Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с а отв.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251 Кб
Скачать
☆

29 Сауат ашуға оқытудың ғылыми негіздері.

Сауат ашуға оқыту процесіндегі міндет мд балалардың тілдің дыбыстық жүйесінде жалпы бағдарламаны қалыптастыру, сөзге дыбыстық талдау (сөздегі дыбыстардың кезектілігін белгілеу, дыбысты ажырату, оның сапалық қасиеттерін белгілеу) жасауға үйрету болып табылады. Ересектер тобындағы балаларды сауат ашуға дайындық түсінігін былай түсіндіруге болады:

  • жалпы және ұсақ моторикасы;

  • қимылдың тепе-теңдігі;

  • кеңістік, уақыт туралы түсініктері;

  • ырғақты сезінуі;

  • көру-кеңістіктік түсініктері;

  • фонематикалық жүйені қалыптастыру.

Аталған компоненттердің қалыптаспауы салдарынан ересектер тобындағы балаларда сауат ашуға үйретуге теріс көзқарас қалыптасуын туындатуы мүмкін.

Сөйлеу тілін меңгерудің маңызды алғышарты болып, моториканың дамуы, сөйлеу моторикасының дамуы болып табылады. В.М.Бехтерова, А.Н.Леоньтев, А.Р.Лурия, П.Н.Анохиннің еңбектерінде қолдардың әртүрлі қозғалыстарының, жүйке жүйесі әрекетінің әсіресе сөйлеу тілі дамуына тигізер әсері туралы айтылған.

М.М.Кольцованың зерттеуі бойынша балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейі қолдардың ұсақ моторикасының қалыптасуына байланысты. Ол мынандай қорытынды шығарған: «Сөйлеу тілі аяларының морфологиялық және функционалды қалыптасуы қолдардың кинестетикалық импульстарына байланысты». Қолдың ұсақ моторикасы дамуының жоғары деңгейі, бас миы қабығының функционалды жетілуі, баланың оқуға психологиялық дайындығы туралы айтады.

Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар бас миы қабығының жұмысқа қабілеттілігі мен тонусын көтеру құралы болып табылады.Мұндай ойындар барысында балалардың зейіні, есту-көру моторлы есте сақтауы жетіледі.

Ересектер тобындағы балаларды сауат ашуға оқыту үшін қажетті болатыны: кеңістік туралы түсініктерін қалыптастыру. Кеңістік түсініктеріне заттардың формасы, мөлшері, орны және орнының ауысуымен қатар, оқу мен жазу барысындағы сөз құрамындағы дыбыстар мен әріптердің кезектілігі жатады.

П.Ф.Лесгафттың айтуы бойынша әрбір саналы жұмыс кеңістік, уақыт, оны реттеу білігін түйсінуді талап етеді. Кеңістік-уақыт туралы түсініктерінің жеткіліксіз қалыптасуы оқу мен жазу үрдістерінің дамуына ізін салады.

Сауат ашуға дайындықтың тағы бір компоненті – ритмді сезіну болып табылады. Ол адамдардың әртүрлі әрекеттерінде көрінеді. И.Н.Садовникованың айтуы бойынша ритмді сезіну – ол уақыт қатарындағы ритмикалық түрде ұйымдастырылған элементтерді қайталағанда байқалатын қабілеттілік.

К.Д.Ушинский графикалық дағдыларды меңгеруді қарастыра отырып, айқын каллиграфиялық жазудың негізі – ол жазу кезіндегі қол саусақтарының ритмикалығы деген. Ритмді сезіну буындарды, дауысты, дауыссыздарды оқыған кездегі оқу процесіне де қатысты.

Жазу үрдісіндегі қозғалыс ритмі оның нәтижесінде көрінеді: әріптердің барлық элементтері дұрыс ара қашықтықта, биіктігі бірдей болғандағы жазу ритмикалық өрнекке ұқсайды.

П.Л.Горфункельдің ойынша, бастап үйренгеннің жазуы әріптер туралы көру түсініктеріне сүйенуіне байланысты екен. Алайда көру түсініктерінің рөлі жаза бастағанның жазу процесінде негізгі тірек болғанында емес,одан басқа көру түсініктері арқылы қалыптасқан жазуға тән есту-сөйлеу қозғалыстары қолдың қимылдарымен байланысты болғанында. Көрудің кері байланысының кешігуі жұмыс сапасының төмендеуіне әкеп соғады.

Жазу мен оқу процесін сәтті меңгеру үшін фонематикалық жүйенің деңгейінің жеткілікті қалыптасқандығы қажет. Ол ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің негізі болып табылады. Фонематикалық жүйе тіл фонемасының жүйесін құрайды. Онда әрбір бірлік мағыналы белгілер кешенімен сипатталады. Фонематикалық жүйе мына компоненттерден құралады:

  • фонематикалық қабылдау;

  • фонематикалық түсінік;

  • фонематикалық талдау мен жинақтау.

Бұл аталған компоненттердің бірінің жетілмеуі сөйлеу тілі дыбыстарын игерудегі, сауат ашуды меңгерудегі қиындықтарға әкеп соғады.

Қимылдың тепе-теңдігі сауат ашуға дайындықтың құрамасы болып табылады. Бұл дене бұлшық еттерінің бірлескен жұмысы, оның нәтижесінде қимылдар икемді, пластикалық, үнемді болады. Е.В.Гурьянов бойынша жазып үйреніп жүргендердің жазуының маңызды белгісі – жазып отырған қол қимылдарының тепе-теңдігін сақтай алмау болып табылады. Мұның салдарынан жазып отырған кезде тоқтап қалу, штрихтың жолдан шығып кетуі, қолдың дірілдеуі немесе тура еместігі байқалады.

Жазу кезінде жағымды психофизиологиялық жағдай туғызуға көңіл бөлу керектігі жөнінде айтады: бұлшық еттердің аса зорлануын бәсеңсіту, қимылдардың дұрыс координациясы арқылы қолдың қозғалғыштығын дамыту.