Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с а отв.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251 Кб
Скачать
☆

35. Сөздің буындық құрамын тексеру

Тексеру барысында сөздің буындық құрамын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Сөздің буындық құрамының бұзылуының төмендегідей түрлері кездеседі:

- буын санының қысқарылуы (бапан-балапан);

- буындарды жеңілдету (үтель-үстел);

- буын қосу (қарағаш–қарағағаш);

- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал);

- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ).

Кейбір балалардың сөздің буындық құрылысының бұзылатындығы байқалады. Бұндай балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады немесе мүлдем айтпай түсіріп қалдырады немесе керісінше артық дыбыстарды және буындарды қосып алады. Мысалы, “ескек” сөзін “екесек” деп, “кітап” - “каптап”, “бұтақ” - “бақ” деп өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің буындық құрылысының бұзылғандығын көрсетеді. Бұндай жағдайлар әсіресе үндестігі жағынан ұқсас дыбыстардың қатар келуінің салдарынан немесе қос сөзден құрылған күрделі тіркестердің қиындығынан жиі болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін тексерген кезде берілетін тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің басында, ортасында, соңында дауыссыз дыбыстардың қатар келіп айтылуын қиындататын құрылысы әр түрлі буындардан тұратын сөздерден іріктей білу қажет. Бала алдымен бейнелі суреттегі көрсетілген оқиға желісін өз сөзімен өз бетінше айтып береді, сосын айтқан сөзін қайталайды. Балаға берілген бейнелі суретте тексеруге пайдаланатын сөздер көптеп кездесетін болу керек. Мысалы, кітап, дәптер, ескек, милиционер, шар, бұтақ, бала, тарақ, жапалақ, теңіз, терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б.

Дыбыстардың дұрыс айпауын, бұрмаланған сөздерді жазып алады. Құрылысы бұзылған сөздер мен буындардың түзетілуі жеке дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарға қарағанда біраз қиындыққа түседі және әжептеуір ұзаққа созылады. Балада бұндай ақаулықтардың жиі болуы оның жалпы сөйлеу тілінің толық дамымағандығын көрсетеді.

36. Мектепке дейінгі балаларды оқуға үйретудегі дыбыстық талдаудың орны.

Сөзге дыбыстық талдау жасау арқылы баланың сөзді түсінуі, сөздің дыбыстық құрамын, сөздегі дыбыстардың орнын, түсінуін, олардың орналасуы мен кезектілігін анықтаймыз.

Дыбыстық талдау жасау жасағанда дауысты дыбыстарды қызыл текшемен, дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілеп және балаларға жуан, жіңішке, қатаң, ұяң, үнді терминдерімен таныстырамыз.

Баланы оқуға үйретуде дыбыстық талдау маңызды рөл атқарады

Дыбыстық талдау арқылы балалар сөзді буынға бөлуді, буынды дыбысқа, ал дыбыстардың әріптерден тұратынын үйренеді.

37) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі

Оқуының жағдайын тексеру үшін арнайы іріктеліп алынған сөйлемдерді пайдаланады, егер бала нашар оқитын болса, онда әріптерді оқып талдаудан бастайды. Осы мақсатпен ысқырық және ызың, ұяң және катаң әріптерді атауды ұсынады, ал егер сөйлеу тілінің ақаулығына байланысты айта алмаса, онда ол әріптерді сөздің құрамынан немесе қолмен жазылған және таңбалы нұсқасын көрсетеді. Бала берілген әріптерді бірден танитын, танымайтынын анықтаудың манызы бар. Бұдан кейін буындарды ОҚУДЫ тексереді. Құрамында қатар тұрған дауыссыз және дұрыс айтылатын да, дұрыс айтылмайтын да дыбыстары бар буындарды алдымен тура, сосын керісінше буындарды оқытады. Бұдан кейін сөздерді оқуға көшеді. Оқуды тексеру үшін алдымен жәй сөйлемдерді, сосын дыбыстық және морфологиялық құрамы бойынша күрделілеу сөздерді іріктеп алады. Оқытуға пайдалануға жарайтын сөздер: Марат, Рахат, Жанат, көрпе, тері, сағат, шана, тақия, қалпақ, қарлығаш, перде, дана, сабын, шапан. Бала оқыған сөздерін түсінетін, түсінбейтіндігін міндетті түрде тексеру керек. Бұны анықтау үшін оқыған сөзіне бір мағыналы сөздерді іріктеп алып, оны сөйлемнің құрамына еңгізуді, сосын соған лайықты суретті іздеуді ұсыну арқылы жасайды. Түсінігін тексеру үшін бейнелі суреттердің және дыбыстың құрамы бойынша ұқсас сөздердің арнайы жиынтығын ұсынуға болады. Әрбір зат және әрбір сөз жеке-жеке анықтамаларда (карточкада) бөлек көрсетілген. Балаға анықтамада таңбаланған кез келген бір сөзді оқытады да, сол сөзбен аталатын затты басқа заттар бейнеленген суреттердің арасынан тауып алуды ұсынады. Мысалға берілетін сөздер мен соларға лайықты бейнелі суреттер: мысық, тышқан, қоян, түлкі, шалғы, бала, сағат, қасық, кітап, күрек. Бала оқығанын қалай түсінгені сұраққа жауап немесе мазмұнын айтқызу арқылы міндетті түрде тексереді. Оқуын тексерген кезде баланың буынға бөліп немесе бүтін сөзді және жеке әріптерді іріктеп, олардан буын және сөз құрап оқитын ерекшеліктерін көрсету қажет. Оқуын тексеру барысында байқалғанның бәрі жазып алынады.