- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
Акустикалық-гностикалық сенсорлы және акустикалық-мнестикалық афазияда науқастың жұмыс істеуге деген жоғары қабілеттілігі байқалады және сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге белсенді ұмтылады. Бұл кезде науқастың саруайымға түсуі байқалады. Сондықтан логопед оған үнемі қайрат беріп отыруы керек, үйге бірілген тапсырмалар ауырудың шамасына лайық болуы қажет. Логопед науқастың көңіл-күйі туралы дәрігерге уақытында хабарлап отыруы тиіс. Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияда түзету – педагогикалық жұмыстың міндеті фонематикалық есту қабілетін және оқу мен жазуының, экспрессивті сөйлеу тілінің екінші реттік бұзылуларын қалпына келтіру болып табылады. Логопед сақтаулы анализаторлардың оптикалық және кинетикалық жүйесіне және маңдай бөліктерінің қызметіне сүйенеді. Бұлар – бұзылған акустикалық-гностикалық функцияларының компесаторлы қайта құрылуының алғы шарттары. Фонематикалық қабылдауын ерте және резедуальді кезде қалпына келтіру бірыңғай жоспармен іске асырылады. Ерте кезде фонематикалық қабылдауының бұзылуы тым айқын көрінуімен ерекшеленеді. 285 Сенсорлы афазияның өрескел жағдайында қалпына келтіру жұмысының бас кезінде сөзсіз формалары пайдаланылады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – науқаспен қарым-қатынас орнату, ауыру жайында түсіндіру, науқастың оқу әрекетін ұйымдастыру (шамасына лайық тапсырмаларды орындау), зейін қоюын арттыру. Суретке қатысты қысқа сөздерді көшіріп жазып, жеңіл есептерді шығару тапсырмалары қолданылады. Көбінесе науқас көшіріп жазуға бірден кіріседі, бірақ көру есінде сөздің бірінші әріпін ғана сақтап қалады. Содан кейін жазып жатқан сөзге қатысы жоқ бірқатар әріптердің жинағын жазады. Науқасқа қатесін көрсетіп, әр әріпті тор көздерге бөліп отырып, көшіріп жазу түрі ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында науқас өз ауыруын жартылай сезе бастайды және қатты қайғырады. Кейін логопедтің барлық тапсырмаларын ұқыпты орындайды. Науқаспен жүргізілетін сөзсіз кезеңдегі жұмыс бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру жұмысы келесі кезеңдерден турады: бірінші кезең — ұзындығының, дыбыстық және ритмикалық бейнесінің қарама-қарсылығы бойынша сөзді дифференциациялау (жіктеу). Мысалы, (доп — балапан, көз — велосипед, тас — қалақай). Әр сөз жұбына суреттер іріктеліп алынады, ал жеке қағаз жолақшасына сөздер анық, түсінікті жазылуы тиіс. Науқас сөздің дыбыстық бейнесін суретпен және жазылуымен сәйкестендіреді. Оған біресе бір суретті алып, біресе екінші суретті алып, соған сәйкес келетін жазуды, керісінше жазуды сәйкес келетін суретті табу ұсынылады. Сонымен қатар, жеке сөздерді қабылдауын бекіту сөздерді көшіріп жазу, көшіріп жазу кезінде сөздерді қайталап айту және есту арқылы бақылауын дамыту барысында басталады. Ол үшін бір-екі буыннан туратын қысқа сөздер алынады. Науқастың акустикалық зейінін дамыту, оның оптикалық зейінін жандандырудан басталады. Екінші кезең — буындық құрамы жақын, бірақ айтылуы, әсіресе түбірі ұқсамайтын сөздерді дифференциациялау: бала — қара, балық — қалақ, қауын — жүзім. Жұмыс суреттерге, сурет астындағы жазуға, көшіріп жазуға, оқуға сүйене отырылып жүргізіледі, өз сөзіне акустикалық бақылау жасауы дамытылады. Үшінші кезең — буындық құрамы жақын, бірақ сөздің басындағы дыбыстарының айтылуы ұқсамайтын сөздерді дифференциациялау (тас — бас; түн — күн; бала — қала, ), бірінші дыбысы бірдей, ал соңғы дыбыстар ұқсамайды (қас — қар, көз — көл, бал — бақ). Науқасқа суреттерге, сурет астындағы жазуға сүйене отырып, белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді таңдап алу ұсынылады. Төртінші кезең — айтылуы ұқсас фонемдерді дифференциациялау (доп — топ, қас — құс, дос — тос, бас — бос, таға — жаға, түлкі — күлкі, т.б). Дыбыстарды біркелкі қабылдауын бекіту үшін тапсырмалардың әр түрлі нұсқалары қолданылады: сөзде немесе фразада жетіспейтін әріптерді, мағынасы сурет арқылы емес, фразеологиялық контексте анықталатын оппозициялық дыбыстары бар сөздерді жазу. Мысалы, науқасқа мәтінде 286 нүкте орнына тиісті сөздерді қой деп тапсырма беріледі: туш, душ сана, шана, т.б. Бесінші кезең — мәтіндегі белгілі әріпі бар сөздерді іріктеу арқылы дифференциалды акустикалық белгілері бар фонемаларды бекіту. Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру екі айдан 1-1,5 жылға дейін созылады. Өйткені, көп жағдайда сөздің мағынасын түсіну тек контексте ғана мүмкін болады және өз бетімен ойын жазу арқылы жеткізуде ұқсас фонемаларды ажырату әлі де ұзақ уақыт қиынға түседі. Сонымен қатар әр түрлі фразеологиялық контекстер арқылы сөздерді мағыналық сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізіледі: суретте үшкір заттарды таңдап көрсету; ағаштан, темірден немесе шыныдан жасалған заттарды көрсету; ыдысқа, еңбек құралдарына, аяқ киімге, көлікке жататын заттарды көрсету, т.б. Бұндай сөздің мағыналық байланысын жаңғыртуға бағытталған жұмыс қатынас кезінде сөздерді таңдауын жеңілдетіп, вербальді парафазиялардың санын төмендетеді. Самай бөліктерінің екі жақты зақымдалуының салдарынан болған акустикалық агнозия мен акустикалық-гностикалық афазияның үйлескен кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуде қиыншылықтар ең көп кездеседі. Сөйлеу тілін қалпына келтіру сақтаулы ішінен оқу, ерінге қарап оқу және естіп қабылдауының қалдық мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізіледі. Бұл оқып, көру арқылы қабылдаған фонеманың артикуляциялық позициясын салыстыруға, есту арқылы қабылдаған дыбыс сигналдарына еліктеп қайталауына мүмкіндік береді. Вербальді парафазиялардан арылту заттың әр түрлі белгілерінің және әрекеттерінің ұқсастығы және айырмашылығы, қызметі, категориялық белгілері бойынша талдау арқылы жүзеге асады. Науқасқа тастап кеткен етістікті және зат есімді сөздерді толтыру, етістікке зат есім мен үстеуді, зат есімге етістік пен сын есімді сөздерді іріктеу, т.б. ұсынылады. Кейбір жағдайда науқасты сөйлеген кезде түзетуге болмайды, өйткені оның жанын жаралап, қарым-қатынасты бұзып алуға болады. Логопед өзінің күнделігіне вербальді парафазияларды жазып отырады, оларды талдау негізінде осы кемістікті жоюға бағытталған жаттығулар іріктеп алады. Көпсөздліктен және аграмматизмдерден арылту үшін науқасқа сөйлемнің схемасы, үш-бес сөзден тұратын сөйлемдердің үлгісі ұсынылады. Афазия кезінде экспрессивті сөйлеу тілін қалпына келтірудің тиімді тәсілдерінің бірі - жазбаша сөйлеу тілін қолдану болып табылады. Науқасқа берілген қарапайым сюжетті сурет бойынша фразалар және мәтін жазу ұсынылады. Мұндай тапсырмалар науқасқа керекті сөзді тауып, айтатын сөзін өңдеуге мүмкіндік береді. Зат есім, етістік және есімдіктердің қиысуындағы қателерді жою мәтінде тастап кеткен флексияларды қою арқылы жүзеге асады. Оқу, жазуын қалпына келтіру, фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру жұмысымен қатар жүреді. Жазуын қалпына келтіруден бұрын, жұмыс сөздің дыбыстық-буындық құрамын талдауына негізделген оқуын қалпына келтіруге бағытталады. Сөзді дауыстап айтуға тырысу, сөздегі 287 дыбыстардың алмасуына байланысты сөздің мағынасы өзгеретінін түсіну, аналитикалық оқуын, кейін жазуын қалпына келтірудің негізін қалайды.
