- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
15. Акустикалық-гностикалық афазия
Акустикалық-гностикалық (сенсорлы) афазия Алғашқы рет акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны сипаттап берген К. Вернике. Афазияның аталмыш түрі сол жақ жартышардың артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысының зақымдануынан пайда болады (Вернике аймағы, 22 алаң). Тіл дыбыстарының акустикалық талдау мен жинақтауының ақаулығы табылады. Бұның салдарынан фонематикалық естуі бұзылады. Фонематикалық естуінің бұзылуы, сенсорлы афазияның негізгі ауытқуы болып, импрессивті сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстарына әкеледі. Тілдің парадигмалық жүйесі фонема денгейінде бұзылады. Орыс, қазақ тіліндеге өзара байланысты фонемаларды танып білуі мен қарсыластыруы келесі критерийлер бойынша бұзылады: 1) ұяң – қатаң; 2) жуан – жіңішке; 3) назальды – назальсыз және т.б. Сенсорлы афазияға ұшыраған адам дыбыстардың осы белгілерін жеке қабылдай алмайды, сондықтан оларды біркелкі естіп айтады немесе ұқсас фонемаларға алмастырып айтады. Мысалы, доп – топ; асық – азық; ұсақ – ұзақ, т.б. Бұл негізгі ауытқуға – сөйлеу тілді түсінудің бұзылуына әкеледі. Афазияның қарастырылып отырған түрінің клиникалық көрінісі «сөздің мағынасынан айыру» феноменімен, сөзді, қаратпа сөзді түсінуінің бұзылуымен көрінеді. Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияның нейропсихологиялық синдромы ауызша импрессивті сөйлеу тілдің барлық түрлерінің бұзылыстарын, оқу мен жазудың бұзылуын, дыбыстарды талдауының ауытқуларының салдарынан ауызша есептің бұзылуын (есту арқылы), ритмды жаңғыртуының бұзылуын, эмоционалды реакцияларының тұрақсыздығымен, жеңіл түрдегі қозғыштықпен, қобалжушылықпен сипатталатын ерік-жігер аймағының бұзылуын қосады. Психологиялық көрінісінде әуелі сөйлеу тілінің эмоционалды-мәнерлі компонентерінен басқа барлық қызметтерінің бұзылыстары байқалады. Сенсорлы афазия кезінде сөзді түсінуінің бұзылуы көрніс табады. Бұл ең қарапайым сөздерді, нұсқауларды түсінбеуінен басталады. Дегенмен, кейбір жағдайда афазияның мәлім формасы бар адамдар айтылған сөздің жалпы мағынасын қағып алады. Сөзді түсінудің үш деңгейі ажыратылады (В. 283 М. Шкловский, Т. Г. Визель). Бірінші (өрескел) деңгейі сөзді түсіну көлемінің күрт шектелуімен сипатталады. Екінші (орташа) деңгейі ситуативті сөзді жалпы түсінуімен сипатталады. Бұл жағдайда ситуативсыз сөздің күрделі түрлерін түсінуі қиын болады. Үшінші (жеңіл) деңгейінде сөзді біршама еркін түсінуі байқалады. Дегенмен, реттілікпен логикалық операциялар істеуді қажет ететін толық мәтіндерді қабылдау кезінде белгілі қиындықтар туындайды. Кейбір жағдайда мидың самай бөліктерінің екеуінің (сол және оң) бірдей зақымдалуынан ауыр акустика-гностикалық афазия акустикалық агнозиямен үйлескен болады. Фонематикалық естудің бұзылуымен қатар есту арқылы дауыстың тембрі, сөз ырғақтылығы бұзылады, сөзсіз дыбыстар ажыратылмайды: жапырақтардың сыбдыры, машинаның дауысы, т.б. Акустикалық-гностикалық афазияда спонтанды сөйлеу тілінің үш деңгейін ажыратады. Бірінші (өрескел) деңгейінде спонтанды сөйлеу тілі кездейсоқ дыбыстардың, буындардың, сөз тіркестердың құрамасынан тұрады. Бұл «жаргонафазия», «сөз окрошкасы» немесе «сөздік салат» деп аталатын болды. Өзін-өзі бақылау деген мүлдем байқалмайды. Жаргонофразия әдетте 1,5-2 айға дейін созылады, кейін логорея (көп сөйлеу) орын алады. Екінші (орташа) деңгейі литеральді және вербальді парафазиялармен, логорея элементтерімен сипатталады. Сөйлеу жылдам болады, бірақ сөз ішінде және сөздер арасында кідірістер байқалады. Бұл науқастың өзін-өзі бақылауға әрекетенетінін білдіреді. Сөйлеудің лексикалық құрамында әр түрлі сөз таптары кездеседі, бірақ етістік, есімдік, одағайлар басым болады. Үшінші (жеңіл) деңгейі сөйлеу тілінің қалыптасуының кеш кезеңдеріне тән, сөйлеу тілі айтарлықтай толық, лексикалық құрамы және синтаксистік құрылымы бойынша алуан түрлі. Көмекші сөз таптары атаушыларға қарағанда басым болады. Дыбыс айтуында қиыншылықтар кездеспейді. Сөйлеу кейбір кезде «таңырқатқыш», «мәнерлі» стилистикалық түрде болады. Фонематикалық есту қабілетінің бұзылуынан сөз қайталауы екінші ретте зақымдалады. Сөз қайталаудың бұзылыстарының әр түрлі нұсқалары кездеседі. Өрескел түрінде жақсы таныс сөздер көптеген бұзылыстармен айтылуы мүмкін. Орташа түрінде акустикалық ұқсас дыбыстар алмастырылып айтылады. Фразаларды қайталау кезде сөйлемнің ұзындығы, оның синтаксистік және просодикалық «суреті» сақтаулы болып келеді, бірақ лексикалық құрамының өрескел бұзылыстары байқалады. Жеңіл түрі қайта қалыптастырылған спонтанды сөйлеу тіліне шамамен сай келуімен сипатталады. Күрделі сөз конструкцияларында парафазиялар орын алады. Өрескел түрінде қойылған сұрақтарды түсінбеуінің салдарынан диалогтік сөйлеу тілі аса шектеледі. Орташа түрінде диалог мүмкін, бірақ жауаптар әрқашан хабарлатындыратын сипатта болмайды. Жеңіл түрі мағыналық құрамы күрделі сұрақтарды түсінуінде жеке қиындықтар туындайтынымен сипатталады. Жазбаша сөйлеу тілінің өрескел бұзылуында оқу процесінің ыдырауымен, жеке әріптерді танып, оқуын білмеуі сенсорлы афазия кезінде көрінеді. Тек өз аты-жөнін жаза алатын ғана деңгейде болады. Орташа 284 деңгейде дауыстап оқуы мүмкін, бірақ эксперессивті сөйлеу тілінде кездесетін бұзылыстар орын алады. Сөзді, жай фразаларды көшіріп жазуы сақтаулы, дегенмен диктант жазғанда көптеген қателер жібереді. Жеңіл деңгейде фразаларды және мәтінді еркін оқиды. Дыбыстық және мағыналық құрылысы күрделі элементтерде жеке бұзылыстар жібереді. Жазуында өрескел қателер кездеспейді. Сенсорлы акустикалық-гностикалық афазияда санақтың өрескел бұзылулары ең алғашқы сәтте байқалады, өйткені санақ операцияларына кіретін сөздерді қайталауды талап етеді. Науқастар нұсқауды түсінбей жатып есептермен арифметикалық операциялар орындамай, оларды көшіріп жазады, сол кезде сандарды дұрыс жазбауы мүмкін. Мысалы, 3 + 2 = 3 +2,3 + 2 = 15, 5 + 2 = 3. Инсульттан кейінгі алғашқы сәтте өрескел акустикалық-гностикалық афазияда диктант жазу тұрмақ, көшіріп жазуы да бұзылады. Науқастар сөйлеуінде өз ауытқуларын сезбейді, көшіретін сөздің образын көру арқылы қағып алып, бақылаусыз жаза бастайды. Сөзді бақылаусыз көшіріп жазған кезде олар артық әріптерді жазады. Мысалы, дыбыстардың белгісіз құрамасын үздіксіз қайталай отырып бас деген сөзге кіретін үш әріптердің орнына сегіз-он әріп жазуы мүмкін. Сақтаулы оптикалық бақылауын үнемі іске тарту сөздің әріптік құрамын бірте-бірте болжытпай көшіруге үйретеді, бірақ есту диктанттарында әлі ұзақ мерзім литеральді параграфиялар байқалады.
