Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с а отв.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
251 Кб
Скачать
☆

78. Сауат ашу мен жазу әдістемелерінің негізгі топтары, сипаттамасы

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;

б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің, арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;

г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.

Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле (оңға 65) қойылады;

ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады. Тізені қатты бүкпей,

бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын я алға, я артқа сілтемей отырғаны дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жен;

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25—30 см сақталуға тиіс.

Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек. Өйткені ұзақ уақыт бір-екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе, бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан үш — бес минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.

Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба танбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

79. Сөздік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің сипаттамасы.

А. Байтұрсынұлының қазақ балаларына арнап ана тілінде сауат ашу мақсатымен жазылған «Оқу құралы» атты еңбегінде сөздер мынадай тақырыптарға жіктелген: туысқан-туған іліктес, киімдер, ойын-ойыншықтар, тамақтар-сусындар, дене мүшелері, үй саймандары, ыдыс-аяқ, малдар аты, малдан басқа төрт аяқтылар т.с.с. [12]. Тіл дамыту жұмыстарына тірек болатын лексикалық бірліктерді сұрыптау барысында әдіскер ғалым оларды тақырыптық топтарға жіктеп берген. Бұл орайда әр тақырыптық топқа енетін зат атауларын балаларға жинақтап ұсынуды мақсат еткен сияқты. Ғалымның әліпби оқулығын оқытуда балалардың тіл дамыту, тіл ұстартуға арналған тапсырмаларын да тақырыптық топтарға жіктегенін көреміз. Сол арқылы бір жағы, лексикалық бірліктердің қандай тақырыптық топтарға жататынын көрсетуді мақсат етсе, екінші жағынан баланың қажетті лексикалық бірлікті сол тақырыптық топтың ішінен таңдап алып, сөйлем немесе сөз тіркесін құруда, ойын жеткізуде пайдалану үшін қолдануына мүмкіндік берген. Сонымен қатар, мұнда қазақ ұғымына тән, қазақ тұрмысында жиі қолданылатын, көп кездесетін зат атаулары берілген. Сөздікпен жұмыс – орыс бөлімдеріндегі тыңдаушыларға мәтін арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі өзекті жолдың бірі. Сөздік жұмыстарын жүргізу арқылы тыңдаушылардың айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым әрекеттерін қалыптастырып, қазақша қарым-қатынас жасауға үйретудің алғашқы баспалдақтары қаланды.

Мәтіннің соңында берілген сөздік сол мәтін бойынша жасалған «актив сөздік» деп саналады. Ал барлық мәтіндер жүйесінің соңында берілген сөздік – мәтіндер бойынша және тыңдаушының күнделікті қолдануына қажетті деп саналған белсенді сөздік қор жасауға керек сөздерден құралады.

Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі тыңдаушылардың:

-         жеке сөздің мағынасын танып-білуін;

-         сөздің қандай құрамнан тұратынын талдап тануын;

-         сөздің қай табына жататынын айырып тануын;

-         сөздің келесі сөзбен тіркесу мүмкіндігін танып-білуін;

-         сөздің сөйлем мүшесі, абзац мүшесі, мәтін мүшесі болу синтаксистік қызметін түсінуін мүмкін ететін әдістерден тұрады.

Сөздікпен жұмыс жасау барысында оқытушы бірнеше әдістемелік алгоритмдерді басшылыққа ұстайды:

1)     мәтін соңындағы қысқа сөздіктегі сөздердің әрқайсысының мағынасы бойынша комментарий беріп өтеді;

2)     сөздіктегі сөздердің түсіндірме сөздіктегі мағыналық әртүрлі реңктерін көрсетеді;

3)     тыңдаушы танысқан сөз мәтіннің ішінде бірден тани алуы үшін оның құрамы мен мазмұнына ерекше назар салатын бір әдіс қолданады.

4)    Сөздерді таныстырып болған соң оны оқуға және тыңдауға көбірек жаттықтырған дұрыс. Сол арқылы студенттің санасында сөздің дыбыстық және жазбалық бейнесі сақталады.

Тыңдаушының сөздік қорының қалыптасуы фонетикалық, грамматикалық қоры қалыптасуына өзгеше болып келеді. Әр сабақ сайын толықтырылып отырылатын сөздік қор – қазақша ұғымдарды білдіріп, тыңдаушының ойлауы қалыптасуына, соның негізінде сөйлемді дұрыс құруына негіз болады. Тыңдаушылардың сөздік қорын байытудың негізі – оның тілдік санасына таңдалған лексикалық элементтерді енгізу болып табылады. Орфографиялық сөздік – оқушылардың дұрыс жазуына көмектесетін құрал. Оны 4-сыныптан бастап, оқушы күнделікті оқу жұмысында пайдалануға тиіс. Ол үшін арнайы оқушылар үшін жасалған сөздіктер де бар.

Мұғалім оқушыларға сөздікті пайдалануды үйреткенде сыныпта барлық сөздің жазылуын үйрету мүмкін еместігін, дербес жұмыстармен шұғылданғанда, мазмұндама, шығарма жазғанда жазылуы күмән келтіретін немесе тіпті қиын сөздерді карап тауып алуға болатынын ұқтырады. Бірақ кез келген сөзді сөздікке қарап жазудан сақтандыру керек. Олай дағдылаған оқушы дұрыс жаза алмайтын болады. Сондықтан «Орфографиялық сөздікке» сөздің дұрыс жазылуы туралы күмәнданғанда ғана қарауын ескерткен жөн. Сонымен бірге орфографиялық сөздіктен бас әріппен жазылу не жазылмауы туралы, тасымал, тыныс белгілерін іздемеуді ескертіп отыру керек. Сөздіктен қажетті сөздерді тез табу – алфавит тәртібін жақсы білуге байланысты. Сқндықтан мұғалім сөздікті пайдалану оқушының өз еркіндегі жұмыс деп қарамай, оған дағдыландырып отыру керек. Мысалы, емлелік ережені өткен соң, оның мысалдарын сөздікпен салыстырып таптыру, жаттығу не басқа жазба жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатқанда «Қане сере қойыңдар» дегендей сұрақпен тез орындауды қадағалаудың тиімді жағы мол.Сонымен, орфографиялық сөздікпен жұмыс істеу процесі ешқандай тақырып таңдамайды, ол – тіл материалын үйренуге қатысты барлық кезеңде қолданылатын көмекші құрал. Түсіндірме сөздік – сөз мағынасы мен сөздің қолданылу аясын үйрететін құрал. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс істеу оқушының сөздік қорын молайтып, танымдық, білімдік жағынан білімдерін жетілдіреді.Түсіндірмелі сөздікпен өз мәнінде жұмыс жүргізілмей келеді. Түсіндірме сөздікте, әдеттегідей, сөз мағынасын және оның қолданылу аясын көрсететін мысал берілумен бірге, басқа да белгілер болады. Оқушы сөздің қай сөз табына жататынын, қай стильге қатыстығын немесе жалпылама қолданылатынын, жергілікті көңерген сөз екенін білдіретін белгілермен танылады. Мысалы, Әліппе, Зат, 1. Алғаш хат тынытуға арналған кітап. Қолға алдық қуанып, Тұңғыш рет әліппе. (С.Мауленов.) Аю, зат, 1. Ірі денелі аң. Екі дос келе жатып бір аюға ұшырасыпты. (Ы.Алтынсарин.) Ашулы, Сын. Ызалы ашуланған, Абай ашулы үн мен енді әмір ете сөйлейді. (М.Әуезов.) Бірінші сөзге берілген түсінікті мұғалім былайша талдау жасайды: 1) түсіндірілетін сөз; 2) грамматикалық белгі; 3) түсінік, сөздің мағынасы; 4) сөздің қолдануын көрсететін мысал. Екінші, үшінші сөзді оқушылар өзі оқып танысады да, оған мысалдар келтіреді. Сөздік құрылысымен осылай танысқаннан кейін мұғалім: - Түсіндірме сөздік не үшін қажет? – деген сұрақ береді. Оқушылар сөздің қай сөз табына жататынын, яғни оның лексикалық мағынасын білу үшін қажет екенін айтады. Сонан кейін мұғалім түсіндірілетін сөзге қарап, оның қалай жазылатынын еске түсіреді. Сөздің көп мағыналылығын, ауыспалы мағынасын өткенде түсіндірмелі сөздікті пайдаланып, сөз мағынасы біреу ғана болса, бір түсінік берілетінін, ауыспалы мағынасы болса, ауыспалы деген белгімен мысал берілетінін, ал ол сөздің омонимі болса, жеке сөз ретінде жазылатынын ұқтыру керек. Мұғалім тақтада немесе арнайы плакатта жазылған төмендегідей үлгіні ұсынады Аудар. – ет. 1. Қопару, төңкеріп тастау. Күрекпен ол жердің шымын аударды олар салып күшке. (Т.Жароков.) 2. Басқа жаққа ауыстыру, көшіру. Бір жерден екінші жерге аударғанда, қой жылдам жерсінеді. (М.Ермеков.) Ауыспалы әңгіме бағытын өзгерту. Ол әңгімені басқа тақырыпқа аударды. Атын аударып алды. Атын тартып алды. Жол бой атын аударып ап, ағайдың өзі жаяу кететін. 3. Аудар. – ет. Бір тілдегі сөзді екінші тілде айту (жазу.). Степаның сөзін Жүсіп қазақшаға аударды.Осы үлгі бойынша көп мағыналы, ауыспалы мағыналы сөздің, олардың фразеологиялық тіркесте қолданылуын, омонимін көрсетіп, талдау жасалынады. Ал антоним, синонимдер арнайы түсіндірме сөздікте берілмейді. Тек кейбір түсіндірілетін сөздің түсінігі синоним не антониммен берілуі мүмкін. Мысалы, жоғарыда берілген үлгідегі «аудар» деген сөздің түсінігін қопару деген синонимімен беріледі. Әрине, бұлай түсіндіру балаларға қиындау. Сондықтан бұл тақырыптарды өткенде синоним, антоним сөздігінен 1) мысалдарды пайдалану қажет. Түсіндірме сөздікті лексикалық ұғымдарды түсіндіруде де пайдалануға болады. Өйткені оқушылар әр пәнді оқумен орай жаңа сөздерді жиі кездестіреді, екіншіден, түсіндірілетін сөзден кейін сөз табын білдіретін белгіден кейін ир.(иран), ар. (араб), мед (медицина), авиа.(авиация), сөйл. (сөйлеу тілі), кітаб (кітаби), диал.(диалект) сияқты белгілерге қарап, басқа тілден енген сөздерді, кәсіби сөздерді, көнерген, диалектизмге, сөйлеу тіліне жататын сөздерді ажырату дағдысы қалыптасады. Қорыта айтқанда, сөздікпен жұмыс істеу оқушылардың білімін кеңейтіп, сөз байлығын арттыруға, сауатты жазуға, дұрыс, жүйелі сөйлеу дағдыларының қалыптасуына көмектесетін әдіс. Сондықтан мұғалім сөздікпен жұмыс істеуге айрықша көңіл бөліп отырғаны жөн.