- •1.Алалияның анықтамасы, себептері, механизімі
- •2.Моторлы алалияның сипаттамасы
- •3. Сенсорлы алалиямен зақымдалған балалардың психологикалық-педагогикалық сипаттамасы
- •4.Моторлы алалияны түзету әдістемесі
- •4. Сенсорлы алалияны түзету әдістемесі
- •15. Акустикалық-гностикалық афазия
- •16. Акустикалық- мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •17. Семантикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •18. Афферентті моторлы афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •19. Динамикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •20. Акустикалық- гностикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмысының негізгі бағыттары
- •21. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
- •22. Сенсорлы алалиямен зақымдалғын балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •23. Сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Сипаттамасы, түрлері, себептері
- •24. Сенсорлы алалияны түзету жұмысының принциптері мен міндеттері, мазмұны
- •26 Мен29-сұрақтардың жауабына бірдей жауап жаздым. Нақты жауабын таппадым. Бірақ 29ға шамалы ұқсайды (сорри)
- •27. Семантикалық афазия кезінде сөйлеу тілін түсінүің қайта қалыптастыру әдістері
- •28. Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
- •29. Афазияға шалдыққан адамдарды тексеру қағидалары. Тексеруді ұйымдастыру
- •30. Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •31. А.Р. Лурияның афазияны зерттеуде сіңірген еңбегі
- •32. Алалия мәселесінің арнайы әдебиеттерде қарастырылуы
- •33. Моторлы алалия мен сенсорлы алалияны ажырату
- •34. Сенсорлы алалия мен естуі бұзылған балаларды ажырату
- •35. Моторлы алалиядан психикасы кешеуілдеп дамыған балаларды ажырату
- •36. Моторлы алалияны зияты бұзалған балалардан ажырату
- •37) Моторлы алалияны аутизм балалардан ажырату
- •38) Афазия ілімінің даму тарихы
- •39) Афазияны алалиядан ажырату
- •40) Афазияны түзету жұмысының негізгі қағидалары
- •41) Афазияның классификациясы
- •42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
- •43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
- •44 Моторлы алалиясы бар балалардың дыбыс айтуын түзету
- •45 Моторлы алалиясы бар балалардың сөзсіз функцияларын дамыту
- •46 Алалияның жіктелімі (а. Либманн, р.Е. Левина бойынша)
- •48 Моторлы алалияның сөздік симтоматикасы
- •49 Моторлы алалияның сөздік емес симтоматикасы
- •50 Моторлы алалиясы бар балаларды оқыту процесінде ойынның рөлі
- •51. Алалиясы бар балаларда сөздің буындық құрамын дамыту (а. К. Маркова бойынша)
- •52. Алалия кезінде логопедиялық жұмыста көрнекі құралдарды қолдану
- •53. Алалиясы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс барысында сөйлеу негативизмін жою жолдары.
- •54. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 1 деңгейінде
- •55. Афазияға шалдыққан науқасты бұрынғы қалпына келтіріп оқытудың психологиялық қағидалары
- •56. Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
- •57. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 2 деігейінде)
- •58. Моторлы алалияда түзету-логопедиялық ықпалдың жүйесі (жстд 3 деігейінде)
- •72Баланың сөздік қорын тексеруге арналған тапсырмаларды атап беру
- •73 Cөйлеу тілінің грамматикалық құрлымын тексеруге арналған материалдар іріктеу
- •74 Сурет бойынша әңгіме құрастыру тақырыбына логопедиялық сабақ конспектісінің үзіндісін құрастыру
- •75 Жстд бар балалармен жүргізілетін дыбыс айтуын қалыптастыруға арналған логопедиялық сабақтың конспектісін құрастыру.
- •81Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының бірінші кезеңі
- •82Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының екінші кезеңі
- •83Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзетуде фонематикалық қабылдауының қалпына келтіру жұмысының үшінші кезеңі
42) Моторлы афференті және эфферетті афазияның салыстырма сипаттамасы
Афферентті моторлы афазия қозғалу талдағышының (анализаторының) артқы постцентральді бөлігінің (7, 40-ші төменгі төбе бөліктерінің) зақымдылуынан пайда болады. Афферентті моторлы афазияның орталық механизмі болып кинестетикалық сезу түйсігі табылады. Негізгі ауытқу – артикуляциялық нәзік қимылдарының бұзылуы. Мұндай бұзылыста дыбыстарды және сөздерді айтқан кезде еріннің, тілдің керекті қалпын табу мүмкін болмайды. Бұл ауытқудың негізінде ерін, тіл қимылдарының тиісті күшін, қарқынын, кернеуін қамтамасыз ететін жүйке импульстарының адресациясы бұзылған болады. Науқастар дыбыстар мен сөздерді тез және кернеусіз айта алмайды. Сонын салдарынан жасалуы және орны бойынша ұқсас бір дыбысты екінші дыбысқа алмастырып алады. Осының бәрі ауызша экспрессивті тілдің бұзылуына ықпал етеді.
Эфферентті моторлы афазия ми қабығының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлігінің зақымынан пайда болады (44 алаң – Брок аймағы) – мидың премоторлы аймағының зақымдалуы. Бұл аймақ қимылды уақытша, бағыттық ұйымдастыруына жауапты. Сөз үшінде дыбыс пен буындардың, сөйлемдегі сөздердің синтагмалық тіркестері пайда болады. Эфферентті моторлы афазияда байланыстырып, толық, синтагмалық құрылған сөйлеу бұзылады. Афазияның бұл түрінің орталық механизмі иннервациясының ауысуының бұзылуынан пайда болған стереотиптің патологиялық енжарлығы болып табылады. Бұл артикуляциялық 297 қимылдардың бір сериясынан екіншісіне уақытылы ауысуына кедергі болады. Эфферентті моторлы афазияның клиникалық көрінісінде персеверациялар – патологиялық қайталау немесе буындарды, сөздерді, қандай болмасын әрекеттерді тапжылмай жаңғырту байқалады. Персеверациялар негізінде әрекетті тоқтату туралы дабылды кешіктіріп түсіретін процестер жатыр. Персеверациялар ауызша сөйлеу тілді қиындатады. Жеке дыбыстардың айтылуы сақтаулу болады, ауызша сөйлеу тілі дыбыстарды, сөздерді тек сериялық айту кезінде бұзылады. Персеверация салдарынан сөйлемді құрастыру және айту мүмкін емес. Буынды, сөзді, сөйлемді айтуға талпынған сайын персеверациялар да көбейеді. Осыған байланысты ауызша сөйлеу тілі толығынан жоқ болады, оның орнына бір-екі сөз жарқыншақтары –эмболалар қолданылады. Персеверация, басқа әрекетке ауысуындағы ауытқуы сөйлеу тілінің әуезділігінің (просодикасының) бұзылуының фонында жүреді: екпіннің, ырғақ-сарындылық құрылысының, интонациясының. Спонтанды сөйлеу тілінде әртүрлі штамптар мен стереотиптер жиі кездеседі.
43 Сөйлеу тілінің психикалық процесстерімен байланысы
Сөйлеу тілі бұзылысының ерекшелігімен қатар бала тұлғасының
ерекшелігі, оның қызғушылығы, компенсаторлық мүмкіндіктері ескеріледі.
Тәрбиелеу арқылы бала мінезіндегі невротикалық бұзылыстары жойылып,
саналы мақсатқа жететін тұлғаны тәрбиелеуге арналған жұмыс жүргізіледі.
Балаға кері әсер беретін қоршаған ортаның әсері жойылып, сөйлеу тілінің
ақауына және оны түзетуге арналған жұмысқа деген баланың дұрыс
көзқарасы қалыптастырылады. Сөйлеу тілінің сенсорлы және қозғалыс
мүмкіндіктерін дамытуға арналған кешенді жұмыс жетілдіріледі.
Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жұмыс жүргізіледі: балаға
сызу, бояу, байлау, баулау, мозаикадан және геометриялық материалдан
әртүрлі ою-өрнектер құрастыруға үйрету қажет. Балалардың қол
саусақтарының дамуы артта қалса, олар дың сөйлеу тілі дамуы да артта
қалатыны бәрімізге мәлім. Қолдың қимылдары жаттықтырылған сайын
сөйлеу тілінің жағдайы жақсарады.
Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде сөйлеу тілінің психофизиологиялық
негізі қалыптасады, іс-әрекетпен қатынасқа көзқарасы белгіленеді, бала
қатынасқа түсуге дайындалып, қажеттілігі дамиды. Балада сөйлеуінің
мотивациялық негізін қалыптастыру, сөйлеу тілі және психикалық
белсенділігін, еліктеу іс-әрекетін және қайталау әрекетін дамыту маңызды. .
Іс-әрекеттің себебін (мотивін) және ойын айтудың бағдарламасын
ұйымдастыру сөйлеу тілін дамытуға бағытталған қажетті база құрайды (олар
өз бетінше алалиясы бар балада қалыптаспайды). Ол базаның негізі болып
табылатыны - ол предикативті жүйесін дамыту және грамматикалық
құрылымның элементтерін меңгеру. Сөйлеу тіл бұзылыстарымен қатар
сөзсіз бұзылыстар да түзетіледі; талдау мен жинақтау процестерін, зейін, есте
сақтау, қабылдау, жалпылау, салыстыруды дамыту жүргізіледі. Олар сөйлеу
тілін дамытуға қажетті фундаментін құрайды. Балаға заттарды пішіні,
көлемі, түсі бойынша ажыратуға, атауға, жүйелеуге үйретеміз, ол үшін
әртұрлі ойындар қолданады. Заттардың басқа заттарға қатысын, кеңістікте
орналасуын (үстінде, ортасында) белгілеп атауға үйрету қажет.
