- •1.Пәннің мақсат, міндеттері, басқа пәндермен байланысы
- •2.Мектепке дейінгілерді оқуға үйретудегі дыбыстық талдаудың орыны
- •3.Баланың фонематикалық естуі және сөздерге дыбыстық талдау жасау білігі
- •4. Сауат ашудың алғышарттарының мектепке дейінгі балада қалыптасуының рөлі
- •5.Л.Е.Журованың мектепке дейінгі балалардың сауатын ашу әдістемесі (Подготовка к обучению грамоте детей 4-7 лет л. Журовой)
- •7.Т.И.Гризиктің сауат ашу және жазу әдістемесі
- •11. Н.А. Зайцевтің сауат ашу әдістемесі,мақсаты, міндеті.
- •12.Монтессорийдің сауат ашу әдістемесінің ерекшелігі.
- •13.Фонематикалық естуді қалыптастырудың жоспарына сипаттама.
- •14. Дыбыстық талдау функцияларын қалыптастырудың жоспарының сипаттамасы.
- •15. Дыбыстық жинақтау функцияларын қалыптастырудың жоспарына сипаттама
- •16. Сауат ашу кезіндегі түзету жұмысының теоретикалық және әдіснамалық негіздері, қағидалары
- •17. Сөйлеу тілін тексеру принциптері
- •18. Сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау тәсілдері
- •19. Сауат ашу сабағының мақсат, міндеттері, қойылатын талаптар
- •20. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •21. Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
- •22. Фонематикалық қабылдауын тексеру әдістемесі, қойылатын талаптар
- •23 Сөйлеу тілінің фонематикалық жағын тексеру әдістері
- •28. Баяу балалардың ерекшеліктері және оларды оқу-тәрбие жұмысында ескеру ерекшеліктері.
- •29 Сауат ашуға оқытудың ғылыми негіздері.
- •30. Сауат ашуға үйретудің аналитикалық-синтетикалық әдісінің ерекшеліктері мен мазмұны.
- •31. Сөзге дыбыстық талдау жасауын тексеру
- •32. Оқуын тексеру
- •33. Жазуын тексеру
- •35. Сөздің буындық құрамын тексеру
- •36. Мектепке дейінгі балаларды оқуға үйретудегі дыбыстық талдаудың орны.
- •37) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі
- •38) Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын тексеру әдістемесі
- •39) Сөйлемейтін баланың зейінін тексеру әдістемелері
- •40) Сөйлемейтін баланың есте сақтауын тексеру әдістемелері
- •41) Д. Б. Элькониннің оқуға бастапқы үйретудің әдістемесінің негізгі қағидалары
- •43 Сөйлеу әрекетінің теориясы (а.А. Леонтьев).
- •44 Балабақшадағы сауат ашудың мақсат, міндеттері
- •47 «Фонематикалық есту» мен «фонематикалық қабылдау» түсініктерінің мәні мен айырмашылығы. Фонематический слух ребенка и его умение проводить звуковой анализ слов
- •Обучение грамоте
- •49 Сөйлеу тілінің дыбыстық мәтениеті түсінігі, сипаттамасы, дамыту жолдары Место звукового анализа в обучении чтению детей дошкольного возраста
- •50 Мектепке дейінгі баланың дыбыс айтуды меңгеру ерекшеліктері
- •52. Баланың сауат ашуға және оқуға дайындығының көрсеткіштері
- •53. Сауат ашу мен жазу әдістемелерінің негізгі топтары, сипаттамасы
- •54. Сөздік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің сипаттамасы.
- •55.Сөздікті молайтуға арналған дидактикалық ойындардың мәні
- •56. Жазу мен оқудың психологиялық сипаттамасы
- •57. Сауат ашуға дайындаудың әдістемесі мен мазмұны (сөз, сөйлем құрамы, сөздің буындық құрамы).
- •58. Балаларды сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру.
- •59.М.Хамидулинаның сауат ашуға дайындық жұмысының мазмұны: Хамидулина р.М. Развитие речи. Подготовка к школе. Сценарии занятий
- •66.Байланыстырып сөйлеуін тексеруге арналған сұрақтар
- •71 Кеңістікте бағдарлауына
- •72 Фонематикалық қабылдауын тексеруге тапсырма
- •74 Артикуляциялық аппаратты дамытуға тапсырма
- •75 Артикуляциялық аппараттың қозғалысын дамытуға 4 тапсырма
- •77. Баланың сауат ашуға және оқуға дайындығының көрсеткіштері
- •78. Сауат ашу мен жазу әдістемелерінің негізгі топтары, сипаттамасы
- •79. Сөздік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің сипаттамасы.
- •80.Сөздікті молайтуға арналған дидактикалық ойындардың мәні
- •81. Жазу мен оқудың психологиялық сипаттамасы
- •82. Сауат ашуға дайындаудың әдістемесі мен мазмұны (сөз, сөйлем құрамы, сөздің буындық құрамы).
- •83. Балаларды сөздің дыбыстық құрамымен таныстыру.
- •84. Жазуды тексеруге тапсырма
- •85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту
- •86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.
- •87. Ұсақ моторикаға әдістеме.
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту
- •89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.
- •90. Диалогтық және монологтық с.Т тексеруге мысал
81. Жазу мен оқудың психологиялық сипаттамасы
Адамның жүйке жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің міндеті — баланың саналы қызметінің формалары мен даму заңдылықтарын білу және сол процеске, белгілі бағытта мақсат көздеп, әсер ету.
Сонымен психикалық даму дегеніміз, жалпы алғанда, адамнын, қалыптасуындағы сапалық және сандық өзгерістер, ал жекелеп алғанда, анатомиялық-физиологиялық есею, жүйке жүйесінің жетілуі білімінің артуы, сезім мен моральдық үғымдардың пайда болуы, психикалық процестердің қайта құрылуы, дүниеге көзқарастың қалыптасуы, белсенділік пен өзінше әрекет етудің көрінісі, белгілі бір мінез-құлыққа дағдылану.
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.
Мектепке алғаш қелген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, «оқу аумағы» тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аумағы» кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мүндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол кеп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық қелтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни «ақ аю», «сары ала» сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.
Сауат ашу барысында баланың жазу процесінде де айтарлықтай ерекшеліктер ксздеседі. Алғашқы қезде бала ежіктеп оқыған сияқты, әр әріпті таңбалау барысында оның дыбысын дауыстап айтып отырады.
Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланысты, жүйелі бір қозғалысты (импульсті) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульс іске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқша, ілмек т. Б.) бір-бір импульс жүмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады: саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемінің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады.
Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды:
1) Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріпті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді. 2) Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін жүйке жүйесінен бірнеше толқын (импульс) жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.
Сауат ашу кезінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланыста болады.Жақсы оқи алатын бала таза да сауатты жаза біледі, ал , жазуды жақсы меңгерген оқушы оқуды жеңіл меңгереді.Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыныптан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы – бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына жазуға төмендегі талаптар қойылады, және бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
· әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
· әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы қылмай, тегіс, бірдей жазу;
· әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай сәл көлбете жазу;
· әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап отыру, бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
· түрлі диктанттар жаздыру, әсіресе, сөздік диктантының маңызы зор.
· сөздікпен жұмыс істету.
· тақырыпқа байланысты орындау шарты әртүрлі болып келген жаттығуларды орындату;
· сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан дұрыс көшіріп жазуға мән беру
