- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
Акустикалық-мнестикалық афазияны түзету-педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері – есту-сөйлеу есінің бұзылуын жою, заттың негізгі белгілері туралы көру елестерін қалпына келтіру, сонымен қатар экспрессивті аграмматизмдер элеметтерін және амнестикалық қиындықтарын жою. Нейропсихологиялық тексеру барысында акустикалық-мнестикалық афазияның нұсқасы анықталып, түзету-педагогикалық жұмыстың бағдарламасы құрылады. Акустикалық-мнестикалық афазия кезіндегі бұзылыстарды түзетуде логопед сөйлеудің түпкі ойын кодылау (кодирование), заттың белгілерін сипаттау, сөзді әр түрлі контекске еңгізу, науқасқа есту-сөйлеу жүктемесінің әр түрлі көлемін сақтауға мүмкіндік беретін сыртқы сүйеніштерін құру механизмі пайдаланылады. Есту-сөйлеу есін қалпына келтіру, көріп-қабылдауына сүйене отырып қалпына келтіріледі. Науқастың алдына мағыналық байланысы әр түрлі суреттер беріледі де, солардың ішінен үш-төрт суретті іріктеп алу тапсырылады. Сөйлеу ішіндегі сөз байланыстығы түпкі ой арқылы болуына 289 байланысты, «кездейсоқ» іріктеп алынған суреттердің ішінен (мысық, қоян, кесе, үстел, орман, т.б.) белгілі бір ситуацияға қатысты заттарды көрсетуін талап етеді. Содан кейін бір семантикалық топқа кірмейтін сөздер беріледі. Есту-сөйлеу есін қалпына келтірудің келесі кезеңінде суреттер бір топ түрінде беріледі. Науқас заттардың атауының сериясын тыңдап, олардың суретін табады. Кейін осы сөздердің сериясын суретке сүйенбей отырып атауын сұрайды. Алғашқыда есте сақтауға заттардың атауын білдіретін сөздер, кейін олардың әрекетін және сапасын, соңында телефон номеріне жинақталған сандар беріледі. Сонымен қатар сюжетті суретке сүйене отырып, кейін онысыз екі, үш, төрт сөзден құрылған фразаларды есту диктант түрінде жазу жүргізіледі. Акустикалық-мнестикалық афазияның екінші нұсқасында көру елестерін қалпына келтіру үшін суреттері, пішіні ұқсас, бір-екі белгілері бойынша айырмашылығы бар (мысалы, шәйнек, кастрөл, кесе, тоңазытқыш, шкаф, сервант), бір элементінің өзгеруі немесе болмауы осы заттың қызметін, мазмұнын және белгісін өзгертетін заттарды талдаудан құрылған бір қатар жаттығуларды жүргізу ұсынылады. Элементтерін біріктіріп, заттарды құрастыру, заттардың бейнесінде қателерін табу (мысалы, қоянның құлағы қысқа, мысықтың құлағы ұзын, түлкінің құйрығы жоқ, т.б.), заттың суретін аяқтау, оның қасиеттерін және функцияларын сипаттап беру, жартылай жабық тұрған затты тану сияқты т.б. тапсырмалар беріледі. Керекті сөзді табу қиындықтарынан сөздің мағыналық шегін кеңейту, кейбір жағдайда тарылту, яғни олардың мағынасын нақтылау және жүйелеу арқылы арылады. Ол үшін сөз әр түрлі фразеологиялық контекстерде айтқызылады, сөздің көп мәнділігін, синоним, антоним және омонимдердің мағынасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі. Амнестикалық бұзылыстарын түзетудегі қол жеткізген нәтижелерін бекітудің формасының бірі - жазбаша сөйлеуінін қалпына келтіру. Сөздің дыбыстық-буындық құрамын түсінуі және фонематикалық есту қабілетінің сақтаулы болуы бірінші күннен бастап түзету – педагогикалық жұмысында жазбаша түрде мәтіндерді құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл сөздік кедейлігін және афазияның «артқы» түрлеріне тән аграмматизмдерді жоюға ықпал етеді.
