспарына сипаттама.
- •14. Дыбыстық талдау функцияларын қалыптастырудың жоспарының сипаттамасы.
- •15. Дыбыстық жинақтау функцияларын қалыптастырудың жоспарына сипаттама
- •16. Сауат ашу кезіндегі түзету жұмысының теоретикалық және әдіснамалық негіздері, қағидалары
- •17. Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •18. Сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау тәсілдері
- •19. Сауат ашу сабағының мақсат, міндеттері, қойылатын талаптар
- •20. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •21. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •22. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
- •23 Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру әдістері
- •28. Баяу балалардың ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие жұмысында ескеру ерекшеліктері.
- •29 Сауат ашуға оқытудың ғылыми негіздері.
- •30. Сауат ашуға үйретудің аналитикалық-синтетикалық әдісінің ерекшеліктері мен мазмұны.
- •31. Сөзге дыбыстық талдау жасауын тексеру
- •32. Оқуын тексеру
- •33. Жазуын тексеру
- •35. Сөздің буындық құрамын тексеру
- •36. Мектепке дейінгі балаларды оқуға үйретудегі дыбыстық талдаудың орны.
- •37) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі
- •38) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
- •39) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
- •40) Сөйлемейтін баланың есте сақтауын тексеру әдістемелері
- •41) Д. Б. Элькониннің оқуға бастапқы үйретудің әдістемесінің негізгі қағидалары
- •43 Сөйлеу әрекетінің теориясы (а.А. Леонтьев).
- •44 Балабақшадағы сауат ашудың мақсат, міндеттері
- •47 «Фонематикалық есту» мен «фонематикалық қабылдау» түсініктерінің мәні мен айырмашылығы. Фонематический слух ребенка и его умение проводить звуковой анализ слов
- •Обучение грамоте
- •49 Сөйлеу тілінің дыбыстық мәтениеті түсінігі, сипаттамасы, дамыту жолдары Место звукового анализа в обучении чтению детей дошкольного возраста
- •50 Мектепке дейінгі баланың дыбыс айтуды меңгеру ерекшеліктері
- •52. Баланың сауат ашуға және оқуға дайындығының көрсеткіштері
- •53. Сауат ашу мен жазу әдістемелерінің негізгі топтары, сипаттамасы
- •54. Сөздік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің сипаттамасы.
- •55.Сөздікті молайтуға арналған дидактикалық ойындардың мәні
- •56. Жазу мен оқудың психологиялық сипаттамасы
- •57. Сауат ашуға дайындаудың әдістемесі мен мазмұны (сөз, сөйлем құрамы, сөздің буындық құрамы).
- •58. Балаларды сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру.
- •59.М.Хамидулинаның сауат ашуға дайындық жұмысының мазмұны: Хамидулина р.М. Развитие речи. Подготовка к школе. Сценарии занятий
- •66.Байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған сұрақтар
- •71 Кеңістікте бағдарлауына
- •72 Фонематикалық қабылдауын тексеруге тапсырма
- •74 Артикуляциялық аппаратты дамытуға тапсырма
- •75 Артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамытуға 4 тапсырма
- •77. Баланың сауат ашуға және оқуға дайындығының көрсеткіштері
- •78. Сауат ашу мен жазу әдістемелерінің негізгі топтары, сипаттамасы
- •79. Сөздік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің сипаттамасы.
- •80.Сөздікті молайтуға арналған дидактикалық ойындардың мәні
- •81. Жазу мен оқудың психологиялық сипаттамасы
- •82. Сауат ашуға дайындаудың әдістемесі мен мазмұны (сөз, сөйлем құрамы, сөздің буындық құрамы).
- •83. Балаларды сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру.
- •84. Жазуды тексеруге тапсырма
- •85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.
- •87. Ұсақ моторикаға әдістеме.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту
- •89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.
- •90. Диалогтық және монологтық с.Т тексеруге мысал
23 Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру әдістері
Фонематикалық талдау және жинақтауын тексеру
Тілдің дыбыстық элементтерін сезіну ерте жастан дамиды. Көптеген зерттеулерде (А.Н. Гвоздев, Н.Ж. Швачкин, т.б.) қалыпты дамыған бала мектеп алды кезде ана тіліндегі дыбыстарды ажырата алады, басқалар айтқанда естиді, өздері де айтады, яғни дыбыстарды ажаратады, бірақ, сөздің дыбыстық құрамын меңгермейді. Бала дыбыстың сөздегі орнын, кезектілігін айта алмайды деп көрсетеді.
Тілдің дыбыстық жағымен әрекет жасау, оның элементтерін саналы түрде менгеру мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барсында қалыптасады. Дыбыстық талдауды - басынан бастап белсенділік пен ерікті талап ететін операцияның құрылымы бойынша жайылған күрделі процесс деп қарастыру керек (А. Р. Лурия, Д. Б. Эльконин). Д. Б. Элькониннің анықтамасы бойынша дыбыстық талдау дегеніміз- сөздегі дыбыстың орнын, кезектілігін, санын анықтауға бағытталған ойлау іс-әрекеті.
Алдымен баланың дыбыстық талдау қабілеті қандай денгейде екенін анықтап алу қажет. Ол үшін әр түрлі тапсырмаларды ретімен жас ерекшелігін ескеріп пайдаланады.
Фонематикалық талдау – жинақтау жағдайын төрт жастан асқан балалардан
бастап тексереді.
Егер бала мектепте оқымаған болса, онда тексеру барысында түсіндіру, көрсету, қате жауапты талдау тәсілдерін пайдаланып, тек оқуы мен жазуын меңгеруге әзірлігін білу үшін дыбыстық талдаудың қарапайым түрін үйретуге әрекет жасап көру қажет.
Ең аддымен балаға сөз құрамындағы дыбыстарды бір-бірімен айырып және
бөліп алу тәсілін үйрету керек. Ол үшін а, о, дыбыстарын дауыстап және созып айта отырып балаға оларды қайталатып, сосын ол дыбыстарды сөздің ішінен тауып алуды ұсынады.
Содан кейін әр түрлі сөздер құрамындағы дауыссыз дыбыстарды айыруды ұсынуға болады. Бала белгілі бір дыбыстан басталатын сөзді тану керек. Мысалы, бастапқы дыбысы М-дан басталатын сөзді танып алу үшін араласқан бірнеше сөздердің тізбесін келтіреді. Егер бала дыбыстарды айыру тапсырмасын мүлтіксіз орындай алатын болса, онда дыбыстарды бөлу тәсілін қолдануға болады. Бұндай жұмысты ойын түрінде жақсы өткізуге болады. Логопед балаға оның есімі нақтылы бір дыбыстан басталатынын айтып тісіндіреді. Мысалы ол М дыбысынан басталады деу керек. /Марат, Мәлике/ "Ал енді саған басқа бір есімді атаймын, сен оның бастапқы дыбысын табуың керек.
Содан кейін сөзден дауыссыз дыбысты бөліп алуды ұсынуға болады. Сөздің соңында тұрған дауыссыз дыбысты бөліп алу оңай. Ұяң дыбыстарға аяқталатын сөздерді талдауға болмайды / кағаз, каз, жаз, мал және т.б./ Балаға таныс жеке заттар бейнеленген суреттерді көрсетуге болады. Мысалы, суреттегі жапырақты логопед жапыра... дейді де, баладан соңғы дыбысын айтуды сұрайды.
Осы тәсілдерді бала жеңіл орындай алатындығын байқағаннан кейін, енді бұдан гөрі қиындау, тапсырманы орындауды ұсынады. Бала берілген \дыбыстан басталатын сөзді өзі табуы керек. Айналасындағы өзі күнделікті көріп жүрген заттардың ішінен К немесе М дыбысынан басталатын сөздерді іріктеп табу керектігі айтылады. Мысалы, баланың күделікті көріп, әрі қолданып жүрген сөздері: күн, көрпе, май, көпшік, кино, мақта, көйлек және т.б.
Келесі тәсіл – дыбыстың құрамы бойынша сөздерді салыстыру. Айырмашылығы тек бір дыбыстан болатын сөздердің атауларына бейнеленген заттары бар суреттері іріктеп алып, балаға көрсетеді де, олардың аттарын атағаннан кейін дыбыстық айырмашылығын сұрайды. Мысалы: май-тай, жүн-түн, бала-қала, табақ-сабақ, сабан-табан..
Мектепте оқитын, дыбыстық талдаудан түсінігі бар балаларға, күрделілігі
қиындау тапсырма беріледі. Оның сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлуді, олардың жүйелігінің және дыбыстардың сөзден орнын айыра алатындығын білетін-білмейтіндігін тексереді.
Балаға талдау үшін сөз беріліп, ол сөздегі дыбыстарды санап, қандай
дыбыстардан тұратынын, олардың сөзде орналасу жүйелігі қандай екенін
айтуды, сосын екінші, бесінші және т.б. дыбыстарды бөліп алуды ұсынады.
Тексеру күрделілігі әр түрлі сөздерді пайдалануға болады. Мысалы: үй, ат,
май, шана, оқушы, мысық, балық т.б.
Дыбыстық талдауды барлық жағынан толық меңгерген балалар үшін оқу барысында онша жиі қолданбайтын, көп буынды, дауыссыз дыбыстары бір жерге топталған, дыбыстарын дұрыс айта алмайтын сөздерді арнайы сұрыптап алады. Мысалы: сандық, ескерткіш, милиционер, қауырсын т.б. Бала өзіне міндеттелген тапсырманы қаншалықты оңай орындауы мүмкін, ешқандай қиындықтар кездескен жоқ па, егер кездессе олар қалай байкалды; бала дыбыстарды айырып және бөліп алама немесе баска дыбыстармен алмастыра ма, немесе тапсырманы мүлдем орындай алмай ма; талданған сөзден дыбыстардың жүйелігі айқындала ма, тексеру барысында анықталған
мәліметтерді логопед жазып алады. Баланың дыбыстарды айыру-дағы жіберетін қателері неғұрлым көп болса, демек сөздің дыбыстық құрамы туралы түсінігі таяз болса, соғұрлым ол дыбыстарды нашар талдайды, оқу мен жазуды меңгеруге дағдыланғанға дейін соншалықты қиналады.
24,25,26,27 осы сұрақтардың жауаптары барлығы бір-біріне ұқсайды, сондықтан ортақ жауап жаздым.
Сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға дайындығы
Оқуға деген мотивацияны қалыптастыру әдістемесі
26 Сөйлеу тілі бұзылған балаларды сауат ашуға үйретуді ұйымдастыру және жұмысының мазмұны.
27 Сөйлеу тілі бұзылған балаларды оқуға үйрету мен тілін дамыту жұмысының мазмұны.
Балаларды мектептегі оқуға дайындаумен байланысты, псих-пед проблемалар өзектігі туындайды. Баланың мектепте сәтті оқуының алғышарты болып, оның дайындығы табылады. Сөйлеу тілі бұзылысы бар мектепке дейінгі ересектер тобындағы балалар үшін бұл мәселенің шешілгендігі өте маңызды. Себебі, бұл аталған балалардың ерте әлеуметтік бейімделу мәселесімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде зерттеудің мағлұматтары бойынша биологиялық және әлеуметтік себептер салдарынан сөйлеу тілі бұзылыстары көптеп кездеседі. Мд жастағы балалардың арасында стб ішіндегі кең таралғаны ЖСТД. Мд ЖСТД балаларды тәрбиелеп, оқыту жүйесі сөйлеу тілі кемістігін түзетуді және сауат ашуға дайындығын толыққанды дайындауды көздейді. Мектепке дейінгі ересектер тобындағы ЖСТД балалардың сауат ашу мәселесіне қызығушылық заманауи жағдайда әрекет ретіндегі оқу мен жазудың рөлімен негізделеді. Оқу мен жазу адамдардың жалпы білім алуға дайындығын қалыптастырады. Тұлғаны жетілдіріп, тәртібін реттейді.
Сауат ашуға дайындық түсінігі балалардың мектеп табалдырығын аттауы, оның өміріндегі маңызда қадам. Ол бала дамуының әлеуметтік дамуын өзгертеді. 1-сыныпта оқи алу үшін дайындық керек. 7 жасар бала сауатты түрде фразаны, байланыстырып сөйлеуді, мектепке дейінгі тобының бағдарламасында көрсетілген білім, білік дағдыларын көлемін меңгергені маңызды. Балабақша білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып табылады және балаларды мектепке дайындаудың маңызды қызметін атқарады.
Дұрыс сөйлеу тілі – баланың мектепте оқуға дайындық көрсеткіштерінің бірі. Сауаттылықпен оқуды меңгерудің кепілі болып табылады. Себебі жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеу тілінің негізінде пайда болады. ЖСТД және фонематикалық естуі жетілмеген балалар келешекте дисграфиясы мен дислексиясы бар балалардың қатарына қосылуы мүмкін.
Сауат ашуға оқыту процесіндегі міндет мд балалардың тілдің дыбыстық жүйесінде жалпы бағдарламаны қалыптастыру, сөзге дыбыстық талдау (сөздегі дыбыстардың кезектілігін белгілеу, дыбысты ажырату, оның сапалық қасиеттерін белгілеу) жасауға үйрету болып табылады. Ересектер тобындағы балаларды сауат ашуға дайындық түсінігін былай түсіндіруге болады:
жалпы және ұсақ моторикасы;
қимылдың тепе-теңдігі;
кеңістік, уақыт туралы түсініктері;
ырғақты сезінуі;
көру-кеңістіктік түсініктері;
фонематикалық жүйені қалыптастыру.
Балалардың мектепте жақсы оқуы мектепке дейінгі дайындық деңгейінің негізіне байланысты, ол балада физикалық, ой-өрісін, адамгершілік қасиеттерін, жалпы психологиялық, арнайы дайындығын қалыптастыру. Мектепте оқу үшін балалардың жалпы дамуының жоғарғы деңгейде болғаны қажет, оқуға деген құштарлық, ой-өрісінің белсенділігі, қызығушылығы, тәртібінің жақсы болуы қажет. Балалардың мектепте оқуға дайын-дайын еместігі көбінесе сөйлеу тілінің даму деңгейімен белгіленеді. Себебі, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі арқылы бала барлық білім жүйесін меңгереді.
Бүгінгі таңда 1-сыныпқа түскен оқушыларға талап өте жағары. Оқыту бағдарламалары күрделенген және әртүрлі дидактикалық материалмен қамтылған. Ал оларды бала оқу арқылы меңгеруі керек.
Сөйлеу тілінің қорытындысы бар ЖСТД бала жалпы мектепке барғанда қиындықтарға тап болады. Жазбаша және ауызша оқудағы қиындықтарға тап болады. Алайда мектептің барлығында логопедтің ставкасы жоқ. Сондықтан осы балаларды сауат ашуға оқытуды арнайы әдістемелер бойынша мектепке дейінгі жаста бастау қажет. ЖСТД балалардың қателері мен қиындықтарын талдау нәтижесінде олардың оқу бұзылыстары сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің жетілмеуінен болады. ЖСТД 3 деңгейдегі балалар қарапайым оқу мен жазу дағдыларын меңгереді, алайда фонематикалық жағының сөз қоры, грамматикалық жақтарында қателер көп болады. Мұндай балалар үшін бірнеше жылдар бойы жүйелі түрде ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру және сауат ашуға дайындау және дыбыстық талдау мен жинақтау, жалпы және ұсақ моторикасын жетілдірубойынша жұмыстар аса маңызды.
М.М.Кольцова экспериментті түрде балалардың саусақтарын жаттықтырғанда сөйлеу тілі жылдам дамып, жетілуін дәлелдеген. Бейнелеу сабақтары уақытылы өткізілетін болса , балалардың көріп есте сақтауы, көріп қабылдауы, көру зейіні, кеңістікті бағдарлауы дамып, кейін оқуға үйренудің негізін салады. Балалрдың сурет салу қабілеті, көшіріп сызуы балалардың сауат ашуға дайындығының қажетті элементі болып табылады. Сондықтан балалардың мектепке дайындығының негізгі маңызды параметрі болып табылатын жетекші қолдың ұсақ моторикасының даму деңгейі болып табылады. Ол өз кезегінде жазу дағдыларының қалыптасуының жылдамдығы мен жеңілдігін белгілейді.
